Мазмұны
Кіріспе
|
5
|
1 Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілік мәселелерін зерттеудің ғылыми - теориялық негіздері
|
8
|
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілік мәселелерінің зерттелу жайы
|
8
|
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгермеушілік себептері
|
17
|
1.3 Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетіне сипаттама
|
22
|
1.4 Үлгермеушіліктің алдын алу
|
27
|
2 Бастауыш сынып оқушылары үлгермеушілігінің алдын алу бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижесі
|
30
|
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының ойлау өрісі дәрежесі мен оқу мотивациясын анықтау
|
30
|
2.2 Үлгерімі нашар балаларды жетілдіру жұмысының өткізілуі
|
62
|
2.3 Дамытушылық эксперименттің анализ нәтижелері
|
68
|
Қорытынды
|
72
|
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
|
74
|
Қосымша А
|
77
|
Қосымша Ә
|
79
|
Қосымша Б
|
81
|
Қосымша В
|
82
|
Қосымша Г
|
83
|
Қосымша Д
|
84
|
Қосымша Е
|
85
|
Кіріспе
Еліміздің экономикалық, әлеуметтік – мәдени саласы өскен сайын, қоғам дамуының барлық саласындағы болып жатқан өзгерістерге сай білім беру саласы да өзгеріп жаңару үстінде. Бұрынғы кенестік дәуірде туып – өскен адамдардың түсіне кірмеген ақылы оқу жүйесі пайда болып, мемлекеттік және мемлекеттік емес білім ордалары қатар дамып, өсіп өркендеу үстінде. Олардың барлығы да қоғамның сұранысына сай ақыл-ойы кемелденген іскер де білімді шәкірттер даярлап шығаруға ат салысады. Осы орайда білім ордасаның табалдырығын жаңа ғана аттаған жас бүлдіршіндердің дүние танымын қалыптастыру, жеке тұлға ретінде қасиеттерін шыңдап тәрбиелеу барысында бастауыш білім сатысының орны ерекше екенін айтпасақ та белгілі. Дегенмен, бүгінгі дәстүрлі білім жүйесі өзінің айтарлықтай нәтижелілігіне қарамастан, қоғамның өте жылдам, тез қарқынмен өзгеріп жатқан үрдістерінің аясында дағдарысқа ұшырап қалатыны да рас. Бұрынғы қолданыста жүрген оқу бағдарламалары мен оқулықтар оқытудың негізгі мәні адам тәрбиесі, жеке тұлғаның қалыптасуы екеніне жеке көңіл бөлмегенін де енді аңғарып отырмыз. Себебі дәл қазіргі уақыт, ең алдымен адамның ақыл-ойы мен қабілетіне қойылар талапты өте күшейтіп жіберді. Білім таяз адамдар бұдан былай өмір ағымына ілесе алмайтын өмір тәжірибесі көрсетіп отыр. Ендеше бұдан шығатын қорытынды: мектепте оқушының жеке тұлға ретінде дамуы мен тәрбиеленуіне тікелей ықпалы тиетін жаңаша көзқарастарды батыл енгізу қажет. Бұл тұжырым Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында айқын көрсеткен: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және жалпы адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдайлар жасау».
Көптеген мектептерде мемлекеттік білім стандарттарын енгізумен қатар жаңа пәндердің көптеп қосылғандығы, авторлық білім беретңн және тәрбиелік бағдарламалардың жиі қолданатындығы, халықаралық білім беру бағдарламаларының игеріліп өз нәтижесін беріп жатқандығы кеңінен мәлім. Мұның барлығы шәкірттермен жұмыс істейтін әр типтегі барлық білім беру мекемелеріндегі балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие саласын жетілдіруге бағытталған.
Қазіргі заманғы қоғам дамуының әрекеті, әлемдік және отандық педагогика, психология ғылымдарының жетістіктерін, әсіресе, дамыта оқыту, оқушылардың даму ерекшеліктері туралы проблемалар, ұзақ жылдар бойы екшеліп жинақталған мектептің озық тәжірибесі негізгі мектептің бастауыш сатысында білім беру мақсатының приоритеттерін түбегейлі өзгерту қажеттігін туғызып: бірінші кезекке, бұрынғыша оқушыны пәндік білім, білік, дағдыларының белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде оқушылардың жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылды. Білім беруде оқушының тәрбиесі мен дамуына приоритет берілуі, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Білім Заңы мен Қазақстан Республикасындағы Жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдамасына орай мектеп құрылымы мен оның қызметіндегі өзгерістер оқушыларға сапалы білім беруді талап етеді.
Мектептегі оқу жұмысының сапасы мұғалімнің оқушылардың оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыра білуіне, оның тиімділігін мейлінше жетілдіре білуіне байланысты болады. Оқушылар әрекетінің ең басты және жетекші түрі – оқу. Ол алдын-ала жасалған жоспар мен бағдарлама бойынша мұғалімнің басшылығымен жүйелі түрде іске асырылып отырылды. Сондықтан, оқу басқа іс-әрекеттерге қарағанда, оқушылардың таным қабілетін дамытады, дүниеге адамгершілік көзқарасын бірте-бірте қалыптастырады. Оқу – баланың өзінің танымдық белсенді әрекеті.
П.П.Блонский өзінің «Қиын оқушылар» атты еңбегінде үлгермейтін оқушылардың типтерін физикалық және психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты бөліп қарастырған.
Үлгермейтін оқушылардың типологиясы бойынша құнды материал Л.С.Славинаның «Үлгермейтін және тәртіпсіз оқушыларға жеке ықпал ету» кітабында бар. Бұл еңбекте үлгермейтін оқушылардың топтары, үлгермеушіліктің негізгі себебі анықталған.
Б.Г.Ананьев ғылымында педагогикалық процестегі бағаның ролі көп жақты зерттелді.
В.С.Мерли (1959) «Жеке тұлға психологиясының очеркі» еңбегінде кейбір оқушыға, мына жұмысты жақсы орындадың деген жеткілікті. Ал басқаның жұмысын осы түрде бағалағанда, ол жеткіліксіз, оған үлкен баға қажет екені анықтады.
Ғалым-педагог Л.В.Занков: «Оқыту оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуі қажет», – дейді.
Көрнекті психолог Л.С.Выготский: «Жақсы оқыту деп, ол баланың дамуынан ілгері жүретін, оны жетекке алатын оқытуды айтады» – деп тұжырымдайды.
Оқушының жұмысты шығармашылықпен ойлауы, оны істей білуі мен танымдық белсенділігін арттыру – қазіргі кезде барлық мұғалімдер қауымын толғандырып жүрген мәселелердің бірі. Бұл сабақта оқыту жүйесіне жоғары талап қоюды қажет етеді.
Философия тұрғысынан танымға мынадай анықтама берілген. «Таным – ойдың білмеуден білуге қарай дәл емес, білуден неғұрлым толық дәл білуге қарай ұмтылатын ой-өрісінің күрделі үрдісі». Адам танымы байқаудан нақты аңғарудан заңдарды теория жүзінде ашуға, сонан кейін ол заңдарды теория практикада қолдануға қарай жүріп отырады.
Практика тұрғысынан оқушылардың танымы - өзіне тән ерекшелігі бар күрделі психикалық үрдіс. Оқушылардың нәтижелі оқуына әсер ететін сыртқы және ішкі күштер немесе себептер болады. Оқушылардың білім алуды ілгері қарай бастауына себепкер болатын негізгі күш түрлі қайшылықтар. Бала білмеуден білуге қадам басқанда әр түрлі қиындықтар мен қайшылықтар кездеседі, оларды шешу, жеңу нәтижесінде оқу міндеттері жүзеге асырылады. Оқыту үрдісіндегі ең негізгі қайшылық, ол – педагогикалық міндет талаптармен оқушылардың мүмкіндіктерінің білімі мен дағдысының және дамуының қазіргі деңгейі арасындағы қайшылық.
Зерттеу тақырыбы: Математика пәні бойынша кіші мектеп жасындағы балалардың үлгермеушілігін алдын-алу жолдары.
Зерттудің мақсаты: Бастауыш мектептердің оқыту үрдісінде үлгермеушілікті болдырмаудың әдіс – тәсілдерін пайдалану теориялық тұрғыдан негіздеу және педагогикалық эксперименттік жұмыста үлгермеушілікті болдырмау жолдары тиімділігін жолдарын көрсету.
Зерттеудің міндеттері:
1. Жалпы орта білім беретін мектептердің оқыту үрдісінде үлгермеушілікті болдырмаудың жолдарын іздестірудің теориялық негізін анықтау;
2. Оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін пайдаланудың мәнін және негізгі бағыттарын айқындау, педагогикалық шарттарды негіздеу;
3. Педагогикалық эксперимент арқылы үлгермеушілікті болдырмау жолдарының тиімділігін анықтау.
Зерттеу объектісі: оқушылардың үлгермеушілігі
Зерттеу пәні: Оқыту процесінде үлгермеушілікті болдырмау жолдары мазмұны.
Зерттеудің болжамы: Егер, оқушылардың үлгермеушілігін дер кезінде алдын алсақ және оқытудың тиімді жолдарын іздестіріп, жаңа формаларды, технологияларды қолдансақ онда олардың оқу процесі жақсарады.
Зерттеу әдістері: ғылыми әдебиеттерді талдау, саралау, байқау және т.б.
Зерттеу базасы: Екібастұз қаласының № 18 жалпы орта білім беру мектебі
1 Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілік мәселелерін зерттеудің ғылыми - теориялық негіздері
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілік мәселелерінің зерттелу жайы
Үлгермеушіліктің себебін және алдын-алуын зерттеу негізінде екі терминді қолданамыз: «үлгермеушілік» және «артта қалушылық». Әдебиеттер мен тәжірибелердегі мәліметтерге сүйене отырып, бүл түсініктерге қандай да бір анықтама беруге болады. Үлгермеушілік негізінде оқушылардың дайындығының оқу процесінде бір тақырыптың оқылуына арналған сабақ немесе оқу тоқсаны, жарты жыл, жыл талаптарына сәйкес келмеушілігі түсіндіріледі.
Артта қалушылық дегеніміз - бүл белгілі бір уақыт аралығында талаптар мен тапсырмалардың орындалмауы. Үлгермеушілік пен артта қалушылық өзара тығыз байланысты. Үлгермеушілікте өнімдегі сияқты жеке артта қалушылықтар синтезделген - бүл артта қалу процесінің қорытындысы. Соңғы есеп бойынша көп бейнелі артта қалушылық үлгермеушіліктің бір-біріне шатасып, олардың төзе алмайтыны көрсетілген. Үлгермеушілікті алдын-алу міндеті - жеке артта қалушылықтардың одан әрі дамуына жол бермеу ескертілген.
Біздің зерттеулерімізде біз психологиялық негізгі себебіміз мектептегі үлгермейтін балалардың денсаулығы мен психикасын қарастырамыз. Бүл жерде оқушыны қандай да бір себепке байланысты (ауру, үй жағдайы) оқу тәртібінде және қандай да бір бөлімді игермеуіне байланысты оқушылардың қанағаттанарлықсыз баға алудағы жеке жағдайларға емес, түрақты үлгермеушілік туралы сөз болады. Біз үлгермеушіліктерге үштіктерді сонымен қатар, мектептегі бағдарламаны меңгеру мәселесіне сапасыз үстіртін қарайтындарды жатқызамыз. Сонымен, үлгермеушілік білім мазмүнының оқушылардың мүқият оқу бағдарламасын меңгеру деңгейімен салыстырғанда өте төмен болып саналады. Үлгермеушілікті қанағаттанарлықсыз бағамен теңестіруге болмайды. Үлгермеушілік түлғаның тәрбиеленуімен жалпы мәдениеттің маңызды жеткіліксіздіктерінен байланысатын аса кең көрініс пен сипатталады. Үлгермеушіліктің жойылуы екі жол арқылы жүзеге асады: алдын-алу жолы жәэне үлгермеушілікті жою жолы.
«Үлгермеушілік» түсінігі мен «артта қалушылық» түсінігі тығыз байланысты. Артта қалушылықтың белгілерін анықтау үшін сүрақ-жауаптың әртүрлі амалдары пайдаланылады, жүмыс кезіндегі бақылау және сабақтарда оқушылардың эмоционалдық реакцияларынан байқауға болады. Артта қалушылықты жеңіп шығуға мүғалімдердің кеңес берулері, топтағы қосымша сабақтар, артта қалғандарды белсенді оқитын сыныптастарының сабаққа тартуы көмектеседі. Білімдегі дифференциациялаудың кемшіліктерімен негізделген оқушылардың физикалық жағдайы нашар болатын сияқты т.б. Үлгермеушілікті жеңіп шығу үшін екі немесе үш оқу пәндерінен жылдық баға бойынша қанағаттанарлықсыз бағаға ие болған оқушыларды шартты түрде көшіру қолданылады. Бұл әдіс оқушылардың өздерінің және олардың ата-анасының оқу нәтижелеріне жауапкершілігінің артуын көрсетеді.
Үлгермеушіліктің негізгі симптомдары ретінде педагогтар мен психологтар келесі сипаттамаларды бөліп көрсетеді:
- өз қатарластарымен салыстырғанда оқуға, санауға немесе басқа мектеп тапсырмаларын орындауға қабілетсізділігі;
- тапсырманың уақытында орындалуына көңіл бөлмеу;
- мектептегі көптеген пәндерден нашар баға алуы;
- үй тапсырмасын орындауға деген ұмытшақтық;
- бала үй тапсырмасын орындамаса да, оның орындалғаны туралы айтады немесе үй тапсырмасы берілген болса да, мұғалімнің ешнәрсе бермегендігін айтады;
- бала сабаққа жеңіл қарайды;
- бала жаман бағалары бар күнделікті көрсетуді «ұмытып қалады»;
- бала істі бастаса, оны толығымен аяқтамайды;
- оқушы мектепке барудан бас тартады;
- мектепке барып тұрып, сабаққа қатыспайды;
- мектепте «ауырдым» деп өтірік айтады;
- тапсырмаларды түсінуді қиналады және оқымайды;
- тұйық, оның достары өте аз;
- өзінің жастық деңгейіне сай келетін тапсырмаларды жүйелеуге қабілетсіз;
- мұғалімдердің көмегінсіз және қолдау тарапынсыз тапсырманы өзінің жасына тән орындай алмайды.
Жоғарыдағы көрсетілген симптомдардың көпшілігі оқушыда мүмкіндігінше онда мектеп үлгермеушілігінің қалыптастырғанын көрсетеді. Әлеуметтік қоршаудағы баланың үлгермеушілігінің психологиялық сипаттамасы келесіден көрінеді: жалпы мектептің педагогтары мен психологтарына мектеп бағдарламасын толық меңгере алмайтын балалардың мінез-құлқының бұзылуымен және тәртіпсіздігімен ерекшеленетіні белгілі. Үлгерімі төмен оқушылардың психикалық дамуының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу диогностикалық психологиялық эксперимент толық биографиялық зерттеу, сабақтарда және сабақтан тыс іс-әрекетте мінез-құлқын бақылау ата-аналарымен және мұғалімдермен сұхбаттасу - ғалымдар оқушылардың тұлғалық дамуының қалыптасуының бұрмалануына әсер ететін бірқатар жағдайларды көрсетеді [1, 75-135 б.].
Теріс мінез-құлқының қалыптасуының бірінші және ең маңызды фактор ретінде оқуға деген немқұрайлық, қандай да бір оқу жұмысына деген үлгерімі төмен баланың жек көрушілігі болып табылады. Материалды меңгерудегі қиындықтар сәтсіздіктерді үнемі сезінушілік мынаған алып келеді: мұндай балалар сабақтарды орындау процесінен қашады, дәптерлерін жыртады, кітаптарын тығып қояды, мектептің талаптарына жауап беруге қиналады. Олар сабақтарға қатысуды қояды, үйдегілеріне өтірік айтады, «сабақтан ешнәрсе берілген жоқ» деп алдайды, ал мектепте «кітаптарымды үйде ұмытып қалдырдым» деп сылтаулар көп айтады. Осы іс-әрекеттерден оқудың бір жылдық көлемінің өзінде-ақ мінез-құлқынының теріс жағы айқындала түседі. Екінші сынып оқушылары көлемінде келесі фактор оқушылардың мұғалімдермен конфликттік қарым-қатынастары қосылады. Бір қарағанда бұл қарым-қатынастар жағымсыз іс-әрекетті көрсететін секілді, педагогтардың үлгерімі төмен балаларға үстіртін қарайды дейтін пікір қалыптасады. Мұғалімдер оларға қатал қарайды, оларға айқайлайды, намысына тиетін ескертулер айтады, ата-аналарына шағымданады және т.б. Мұндай іс-әрекеттерге мұғалімдер көмегінсіз оқудағы минималды жетістіктері бар балалар жұмыс істеуге қабілетсіз болып саналады. Онда барлық сөйлемдер қолданылады: педагогтар дауысын көтеру арқылы ескертулер мен үлгерімі төмен оқушылардың назарын аудартуға, оларды оқу жұмысына қосуға тырысады, сабақты орындауға талпындырады. Тұрақты конфликттік жағдайлардың әсерінен үлгерімі төмен балалар аз уақыттың ішінде ашық түрде сабақтан шығып кетуге, оқушының мұғалімге сөз қайтара бастауы оқу процесінің бұзылуына алып келеді.
Тұрақты үлгерімі төмен оқушылардың ата-анасына деген аналогиялық мәселелері туындайды. Ата-аналарының мінез-құлқы қиын және қарама-қайшылықта болады. Үлгерімі төмен оқушылардың ата-аналары көбінесе мектепке жала жабады, оқу бағдарламасын дұрыс оқытпайды деп мұғалімдерді кінәләйды, бірақ та формалды емес жағдайды бақылағанда осы ата-аналар балаларын оқу мәселесімен сөгіп ұрысады. Шаршаулы балаларды мектеп сабағынан кейін дереу үй жұмысын орындауын талап етеді, физикалық жазалауларды қолданады. Осының нәтижесінде ата-аналары балаларының өздеріне деген сенімдерінен айрылады, күнделікті конфликттермен үйдегі жағдайдың қиындау себебімен олардың үлгермейтін оқушыларды көшеге кетуге мәжбүр етеді.
Мұғалімдер мен ата-аналардың үлгерімі төмен оқушылардың арасындағы конфликттерден кейін олар агрессивті үлгерімі төмен жөнге келмейтін, зұлым және құрдастарына деген осындай қарым-қатынас көрсетеді. Кіші мектепте аса дамыған, ақылды, алдыңғы қатардағылары (мұғалімдер мен ата-анасының үлгермейтіндерге қатынасын көріп) өздерінің жек көрушілігін көрсетуге тырысады. Ол оқушылардың оған жауабы 6-12 айда көріне бастайды, оларға қатал шаралар қолданады. Үлгерімі төмен оқушылар төбелеседі, боқ ауыз сөз айтуға құмар болады, заттар ұрлайды, сабақтан қашады. Үлгермеушіліктің мәселесі қазіргі қоғамның негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл мәселені қарастыруда тек педагогтар мен психологтар ғана емес, сонымен қатар деффектологтар, психо-неврологтар, әлеуметтік педагогтар, ата-аналары баланың дұрыс гормониялық тұлға болып тәрбиеленуіне барлығы үлес қосуы қажет [1, 177-213 б.].
Ал, енді оқу үлгермеушілігінің психологиялық себептерін қарастыратын болсақ, жалпы, бала психологиясы, педогогикалық психология, педагогика, деффектология бойынша әдебиеттердің теориялық талдауы мектептегі үлгермеушіліктің салдарын анықтаудағы түрлі тұрғыларды көрсетті. Біз әртүрлі әдебиеттерде көрсетілген мектептегі үлгермеушілікке жетелейтін себептер тізімін мынадай топтарға бөліп қарастырамыз.
Бірінші топ себептер:
• ата-аналарының педагогикалық мәдени деңгейінің төмендігі;
• жанұядағы жайсыз жағдайлар (дау-жанжалдық адамгершіліктерге жат ата-анасының мінез-құлқының әлеуметтенбеуі);
• баланың жанұядағы іс-әрекетінің және өмірінің нақты ұйымдастырылуының жоқтығы, тұрмыста баланың қараусыз қалуы;
• балаға қойылған талаптардың бірыңғай жүйелілігінің бұзылуы;
• балаға деген бұрыс қарым-қатынас (тұлғаны басып тастау физикалық жаза еркелетіп жіберу, шектен тыс қадағалау);
• баланы мектепке оқуға дайындаудағы талаптарды білмеу немесе орындамау, оқудағы көмек көрсету.
Екінші топ себептер:
• жанұядағы баланың тәрбиелену жағдайын педогогтардың аз білуі.
• ата-аналарды психологиялық-педагогикалық дайындауы мен аз жұмыс істеуі.
• оқушыларды мектепке дайындығы жеткіліксіз дифференсациясы (білім алуының ұйымдастырылуы)
• оқушының өнегелік дамуында және мінез-құлқындағы ауытқуын жеңудегі жекедара жұмыстың әлсіздігі.
• олардың мінез-құлқымен іс-әрекетін жағымсыз ынталандыратын әдістеменің көптігі.
• баланың ауырлықты жеңілдетін эмоциялық күйінің ескерілмеуі.
• топтағы (сыныптағы) тұлғааралық қатынастардың басшылығының кемшілігі.
• жанұяның, бала-бақшаның, мектептің бала үлгермеушілігін жоюдағы байланысының жүйесіздігі.
Үшінші топ себептер:
• баланың (оқушының) жалпы дамудағы артта қалуы (кемтарлық) қоршаған ортаға бейімделуінің әлсіздігі;
• науқастық;
• өнегенің тәрбиеленбеуі;
• мінез-құлықтағы және қарым-қатынастағы білімнің, ептіліктің, дағдының кемшілігі, жетекші іс-әрекет түрінде дайындықтың болмауы.
Бөлініп алынған әлеуметтік-психологиялық, педагогикалық себептер топтарына медициналық сипаттағы себептерді де қосуға болады. Олардың арасында:
• ойынның кемтарлығы;
• анализаторлардың парциалды деффектілері (есту, сөйлеу, моторика, дисграфия);
• ой жұмысы қабілетінің бұзылуы (церебрастениялық күйлердің нәтижесінде). Бұл бұзулардың барлығы бас миының жеңіл органикалық кемтарлығының минималды ми диффузиясынан, орталық жүйке жүйесінің биологиялық кемістігінің көрінуінің әр түрлі деңгейінің салдарынан туындайды. Олар балалар миындағы қан айналымның жеткіліксіздігінен, ішкі бас сүйек қысымының көтерілуінен, бас сүйек миының жарақаты нәтижесінде, психосоматикалық аурулардың ауыр және ұзақ болуынан миға әсер ететін инфекциялық ауруларда (мененгит, инцефалит, ревматизм) пайда болады. Мұндай бұзылулардың көрсеткіштері: бастың ауруы, қозғалыстың бұзылуы, шаршау, зейіннің тұрақтылығының жетіспеуі, сенсорлы тітіркендіргіштікті жақтырмауы (қатты дауыс, жарық), ұзақ ой шиеленісіне қабілетсіздік, оқу материалын игеру темпінің төмендеуі, бір тапсырмадан екінші тапсырмаға ауысудың баяулығы, есте сақтаудағы қиындықтар. Кез-келген нақты жағдайдағы мектеп үлгермеушілігі бірден қосарлануы мүмкін. Кейбір жағдайларда оқушының бастапқы үлгермеушілік себебіне жаңадан, екінші себептер қосылады. Бұл себептер әр түрлі болуы мүмкін. Өйткені, оқушылар өздерінің үлгермеушілігіне түрліше қарайды [2, 13-36, 44-62 б.].
Алғашқы кезеңде, яғни кіші мектеп жасындағы үлгермеушіліктің жағымды жағы болып оқушының қоғамға деген қызығушылығының тууы болып табылса, ал жағымсыз жағы - оқушынның барлық іс-әрекетті толығымен орындауға уақытының және шамасының жетіспеуінен, оның өз үлгрмеушілігін сезіп, мұғалім тарапынан төмен баға алуға қорқып, уайымдауының пайда болуы. Оқудағы артта қалушылық олар үшін жаман баға алу болып есептеледі.
Үлгермеушіліктің негізінде жатқан психологиялық себептердің көпшілігін 5 топқа біріктіреміз. Сонымен мектептегі үлгермеушіліктің негізгі себептері мыналар:
1 топ – жүйке жүйесіндегі жекедара психикалық ерекшеліктер;
2 топ - таным әрекетіндегі жетіспеушілік;
3 топ – мотивациялық сфераның дамуындағы кемшіліктер;
4 топ - өзін-өзі бағалау мен талаптану деңгейінің теңсіздігі;
5 топ – оқуға басқалардың жағымсыз әсерінің болуы.
1. Оқудағы қиындықтар факторы ретінде жүйке жүйесінің жекедара психологиялық ерекшеліктері.
Баланың табиғи ерекшеліктері тікелей оқудағы артта қалуының себебі емес, бірақ оқушының тұрақты жекедаралық ерекшеліктерін теңбе-тең пайдаланбау нәтижесінде осыған әкеп соғады. Бұл ерекшеліктер отандық психологияда жүйке жүйесінің қасиетінің типологиясы ілімімен байланысты зерттелген. Ал қазіргі көзқарас бойынша жүйке жүйесі қасиетінің табиғаты генетикалық, яғни адамның өзгермейтін тұрақты мінездемесі болып көрінеді. Бұл факт педагогикалық процесс жекедара-типологиялық ерекшеліктерді ескермей қалуға болмайтынын білдіреді. Жүйке жүйесі қасиеттерінің ішінде ғалымдармен кеңірек зерттелінген және адамның оқу процесіне елеулі әсер ететіндер ретінде жүйке жүйесінің күші, динамикасы деген қасиеттер бөліп қарастырылған.
Жүйке жүйесінің күші оның тітіргендіргіштіктерге төзімділік, кедергіге төзгіштік, жұмысқа қабілеттілік арқылы суреттеледі. Күшке қарама-қарсы полюс - жүйке жүйесінің әлсіздігі. Жүйке жүйесінің әлсіздігі адамның еңбекке қабілеттілігінің төмендігінен тітіргендіргіштіктерге деген тұрақсыздығымен ерекшелінеді.
Оқушының табиғатынан әлсіз инертті болуы оқу үлгеріміне кері әсерін тигізеді (З.И. Калмыкова). Жеке оқу тапсырмасын орындағанда бір жеке пәннен қинауы немесе оңай оқуы мүмкін, бұл жүйке жүйесінің қабылдау ерекшеліктеріне байланысты. З.И. Калмыкова зерттеулерінде оқушылардың оқу тапсырмасын орындағандағы жүйке жүйесінің әлсіздігі келесілерден көрінеді:
1) материалдарды әлсіз меңгеру, қателерді жиірек жіберу, тез шаршау жұмыстағы ұзақ қысымнан көрінеді;
2) бақылау және өзіндік жұмыстарын жазғандағы жауапкершілік, жүйке жүйесінің эмоциялық қысымын талап етеді;
3) кейбір жағдайда мұғалім оқушыларға жоғары темппен сұрақ қойғанда, олардан жылдам жауап та талап етіледі;
4) жұмыс шартында кейде мұғалімдер оқушыларға көптеген жағдайда сұрақ қойып, олардан нақты жауап талап етеді;
5) сәтсіз жауаптың соңынан жағымсыз баға алынады;
6) мұғалімнің жұмыс жағдайында жоғары талапты қоюы;
7) жұмыс кезінде зейіннің бөлінуін талап етеді, мысалы, мұғалім оқушыларға сабақ түсіндіргенде тақырыптан өтіп кеткен материалдардан сұрақ қояды, не жаздырады;
8) жұмыс кезінде шудың болуы.
9) жұмыс кезінде оқушы мен мұғалімнің ұрысуы;
10) оқу процесінде педагогтың сабақты дұрыс басқармауы.
2. Оқу іс-әрекетінің жетіспеушілігіне танымдық кемшіліктердің тәуелділігі.
Екінші топтың себептерін талдай отырып, біз оқушының нашар түсінгендігі, мектеп пәндерін сапалы меңгермегендегі, оқу әрекеттерін қажетті деңгейде орындай алмағандағы жағдайларға тоқталамыз.
Екінші топтың арасынан екі психологиялық себептерді бөліп қарастырамыз:
1) оқу іс-әрекетінде оқу тәсілдердің қалыптаспауы.
2) баланың психикалық процестерінің дамуында ойлау сферасындағы кемшіліктердің болуы.
Оқу іс-әректеінің ережелерінің дұрыс қалыптаспауы, оқушының үлгермеушілігінің ерекшеліктерінің айырмашылықтарын қарастырамыз. Мұндай оқушылар шындап келгенде оқи алмайды. Мектепке барғанда бала көбінесе жаңа материалдарды оқығанда, өз бетінше жұмыс істей алмайды. Егер оны жақсы әдет-дағдыларға үйретпесе, кейіннен ол өз бетінше бұрыс, тиімді емес дағды-тәсілдерді үйретіп алады [3, 13-32, б.].
Үлгермеушілік оқу жұмысының адекватты әдістерімен байланысты таңдамалы сипатқа ие және мектеп бағдарламасындағы белгілі бір пәндер игеріледі, сондай-ақ ол жалпы барлық оқу дициплиналарын меңгергенді көбірек көрінуі мүмкін. Оқушыларда инерттіліктің пайда болуындағы қиындықтар келесі жағдайлардан көрінеді.
- Мұғалім сыныпқа тапсырманы әр түрлі мағынада немесе түрлі амалдар арқылы шешу үшін беріледі.
- Мұғалім сыныпқа жоғары темппен нақты түсіндірсе, онда ол оқушыларға жеткілікті болады.
- Жұмыс мерзімінің шектелгендігі, тапсырманың дер кезінде орындалмағаны оқушының жаман бағаға ие болуын көрсетеді.
- Оқушы мен мұғалімнің бір-бірімен келіспеуі.
- Сабақ кезінде зейіннің басқаға аударылуы.
Бұл үлгерімінің психологиялық себептері бақылаушыда ашық және жабық түрде көрінеді. Бұл себептер оқушының оқу тапсырмасын орындағанда көп қатерлердің болуы, зейін мен естің ерекшеліктеріне және ойлау тәсілдерінің көрінеді. Көптеген мұғалімдер барлық оқушыларға бірдей түсіндіре алмайды. Сабақ түсіндіру барысында барлық оқушыларға бір әдіс бойынша түсіндіреді, ал қалғандары біреуі тез, біреуі баяу, тіпті түсінбейтін оқушыларда көп кездеседі. Психолог З. И. Калмыкова «білімділік» түсінігін кім қалай түсінсе, білімді солай түсінеді деген. Білімділік адамның интеллектуалды ерекшеліктеріне байланысты, оқу үлгеріміне әсер етеді. Оқушының білім алуына әсер ететін психикалық процестердің негізгісі ойлау болып табылады. Мектептегі үлгермеушіліктің психологиялық себептерінің ішінен кең таралған бұл ойлаудың дамуындағы кемшіліктер. Психолог Н. И. Мурачковскийдің зерттеулерінде үлгермейтін оқушылардың зейіні мен есін зеттеуге кеңірек көңіл бөлді. Ол әлсіз үлгеретіндердің есте сақтауы көбінесе олардың өмірлік дағдыларына сәйкес келетінін бақылады. Әлсіз үлгеретіндердің есте сақтауы көбінесе олардың өміріне дағдыларына сәйкес келетінін бақылады. Әлсіз үлгеретін оқушылардың рационалды есте сақтауы жоқ, себебі олардың ойлауының дамуындағы ерекшеліктері бір-бірімен үзіліссіз байланысты [2, 75-88 б.].
3. Мотивациялық сфераның дамуындағы кемшіліктер – бұл көбінесе баланың алғашқы мектепке келгеннен бастап көрінеді. Бұл оқушының оқуға деген ережесі қандай болса , мұғалімнен талап ету бағасы солай болады. Оқушының оқудағы қиындықтарымен қақтығысуы бұл-оқу ісі әрекетіндегі жағымсыз (нашар) бағаны алғаннан кейінгі оқуға деген тілегінің біртіндеп сөнуі. Оқушының мотивациялық сферасындағы дамуындағы өзгерістердің болуы, бұл оқушының жаман баға алуы, білімді меңгерудегі қабілеттің төмендеуіне алып келеді. Оқушының оқу іс-әрекетінде мектептегі пәндерге көңіл бөлуі, мұғаліммен тұлғааралық байланысты көрсетеді.
60-шы жылдары зерттелген Кэттелл мен Сили және Сдени (1966) зерттеулерінде тұлғаның үлгерімі мотивациямен тығыз байланыстылығын көрсетеді, олардың зеріттеулерінде оқушылардың интеллектісі -21- 25%, тұлғалық қасиеттері - 27- 36 % ал, мотивациясы - 23 -27%-ды көрсетті
Мотивация жаңа материалды меңгереді адамның мінез-құлқының белсенділігі мен бағыттылығынан көрінеді. А. Н. Леонтьев зерттеулерінде мотив - бұл «сабаққа деген қажеттілік ». Оның көрсетулерінде қажеттілік бұл қабілетті қанағаттандыру керек, мысалы, оқу жұмысында жаңа ақпаратты білгені бұл жоғары бағамен бағалауы оқудағы мотивтер эмоциясымен тығыз байланысты. Оқушының оқуға деген мотиві оқу жұмысына қатынасын анықтайды. Оқушының оқу іс- әрекетіндегі танымдық , қызығушылығы мектепке деген жағымды қатынасты көрсетеді. Оқушының материалды төменгі сапада игеруі, психикасының даму темпінің баяулауы, бұл мектепке деген жағымсыз қатынасты қалыптастырады. Оқушының оқу іс -әрекетіндегі басты себебінің бірі оның оқуға деген әлсіз үлгерімі болса, онда оқушыда тұрақты жағымды мотивацияны қалыптастырады [4, 28-31 б.].
Мұғалімдер мен психологтар оқушының бойында оқуға деген қызығушылықты, тұрақты мотивацияны, сәттілікке деген жетістікті қалыптастыру керек. Мектептегі үлгермейтін оқушылардың өзін- өзі бағалау деңгейінің жоғарғы болуы- бұл жақсы қасиетті көрсетеді, себебі оқушының өзіне сенушілік қасиеттерін жояды.
Мектептегі үлгермеушілікті жою үшін, оқушының оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру керек. Психологтар үлгермейтін оқушылардың танымдық сферасындағы қызығушылықтарды әлсіз, тұрақсыз деп сипаттайды. Үлгермейтін оқушылардың танымдық сферасындағы қызығушылықтар дөрекілік мінезден көрінеді. Оқуға деген қызығушылықты қалыптастыру үшін алдымен, қарапайым қызығушылықтан бастау керек. Оқушының қызығушылығын дамыту үшін, алдымен ерік дағдысынан көңіл бөлу, экскурцияға апару, тәжірбиелік әрекеттерді көрсету және т.б. Көптеген зерттеулер нәтижесінде жеке адам өзінің оқу қабілеті мен үлгерімін тығыз байланыстырып көрсетеді.
Бруковер, Томс және Паттерсон (1964) зерттеулерінде оқушының өзінің оқуындағы қабілеттерінің көрсетуін және басқалардың бақылауын маңызды екенін оқушы үлгерімі мен байланыстырып қарастырады. Осы зерттеулерден келесі нәтижелерді шығарады:
1.Оқушының өзің оқуға деген қабілеттігі мен үлгерімі жағында, маңызды корекциясын көрсетеді. Бұл интеллектіге тәуелді болады.
2.Оқушының оқудағы қабілеттік түрлі сабақтарда жалпы бағалауларымен ерекшеленеді.
3.Оқушы өзінің қабілеттерін коррекциялау барысында басқалардың ол туралы бағалауын ескереді.
Комбс (1964) оқушының қоршаған ортаға деген өзара байланысында өзін-өзі тәрбиелеуі оқу үлгерімі мен ерекшеленетіні зерттелді. Эксперемент барысында балалардың интеллект деңгейін орта деңгейден жоғары екенін көрсетті. Үлгермейтін оқушылардың сезімдері адекватты емес, олар айнадағыларды үлкендер мен құрдастарын өзіне жағымсыз қарым-қатынаста деп ойлайды. Комбс зерттеуінде үлгермейтін оқушыларды тәрбиесі, қабілетті балаларға қарағанда эмоциясы жақыннан ерекшеленетінін көрсетті.
1956 жылы Уолш үлгермейтін оқушылардың интеллектісі орта деңгейден жоғарланғанын эксперимент барысында көрсетті. Үлгермейтін оқушылар кінәні өздерінен көп іздейді, мінез-құлқын жасырады.
Гауза, Вуден және Мюллер (1980) зерттеулерінде үлгермеушілік- бұл оқушының физикалық дамуына тәуелді емес, мектептегі құрдастарының адаптациясына байланысты болады дейді. Осыдан қорытынды шығаратын болсақ, оқушының тұлғалық параметрлері ақыл- ой іс- әрекетінде оқудағы арта қалушылығы көрініп отырады [5, 128-146 б.].
Оқушының өзін-өзі бағалау мен талаптану деңгейін қалыптастыруда келесідегі психологтар А.И. Липкина 1971; Е.Н. Саванько 1972; В.С. Мерлин, 1973; Л.И. Божович 1976; Б.Г. Ананьев 1980 және т.б. еңбектерінен көреміз. Өзін-өзі бағалау мен талаптану деңгейі тұлғаның қажетті және ауыр компоненттерін қарастырады. Өзін-өзі бағалау бұл ақыл ой іс- әрекетіндегі тұлғалық параметрлердің тәжірбиелік компоненттерінің бірі және тұлғаның динамикалық білімі. Е.И. Саванько зерттеулерінде оқушылардың өзін-өзі бағалау деңгейі жоғары, оқушылардың бағалауы педагогикалық бағалаумен сәйкес келетінін көрсетті. Өзін-өзі бағалау дегеніміз - адам өзінің қоршаған ортамен қарым-қатынасын сезінгенде көрінетін өзін-өзі саналау компоненттерінің бірі.
Үлгермейтін оқушылардың көпшілігі өзінің мүмкіндіктерін көрсете алмайды. Б.Г.Ананьев зерттеулерінде оқушылардың өзін-өзі бағалауы педагогикалық бағалаумен сәйкес келетінін көрсетті. Оқушының үлгермеушілігін психологиялық мәселелерін зерттегенде оқушының оқудағы сәтсіздігі, оқуға немқұрайлы қарауы, пассивтілік көрсетуі, оның мотивациялық өзін-өзі бағалауының төмендеуіне әсер ететін көрсетті.
А.К. Маркова, М.В. Матюхин еңбектерінде өзін- өзі бағалауды қажетті тәсіл ретінде үш түрге бөліп көрсетті: прогностикалық, процессуалдылық, ретроспективтілік.
Прогностикалау өзін-өзі бағалау- бұнда тұлға өз іс- әрекетін құруда өзінің мүмкіндіктерінен ерекшеленеді.
Процессуалдылық өзін-өзі бағалау- тұлғаның іс- әрекеті барысында бағыттап коррекциялау.
Ретроспективтілік өзін-өзі бағалаудағы іс- әрекетің аяқталуы, яғни іс- әрекет нәтижелерін мазмұнды бағалау болып табылады.
4. Өзін-өзі бағалау мен талаптану деңгейінің теңсіздігі деген себепті қарастырайық.
Оқушылар қиын тапсырмаларды шешуге талпынуы өзін-өзі бағалауда қалыптасады. Талаптану деңгейін зерттеген көптеген зерттеушілердің ішінен З.И. Калмыкованы айтуға болады. Ол өзінің зерттеулерінде оқушыларды жақсы үлгерететіндер, орташа үлгеретіндер, әлсіз үлгеретіндер деп үш топқа бөліп көрсетеді. Ол оқушыларға тапсырма беру барысында 87%-ін орындаған оқушыларды жақсы үлгеретіндер деп атады.
Орташа үлгеретін оқушылар - бұл берілген тапсырманың 57%- ін орындаған оқушылар болды. Бұл топта оқушылардың көпшілігі өздігінен адекватты түрде бағалаған. Орташа үлгеретін оқушылардың 14%- ін қиын тапсырманы таңдап алғандар болды, ал 28-%- і өзін-өзі бағалауын жоғары бағалаған оқушылар.
Әлсіз үлгеретін оқушылар, орташа үлгеретін оқушыларға қарағанда саны жағынан аз. Әлсіз үлгеретін оқушылар жеңіл тапсырманы орындағанда 29%- ін өзін -өзі бағалауын жоғары болуы, бұл оқушының оқу қабілеттерінің жетістіктерінен көрсетеді.
5. Оқушының оқу іс-әрекетінің жетістіктеріне басқалардың әсері. Бала мектеп өмірінде бағдарламаны бірдей меңгереді.
Біріншісі- оқушының белгілі тапсырмаларды меңгерудегі арнайы өту бағдарламалары.
Екіншісі- мектептегі тұлғааралық өзара қалыптасу мен сипатталатын әлеуметтенудің жабық бағдарламалары.
Оқушы әлемі- бұл мектептегі оқу тапсырмаларды меңгеру және оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасынан көрінеді.
«Басқалардың маңызы» термині – бұл бала үшін қажетті қабілеттерді сенуі. Балалық шақта бала үшін маңызды ата-анасы болса, ал мектепте мұғалім және топтағы құрбы-құрдастары болып табылады [6, 198-21 6.].
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгермеушілік себептері
Зерделесек, оқу жұмысын дұрыс ұйысдастырғанның өзінде де бірнеше нашар оқитын һәм үлгермейтін оқушылар табылып жатады. Бұл құбылыс мейілінше сан алуан себептерден тұрады. Бір сыныпта бірдей жағдайда оқып отырған оқушылардың үлгерімі түрліше болуы оқушының жеке бас психологиялық ерекшелігі себеп болады. Сабақты бір оқушылар тез оңды меңгерсе, екіншісі баяу қабылдайды, түсінбей үлгремеушінің қатарына қосылады. Әр оушының үлгермеушілік себебі әртүрлі болады.
Басым балалардың артта қалуларының, үлгермеулерінің, сабақта және үйде жұмыс жасамауларының, ақырында екінші жылға қалуларының себебінің бірі – денсаулықтарының нашарлығы, көбінесе, білінбейтін һәм ата-ана, дәрігер мен мұғалімнің біріккен әрекеттері нәтижесінде ғана емдеуге болатын сырқат.
Балалардың денсаулығына зер салғанда, жыл өткен сайын баланың рухани өмірінің, оның зияткерлік дамуының, ойлау қабілетінің, назарының, оның тындырымдылығының, дене күшіне тәуелділігінің таңғажайып көріністері айқындала бастайды.
Кейбір балалардың реңдері жайнап тұрса да, олардың денсаулығына назар аударып, тексергенде астыртын кесел табылады. Астыртын кеселдер мен әлсіреу мұғалім сабақтың әр минутын ой еңбегін көп қажет ететін жұмыспен толтыруға тырысқан шақта айрықша білінеді. Әдеттен тыс ой еңбегімен қатты шұғылдану кейбір балалардың шектен тыс қимыл жасауына әкеп соғады, көздері бозарып, көз қарасы бұлдырап, қимылдары әлсірейді. Мұндай шапшаң қарқын сау балалардың өздеріне де ауыр әм залалды. Асылында, бала өз табиғатында білуге құмар талпынғыш келеді, ал мектепке алғаш келгенде оның көздерінен білімге деген құштарлық көрініп тұрады.
Оқу – білімді механикалық түрде бере салу емес. Бұл – өте күрделі адамдық өзара қатынастар. Оқушы – алдымен адам, артынша еңбеккер. Еңбектің нәтижесін көрсе ғана жетістікке қол жеткізеді. Нәтижесіз оқу білімге деген ынтаны жояды.
Түптің түбінде оқуға ынтасы жоқ оқушылар қайтеді? Күн сайын, ай сайын өз еңбегі туралы жаман деген бір сөзді естиді. Оның еңбегінің сипатын біртіндеп өзінің жеке басының сипаты деп қабылдайды, бала біртіндеп өзім де жаманмын деген сенімге келеді. Бала жанында керемет жасырын орын бар, ол – адамдық намыс. Оның жаны биязы, нәзік, осал, сезімтал, оны оп-оңай жаралап я жансыздандырып алуға болады. Бұл, әсіресе, оқудың бірінші сатысында – бастауыш мектепте маңызды, ондабала қиыншылықты жеңуді білмейді, онда сәтсіздік қайғы әкеледі. Егер бір сәтсіздіктен соң екінші сәтсіздік кездессе, бала біраз уақыт жапа шегеді. Баланың жан дүниесі жараланады, жансызданады, оған енді бәрібір болады.
Сабақты үлгермеушіліктің тағы бір себебі – көптеген жағдайда тәрбиеге, өте жас кезінде баланы қоршаған жағдайға байланысты. Мектеп жасына дейінгі балалар мен төменгі сынып оқушыларының ата-аналары мен тәрбиешілері табиғаттағы ең нәзік, ең сезімтал нәрсемен – баланың миымен жұмыс істейді. Ал егер бала үлгермеуші бала болып шыққан болса, егер басқа адамдардың қолынан келетін нәрсенің бәрі оның қолынан келмейтін болса, демек, ол бала кезінде төңірегіндегі адамдардан өзінің дамуы үшін алуға тиісті нәрсені алмағаны.
Адамның шексіз әуестігі, құштарлығы, білуге құмарлығы, табиғат сырларына таңданып, таңырқауы табиғатпен біте тумайды, адамнан ауысады. Олар – адамның қалыпты дамуы үшін өте қажетті, аса маңызды адамгершілік, қоғамдық қатынастардың элементтері. Ересек адамдар баланы тандануға, білмегенін сұрауға дағдыландыруы керек. Баланың әуестігі оның төңірегіндегілер үшін байқаусыз көрінеді. Бала неғұрлым көп сұрақ беріп, білуге ұмтылса, көбірек танданады, қуанады. Баланың санасында һәм оның ойында, сондай-ақ адамдық тандану, сұлулыққа таңырқау, адамның ақылына және оның қолының шеберлігіне таңырқау сақталып қалады.
Анығында, үлгермеушіліктің тағы бір себептері: оқушының қатардан қалып қоюы әуелде ұсақ-түйектен басталуы мүмкін. Өтілген жадығаттың біраз жерін не тұтасымен бәрін түсіне алмай қалады. Осының салдарынан оқушы жадығатты меңгере алмайды. Жаңа сабақ өткен жадығатқа негізделіп жүргізілетіндіктен, оны да шала түсінеді. Сонымен біртіндеп оқушы бағдарламаның бір бөлігін шала түсінген немесе мүлде түсінбеген болып шығады. Мұғалім дер кезінде мұныбайқап көре білуі керек. Оқушының қалыс қалғанын өз бетімен жұмыс жасағанда да анықтауға болады. Кейбір оқушылар сабаққа ынта қоймай басқа жұмыспен айналысып, не алаң көңіл болып отырады. Мұғалім мұндай оқушыларды байқамай қалады да, олар ақырында сабақ үлгермеушілерге айналады.
Сабақты үлгермеудің тағы бір себебі – мұғалім оқушының білімін жиі-жиі тексеріп, есепке алмағандықтан. Оқушының нақты білімін саралап анықтамайды. Ережелер құрғақ жатталынады. Уақыт жетпейді деген сылтаумен жаттығу жұмысы аз орындалады. Содан барып оқушылар білгенін, үйренгенін іс жүзінде қолдануға қиналады. Үйге тапсырма беру мен оны тексеру әдістемесінің дұрыс болмауы оқушылардың сабақты үлгермеуінің бір себебі.
Үлгермеуші баланың ұқыпсыздығы мен зейінсіздігі, көбінесе, немқұрайлылықпен ұштасып, ойлай алмайтындығы, ұқыпсыздығы салақтыққа айналады. Осындай кемшіліктердің бәрін жоюға ұмтыла отырып мұғалім балаға сабақта да, сабақтан кейін де жеке көмектесуі керек. Бала мұғалімнің өзінен талап еткенін қайткенде де орындауға тырысады. Ол өзінің титтей табысын қадір тұтады. Мұғалімнің мақтауы ол үшін ойдағыдай еңбектенуге қажетті жаңа ішкі күш-жігердің қайнар көзіндей. Мұғалім баланың салдық-салақтығын бетіне баспауы һәм оның күш-жігеріне деген сенімін де жоғалтпауы керек. Баланы моралдық жағынан қолдап, төзімділік танытуы керек.
Зады, баланың ойлау қабілетінде сапалы өзгерістер жасауға төтенше шаралар арқылы баланың ерік-жігеріне әсер ететін әлдеқандай құралдар арқылы жетуге болмайды. Ашып айтқанда, ақылды болуға мәжбүр ету мүмкін емес. Сондықтан мұғалімнен талап етілетін ең маңызды нәрсе – баланың өз күшіне деген сенімін нығайту һәм оның ой еңбегінде сәл де болса алға басушылық болатын сәтті төзімділікпен күту.
Сонымен, оқушыларда үлгермеушіліктің туындауына не себеп? Неге бала оқуға үлгермейді. Мұндай сұрақ ата - аналар мен мектепті қатты толғандырады. Баланың оқуға үлгермеушілігінің негізгі себептері бар. Көптеген ғалымдар мен педагогтар оны білім берудің әдістерінің жетклікті дамымағандығынан көреді. Мұнымен келіспеуге болмайды. В.Н.Шаталов, С.Н.Лысенкова сияқты педагогтардың жұмыс тәжірибесі мұны дәлелдейді. Сонымен бірге, кейбір мұғалімдер үлгермеушілікті баланың еріктік және адамгершілік сапаларынан, талаптанудың жоқтығын себеп ретінде көрсетеді. Бұдан үлгермеушілікке тек бір себеп әсер етедідеген қорытындыға келіп, үлгермеушілік мәселесін жеңілдетіп, оған үстірт қарауға болмайды. Себебі, баланың окуға үлгермеуіне бірнеше себептер комплесті түрде әсер етеді.
Оқушылардың оқуға үлгермеушіліктерінің себептерін дүрыс анықталмай көптеген мұғалімдер көбіне аса жетклікті нәтиже бермейтін кейбір пәндер бойынша қосымша сабақтар ұйымдастыру (онда күнделікті сабақта қолданылатын дәстүрлі әдістер қолданылады) және оқушыларға әр түрлі формада қысым көрсету сияқты амалдар қолданылады.
Кейбір мамандардың ойынша, әрқилы жағдайдағы мектетггегі үлгермеушіліктің туындауына әр түрлі психологиялық себептер әсер етеді (Н.П.Локалова үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс істейтін мұғалімге көмек көрсету керектігін атап өткен. Бұл көмек улгермеушіліктің психологиялық себептерін білгенде ғана тиімді болады). Үлгермеушіліктің психологиялық себептері оқушының жеке бас қасиеттеріне, қабілеттеріне, мотивіне, қызығушылықтарына және т.б. қатысты.
Психологиялық факторлар арасынан оқуға әсер ететін бірнеше сфераларды анықтауға болады:
танымдық;
- мотивациялық;
- эмоциялы - еріктік;
Психологиялық себептің бірінші тобына оқу іс - әрекеті амалдарының қалыптаспауы; - психикалық процестердің дамуындағы жетіспеушіліктер, әсіресе баланың ойлау сферасының; - танымдық әрекетте көрінетін баланың өзінің жеке ерекшеліктерін дұрыс қолданбауы жатады.
Мектеп табалдырығын алғаш аттаған балаға, ол үшін іс - әрекеттің жаңа түрі болып табылатын - оқу іс - әрекетін меңгеру керек. Сондықтан, оған белгілі бір дағды мен іскерліктер қажет. Мысалы, әріптерді үлгіге қарап көшіру, санау, өлеңдерді жаттау сияқты. Осы әрекеттерді орындауда ол өзіндік әдістерді қолдана бастайды. Ал бұл әдістердің қаншалықты ұтымды екенін оларға анықтау оңай емес. Осы кезде оларға мұғалім мен мектеп психологы көмекке келеді. Бұл көмекті жүзеге асыру барысында мұғалім мен психолог баламен жеке жұмыс атқару қажет екенін ескергені жөн. Бұл жұмыс барысында олар баланы оқу процесінде және эксперименттік тапсырмаларды орындау кезінде бақылайды, баланың белгілі бір оқу тапсырмасын орындауы туралы әңгімелеседі, пікір алысады, осал жеріне көңіл аудартады, қателерін көрсетіп, оның және оның ата - анасының оны түзетудің жолдарымен таныстырады, оқу процесінде білімді толық меңгеру мақсатында біліктілік пен дағдыларды қалыптастырып, оқудың дұрыс амалдарын көрсетеді.
Ал енді психикалық процестердің қалыптасуындағы кемшіліктерге тоқталатын болсақ, бұл оқуға үлгермеушіліктің психологиялық себебі бақылаушылардың көзіне бірден көріне бермейтін себептердің бірі. Осы себеші үлгермеушілікке баланың ойлау амалдарының, есте сақтауының және зейін қасиеттерінің жеткілікті деңгейде қалыптасып, дамымауы жатады. Егер осы психологиялық процестер бала бойында жеткілікті дамымаса, ол баланың оқудағы үлгеріміне кері әсерін тигізеді.
Зейін деп - адам санасының бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Оқу процесінде зейін үлкен мәнге ие. Оқу іс - әрекеті мақсат бағдарлы және нәтижелі болуы үшін оқушы өз зейінін бөле білуі мен шоғырландыра алуы, тұрақтата алуы өте маңызды. Зейіннің бұл қасиеттері оку үлгеріміне тікелей әсер етеді. Айталық, оқушы математика сабағында есеп шығарып отыр, жұмыс барысында ол өз зейінін есеп шығаруға шоғырландырып, тұрақтатады, сонымен бірге тақта алдында осы есепті шығарып тұрған оқушы әрекетіне көңіл аударып, зейінін бөліп отырады. Бұның бәрі есепті дұрыс шығару үшін қажет, ал тапсырманы Дұрыс орындау өз кезегінде оқушының оқу үлгерімін анықтайды.Оқу барысында бір сабакка көңіл аудару зейіннің бөлінушілік қасиетіне байланысты.
Бастауыш сыныпта ырықтылық қалыптасып, ырықты зейін, ес, ойлау процестері дами түседі. Оқушы ырықтылықтың арқасында өз іс - әрекеті мен тәртібін басқара үйренеді. Бұл түрлі оқу тапсырмаларын нәтижелі орындауға өз септігін тигізеді.
Зейіннің көлемі, аударылуы, алаңдаушылығы да баланың білімді меңгеруіне өз зейіннің тұрақтата алмай , әр нәрсеге алаңдаса, онда ол сабақ тақырыбын түсінуге, не тапсырманы дұрыс тиянақты орындауғы кері әсерін тигізеді.
Ойлау баланың білімді толық меңгеруіне үлкен септігін тигізеді. Ойлаудың кейбір ерекшеліктерінің дамымауы үлгермеушіліктің себебі болуы мүмкін. Тап осы ойлаудың дамуындағы жетіспеушіліктер оқушылардың оқуға үлгермеуінің психологиялық себептерінің кең тараған түрі. Оқу процесінде ойлаудың даму деңгейінің төмен болуы теориялық білімді практикада қолдана алмаудан көрінеді. Бастауыш сынып ұғымды ойлаудың дамуының сензетивті кезеңі болып табылады. Бұл жас кезеңінде ғылыми ұғымдардың қалыптасуы енді басталады. Білімді толық қанды меңгеруде бала әр сөздің мағынасын біліп, ұғымдарды түсіне алуы шарт. Бала бойында анализ, синтез, салыстыру, жалпылау сияқты ойлау операцияларының қалыптасып, дамуы оку процесінің жемісті болуының негізі. Ойлау дағдылары кез келген оку тапсырмасын орындауда қажетті.
Бастауыш сынып оқушыларының ойлауының нақтылығы сөз бен сөз тіркестерінің ауыспалы мағынасын түсінуде қиындықтар тудыртады, ойлаудын, инерттілігі (барлық мәліметтерді қажетті және жетклікті талдаудың жоқтығы) дұрыс емес ой қорытындысын жасауға әкеледі және белгілі бір мәселені шешуде барлық керекті мәліметтерді бір мезгілде қолдана алмауға әкеледі. Сондықтан мұғалім жаңа тақырыпты өтпес бұрын сабақ барысында қарапайым тілмен түсіндіріп отыруы керек.
Төменгі сынып оқушыларында есте сақтау амалдары қарқынды қалыптаса бастайды. Сондықтан, тап осы кезенде балаларда материалды есте сақтаудың тиімді амалдарымен таныстырған жөн. Мысалы, мұғалім окушыға Абай Құнанбаевтың өлең жолдарын жаттау тапсырмасын берді делік. Бір бала оны өз бетінше жаттады, ал келесі балаға оны жаттауға мұғалім көмек көрсетті. Мұғалімнің көрсеткен көмегі: ең алдымен тапсырманы орындау үшін балаланың зейінін аударып, тұрақтандырады, одан кейін өлеңге талдау жасалады, содан соң әрбір сөйлемнің мазмұны ұғындырылып өлеңде кездесетін рифмаға мән беріледі, жаттауда мағыналық есті басшылыққа алды. Нәтижесінде ешкімнің көмегінсіз тапсырманы орындаған бала өлеңді бір сарында, ептеген кідірістермен айтып берді, ал мұғалімнің көмегі көрсетілген оқушы - өлеңді мәнерлеп, ешбір кідіріссіз, әсерлі айта білді. Осындай қарапайым мысал бір ғана оқу тапсырмасын орындауда зейін, ойлау, ес, әсіресе, мағыналық есте сақтау сияқты процестердің оқу процесіндегі маңызын ашып көрсете алады. Адамды әрекетке бағыттайтын, қажетін өтеуге талпындыратын түрткі - мотив деп аталады. Баланың мектепке, сабаққа жалпы оқу процесіне деген өзінің жеке мотиві болады. Осы мотив оқушының оқуға деген қатынасын анықтайды, мотивтің негізінде оқушының оқудағы үлгерімі анықталады. Әрине, егер бала не үшін оқитындығын бар сана - сезіммен ұғынса, бойында оқуға, көп білуге деген қызығушылық болса, онда баланың оқу үлгерімі жоғары не оның қабілетіне сай орташа болады. Ал балада оқуға деген түрткі болмаса, оқуға ата - анасы мәжбүрлесе, онда, әрине, баланың үлгерімі керісінше төмен болады.
Алғашқыда мектепке кез - келген окушы аса қызығушылықпен келеді, олардың оқып, көп білгісі келеді. Оқушылардың мотивінің деңгейі көбіне оқу жылының соңына қарай төмендейді, бұл оқытуды ұйымдастырудың кемістіктерінің салдарынан болуы мүмкін. Сондықтан мүғалім мен педагогикалық ұжым баланың оқуға деген мотивациясының жағымды болуы керек екенін үнемі ескеріп, үнемі дамытып отырғаны жөн. Жағымды мотивацияның төмендеп немесе жойылып кетпесі үшін мұғалімдер сабақты қызықты ұйымдастырып, оқушылардың сабақ барысындағы көңіл - күйін бақылап отыруы керек.
Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуден көрінетін қимыл - қозғалысты психологияда ерік амалдары немесе ерік деп атайды. Сонымен, ерік дегеніміз адамныі өз мінез - құлқын меңгере алу қабілеті.
1.3 Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетіне сипаттама
Оқу іс - әрекетінің негізгі саласы еңбек процесін нәтижелі орындауға қажетті білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде меңгеру. Оқу арқылы бала қоғам өзінің ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді. Сонымен бірге жаңа буын оқу арқылы өзінен бұрынғылардың практикалық әрекетін, ғылым - білім жүйелерін меңгереді. Бастауыш сынып жас кезеңінде оқу іс - әрекеті басты болып табылады. Бұл шамамен 10 және 11 жыл уақыт аралығын қажет ететін өте күрделі іс - әрекет. Әрине оның белгілі бір құрылымы болады. Д.Б. Эльконин ұсынған оқу іс - әрекеттерінің 5 компоненттерін қарастырайық:
1. Бірінші компонент - мотивация;
Екінші компонент - оқу тапсырмасы;
Үшінші компонент - оқу операциялары;
Төртінші компонент - бақылау;
Бесінші компонент - баға;
Бірінші компонент - мотивация. Психологияда мотив түсінігіне келесідей анықтама беріледі : мотив - бұл адам санасында қаланып, оны белгілі бір кажеттілікті қанағаттандыру үшін әрекеттерге итермелеуші күш, яғни адамның әрқандай қылық әрекеті оның мотивтік себеп күштеріне байланысты.
Мектепке дейінгі кезеңде басталған жеке тұлғаның қалыптасуы бастауыш сыныптарда одан әрі жалғасады. Мектептегі үлгерім, баланың жақсы және жаман оқушы ретінде бағалануы, әрине, баланың жеке тұлғасының дамуына өз септігін тигізеді.
Мотивациялық сфера, А.Н.Леонтьевтің ойынша, жеке тұлғаның ядросы болып табылады. Өзінің мектептік өмірінің басында, оқушының ішкі позициясына ие бола отырып, баланың оқығысы келеді, өте жақсы оқығысы келеді. Жоғары баға алу балаланың мақсатына айналады. Ал мақсаттың мотивтері әр түрлі. Бұның бәрі, өзінің жаңа оқушы статусының құптауымен байланысты - оқудың әлеуметтік мотиві. Бала жақсы оқығанда оны мұғалім де , ата - аналары да мақтайды, өзгелерге улгі етеді. Сыныпта мұғалім көзқарасы беделді болса, онда жоғары баға ұжымда ерекше статусты қамтамасыз етеді. Оқудың кең әлеуметтік мотивтеріне жақсы оқушы статусымен бірге, міндет, жауапкершілік, білім алуға деген қажеттілік және т.б. қатысты. Бұларды оқушы есепке алады, олардың оқу жұмысына ерекше мән береді.
Үлгерімі төмен оқушылардың мотивациясы спецификалық (өзгеше, ерекше) - ол өзінің үлгерімі жақсы құрдастарының мотивациясынан басқаша. Жоғары баға алуға деген күшті мотив болғанымен, олардың оқудың әлеуметтік мотивінің шеңбері біршама тар, бұл мотивті кедейлендіреді. Оқудың кең әлеуметтік мотиві балалардың ересектерден алатын құнды бағыттарына сәйкес келеді, Ал ол өз кезегінде ең алдымен отбасында меңгеріледі. Мектеп өмірінде мәнді не, құнды не? Бір тоқсан оқыған 1-ші сынып оқушыларының оларға не ұнайды не ұнамайтынын сұрайды. Болашақ озат оқушылар басынан - ақ оқу мазмұнының және мектеп ережелерін бағалайды: «Математика және қазақ тілі пәндері ұнайды, себебі, онда бәрі қызықты», «Сабақ ұнайды, балалардың мұғалім апайдың көңілін түсіретіні ұнамайды», «Барлық балалар жақсы, тіл алғыш болуы керек». Болашақта үшке оқитын оқушылар және үлгермейтін оқушылар басқаша жауап қайырады: «Мектепке демалыс күндерінің болатыны ұнайды», «Қосымша сабақтар ұнайды», онда біз ойнаймыз, олар, «ересек» құндылықтарын меңгермейді, оқудың мәнді жақтарына бағытталмайды. Танымдық қызығушылық аймағында да осы тектес айырмашылықтарды байқауға болады. белгілі бір оқу пәнін зерттеуге деген терең қызығушылық бастауыш сыныптарында сирек кездеседі. Көбіне ол арнайы қабілеттердің ерте дамуымен сәйкес келеді. Бұндай дарынды болып саналатын балалар саусақпен санарлык. Көптеген бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарының деңгейі аса жоғары емес. Бірақ үлгерімі жақсы балаларды әр түрлі, оның ішінде (турлі сабақтарда, әр түрлі оқу материалдарын зерттегенде) күрделі де оқу пәндері қызықтырады. Оларда жағдайға байланысты әр түрлі сабақтарда, әр түрлі оқу материалын зерттегенде қызығушылык нышаны және интеллектуалды белсенділік байқалады.
Танымдық мотивтің маңызды аспектісі - оқу - танымдық мотивтер, өздігінен жетілу мотивтер. Егер бала оқу процесі барысында бір нәрсені білдім, бір нәрсені үйрендім, түсіндім деп қуанатын болса, онда балада оқу - іс әрекетінің құрылымында адекватты мотивация дамуда. Өкінішке орай, үлгерімі жақсы окушылар арасында, оқу - танымдық мотивке ие болатын балалар аз.
Көптеген оқуда артта қалған оқушылар интеллектуалды пассивті. Олар көбіне оңай деген, негізделмеген пәндерге, кейде - тек біреуіне, айталық денешынықтыру немесе ән сабақтарына қызығушылық танытады. Төмен бағамен байланысты қиын, аз түсінілетін оқу пәндері - математика, қазақ тілі -танымдық қызығушылықты сирек туғызады. Бірақ бұл қызыгушылықтар үлгерімі жақсы балаларға қарағанда, аса мазмұнды емес. Үлгермеуші оқушылар бөлек, жеке әрекеттерді орындау процесіне бағытталады және бастауыш сыныпта оқу жылдарына оңай оқу жұмысына, мұғалім іс - әрекетін механикалық түрде қайталауға бейім. Қазақ тілі және тіпті математика сабақтарында оларды жаттығу мазмұны, ережелер мен математикалық амалдар емес, сөздерді жазып алу, кітаптардан көшіру процесі қызықтырады. Пән мазмұнына деген қызығушылық көбіне материал жаңалығына, нақты жұмыс түрлерінің ауысуына, оқытудың көрнекілік жағына және сабақтағы ойын элементтеріне байланысты.
Үлгерімі жоғары балаларда жетістікке жету мотивациясы айқын көрініс тапқан. Ол көбінесе жоғары баға алу мотивіне сәйкес келсе де, баланы сапалы және нәтижелі оқу іс - әрекетіне бағыттайды. Жетістікке жету мотиві -танымдық қызығушылықтармен бірге аса құнды мотив қадір, мәртебе мотивациясынан айыра білу керек.
Мәртебе (престижная) мотивациясы жетістік мотивациясына қарағанда, аса кең таралмаған, ол өзіндік бағалауы жоғары және лидерлікке бейімділік. Бұл мотивация оқушыны сыныптастарына қарағанда жақсы оқуға итермелейді, бірінші болуды қалайды. Егер мәртебе мотивациясы жеткілікті дамыған қабілеттерге сәйкес болса, озат окушы дамуының мықты қозғаушы куші болады, оның оқуда жоғары нәтижелерге жетуіне септігін тигізеді.
Үлгерімі төмен окушыларда мәртебе мотивациясы дамымайды. Жетістікке жету мотивациясы, сонымен бірге жоғары баға алу мақсаты оларға оқу жылының басында тән. Бұл уақытта жетістік мотивациясында екінші тенденция айқын көрінеді – сәтсіздікке ұшырап қалу мотивациясы. Балалар екі бағасын алып қалмаудан, оның салдарынан (мұғалімнін разы болмауы, ата -аналардың ұрысуы) қашуға тырысады. Бұл тенденция жемісті білім алмаған жағдайда қарқынды дамып, бала бастауыш сыныпта білім алуды аяқтаған уақытта жетістікке жету мотивациясымен жоғары баға алуға деген талпынысынан аиырылады, ал сәтсіздікке ұшырап қалмау мотивациясы бірітіндеп күшейе түседі. Ол балада қобалжушылықты тудыртып, оқу іс -әрекетіне жағымсыз эмоцияның туындауына себеп болады.
Бұл уақытта үлгермеуші балаларда ерекше орын толтыру (компенсаторлық) мотивациясы туындайды. Бұл оқу іс - әрекетіне деген қатынасқа кері әсер ететін мотивтер. Олар басқа әрекет аймағында өз орнын нығайтуға мүмкіндік береді. Мысалы, спортта, музыкада, сурет салуда, егер бала іс - әрекеттің басқа бір аймагында өзін таныта алса, төмен үлгерім бала уайымының бастауы бола алмайды, яғни оған аса көп мән берілмейді.
Сонымен барлық балаларда мектепке жақсы оқуға деген тілек болады. оқу барысында оларда әр түрлі оқу мотивтері қалыптасады. 10-11 жас шамасындағы балалардың бір бөлігінде оқуға деген қатынасы өзгереді. Жағымсыз қатынас үнемі үлгермеуші балаларда қалыптасады (ол шамамен 20%, ал 40% окуға амбивалентті қатынас).
Екінші компонент - оку тапсырмасы, яғни, тапсырмалар жүйесі, оларды орындау барысында балалар жалпы әрекет амалдарын меңгереді. Оку тапсырмаларын басқа тапсырмалардан айыра білу керек. Көбіне балалар нақты тапсырманы шеше отырып, өздері оларды шешуде жалпы амалдарды табады, бұл амалдарды әрбір оқушы өз бетінше түсінеді де, осыдан бір - біріне ұқсас тапсырмаларды шешуде қателер жібереді. Дамыта оқыту – тапсырманы шешуде жалпы амалдарын бала мен мұғалімнің бірігіп, сынып болып тауып, оларды қалыптастыруды қарастырады. Мысалы, мұғалім окушыларға тақпақты жаттау тапсырмасын берді делік. Үйде балалар әрқайсысы өз амалдарын қолданып тапсырманы орындайды. Нэтижесінде балалар жаңа тақпакгы біледі, оны жатқа айта алады, мүмкін, тақпақты бейнелеген кейбір құбылыстар туралы мәлімет алған шығар. Бірақ, ол үшін тақпақ әдеби туындылардың ерекше формасы болып табылмайды, ал оны жаттаудың амалдары оның мазмұны мен ақындық тілімен байланысты емес. Балалар тақпақты көбейту кестесін жаттағандай жаттап алады. Мұғалім тапсырмасын орындау барысында балалар жаттаудың жалпы амалдарын меңгереді ме? Әрине жоқ.
Дегенмен, жаттау процесін басқаша құруға болады. Ең алдымен балага тақпақты әдеби жанрлардың ерекше түрі екенін түсіндіру керек, тақпақтың рифмасы мен ұқсас ұйқастығына көңілін аударту керек. Одан кейін тақпақтың әрбір сөзінің мазмұны түсіндірілуі тиіс, балаларды тақпақ желісін логикалық байланыстыруға үйреткен жөн. Осының бәрі тақпақты әдебиеттің ерекше формасы ретінде талдаудың жалпыланған амалдары (Әрине, мұндай әрекеттерді оқушылар алғашқы мұғалім көмегімен меңгеруі керек, одан кейін бірітіндеп өз бетінше орындайды). Бұндай жағдайда жалпы амалдар үлгі ретінде меңгерілсе де, осы сыныптың басқа тапсымаларды шешуді оңайлатады, оқу жұмысы жемісті бола бастайды, ал қателер бұрынғыдай көп кездеспейді. Орыс тілі сабағында марфосемантикалық оқу тапсырмаларына мысал бола алады. Бала үшін сөздің формасы мен мәнінінң арасындағы байланысты орнатуы керек. Ол үшін ол сөзбен орындалатын жалпы амалдар әрекетін меңгеруі керек: сөзді өзгерту керек, оны жаңа кұрылған сөздің формасы мен мәні жағынан салыстыру керек, форма мен мән арасындағы өзгерістің айырмашылығын анықтау керек.
Келесі компонент - оқу операциялары. Ол амалдар әрекетінің құ-ралына кіреді. Операциялар мен оқу тапсырмасы оқу құрылымының негізгі звеносы болып саналады.
Жоғарыда келтірілген мысалда нақты әрекеттер, яғни, берілген сөздің түбірін, приставкасын, суффиксын, жалғауын табу сияқты жеке тапсырмаларды орындау операторлық мазмұны болады. Бұл тапсырмаларды шешудің жалпы амалдарын біле отырып, оқушы не істейді Ең алдымен сөздің әр түрлі варианттарын табу үшін оны өзгертеді (айталық: лесной,-лесная,-лесные,-лесному), олардың мәнін салыстырады, басқа да марфемаларын анықтайды (түбір, жалғау, приставка, суффикс).
Әрбір оқу операциялары жаттықтырылуы керек. Оқытуды дамытушы бағдарламалар көбіне, П.Я.Гальперин жүйесі бойынша, (тапта) кезеңці жаттықтыруды қолдайды. Оқушы операция құрамы бойынша бағдар алып, оны мұғалім бақылауымен орындайды.
Төртінші компонент - бақылау. Бақылау - оқушылардың танымдық іс-әрекетін меңгерудің функциясы. Олардың шығармашылық күшіне, қабілетіне сенім білдіру, оқушыларды оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындау үшін ынталандыру және күшке жұмылдыру. Балалардың алғашқы оқу жұмыстарын мұғалім бақылайды. Кейін бірте - бірте оны өздері бақылай бастайды. өзіндік бақылаусыз оқу іс - әрекетінің толық ашылуы мүмкін емес, сондықтан, бақылауға үйрету маңызды және күрделі педагогикалық міндет. Соңғы нәтижелер бойынша (тапсырма дұрыс немесе дұрыс орындалмады) ғана жұмысты бақылау жеткіліксіз. Баланың тапсырманы орындауда әрбір қадамын қабылдау қажет. Оқушыны өзінің жұмыс процесін өзі бақылауға үйрету - зейін сияқты психикалық функцияны қалыптастыруға септігін тигізу деген сөз.
Бақылаудың соңғы кезеңі - баға. Бағалау деп - оқушы жұмысындағы дербестікті, тапсырманы дұрыс орындау нәтижесін, білімнің, іскерліктің және дағдының сапасын айтады. Оны оқу құрылымының 5-ші компоненті деп есептеуге болады. Бала өз жұмысын бақылай отырып, оны адекватты бағалауға үйрену керек. Сонымен қатар бұл жерде тапсырманы сапалы, қаншалықты дұрыс орындағанын бағалау жеткіліксіз, өз әрекетін бағалау қажет -тапсырманы орындау амалдарын меңгерді де, әлде меңгермеді мен, қандай операциялар жаттықтырылады, қандайды жаттықтырмады. Соңғысы бастауыш сынып оқушыларына ерекше қиын.
Мұғалім оку жұмысын бағалай отырып, тек баға қоюмен шектелмейді. Қойылған баға мазмұнды болуы қажет, яғни, жақсы, жаман жақтары көрсетіліп неге бұндай баға қойылғаны түсіндірілуі. Оқу іс-әрекетін, оның нәтижелері мен процесін мазмұнды бағалай отырып, мұғалім балаға белгілі бір бағыт береді.
А.М.Липучкина атап көрсеткендей, өздері көп уақыт, күш, ынта жұмсаған жұмысын бастауыш сынып оқушылары алынған қорытындыға қарамастан жоғары бағалайды. Өз жұмысына қарағанда басқа балалардың жұмысын сындық тұрғыда ұжымда болып талқылау және т.б. амалдар қолданылады. Бұл амалдар әсіресе бастауыш сыныптарда жақсы нәтиже береді.
Оқу іс - әрекетінің мазмұны ерекше ерекшелікке ие: оның негізгі бөлігін ғылыми түсініктер, ғылымның заңдылықтары және оған сүйенетін практикалық тапсырмаларды шешу амалдары құрайды. Оқу іс - әрекетінің негзігі мақсаты және басты нәтижесі - ғылыми білімдерді және оларға сәйкес біліктілікті меңгеру.
Оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы - сабақ. Сабақта балаларға мұғалім тапсырмаларын тиянақты орындап отыру қажет, басқа іспен айналысып оған көңіл аударуға болмайды. Бұл талаптар жеке тұлғаның әр түрлі қырларының дамуына қатысты. Мысалы, психикалық сапалары, білім мен біліктілігі.
Оқу іс - әрекеті өмір бойы жалғасады, бірақ негізгі алғашқы оқу жылдарында қаланады. Ол өзінің құрылымы бойынша күрделі білім беру. Оған біріншіден, оқу - танымдық мотивтер; екіншіден, оқу тапсырмалары және оның операторлық мазмұннын құрайтын оқу операциялары; үшіншіден, бақылау; төртіншіден, бағалау. Бұл күрделі құрылымының орталығы - 2-ші звено - оқу тапсырмалары мен оның операторлық мазмұны, ал қалғаны осы негізгісіне қызмет ететін звенолар болып табылады.
Оқу іс - әрекетінің қалыптасуы - көп уақытты қажет ететін күрделі процесс. Ол мүғалім мен баланың біріккен жұмысында қалыптасады. Мектепке алғаш келген бала оқу іс - әрекетін меңгермеген, барлық әрекетті мұғалім ұйымдастарады: оқу тапсырмаларын қояды, оның барлық операторлары -пәндік құрылымын анықтайды, операцияларды орындау үлгісі мен тәртібін көрсетеді, әрбір әрекет пен операциялардың орындалуын бақылайды, соңында оқу тапсырмасының әрбір оқушының орындауын бағалайды.
Оқу іс - әрекетінің қалыптасуы дегеніміз - оқу іс - әрекетінің кейбір элементтерін оқушының меңгеруі мен басқалардың көмегінсіз, өз бетінше орындауы. Оку іс - әрекетін қалай және қандай бірізділікте калыптастыру мәселесі әлі күнге дейін шешімін таба қоймайды. Дегенмен, оны өзіндік бақылауды қалыптастырудан бастау керек деуге негіз бар. Әрине, балалар бақылауға үйрену үшін оқу іс - әрекеті өзінің операторлары – пәндік құрылымымен кең көлемде ұсынылуы қажет, ал соңғысы мұғалім мен оқушы бірігіп өңдеген жөн. Мұндай жағдайда әрекет үлгілері оқуға қажетті және жалпы міндетті болып көрінеді.
Кейбір тәжірибелі мұғалімдер оқу процесін ұйымдастыруда оқушыла бақылау элементтерін қалыптастырады. Айталық, тақта алдындағы оқушының жұмысын бүкіл сынып болып бақылау - бақылампаздықты тәрбиелеудің бірден - бір жолы.
Екінші әрекет - бағалау, яғни белгілі бір оқу әрекетін меңгергенін анықтау. Бағалау қалыптастырудың амалдары әлі де болса жеткілікті өңделмеген. Бұл өзара жұмысты тексеру, негізгі әрекеттің қалыптасу деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін бақылау жұмысының мазмұнының ұжым болып құру және сыныптағы жұмыстарды ұжым болып талдау.
Бастапқы оқу кезеңінде, айтылған оку іс - әрекетінің екі элементін қалыптастыру негзігі міндет. Егер бұл кезеңде балалар бақылау мен бағалауды толық меңгерсе, онда одан әрі оқу іс - әрекетінің қалыптасуы аса қиындықсыз өтеді.
1.4 Үлгермеушіліктің алдын алу
Мектепте оқылатын пәндер бойынша үлгермеушіліктің алдын алу – жаппай білім беруді жүзеге асыру жолдарының бірі. Жаппай білім беру жағдайында оқушылар пән бағдарламасында қарастырылған білім, іскерлік және машықтарды мектеп қабырғасында игеруге міндетті. Дегенмен, математикалық білімді меңгеруде, теориялық білімді іс жүзінде қолданғанда, өздігінен қосымша әдебиеттермен жұмыс істегенде, сондай-ақ олардың математикалық іс-әрекеттерінде олқылықтар мен кемшіліктер бой көрсетеді. Оқушылардың математикадан алған білімі, іскерлігі мен машықтарындағы кемшіліктерін, соның нәтижесінде үлгермеушілікке ұрындыратын себептерді атап өтейік:
Оқушылардың білімінде олқылықтар болуы, ұғымдарды, ұғымдардың ерекше белгілері мен қасиеттерін және т.б. тұжырымдауға мүмкіндік бермейді;
Есеп шығарғанда білімді қолдану іскерлігінде олқылықтардың болуы;
Есептеу сипатындағы іскерлік пен машықтарда сызбаларды құрғанда, графиктік жұмыстарды орындағанда, құралдар ды пайдалағанда олкылықтардың болуы;
4. Оқушының жұмысқа кірісуге немесе бастаған жұмысын аяғына дейін жеткізуге мүмкіндік бермейтін дербестігінің, зейінінің, табандылығының жеткіліксіздігі.
Үлгермеушіліктің алдын алу бүкіл сыныптың немесе әрбір оқушының сабақтағы және үйдегі қызметін пәрменді ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
Үлгермеушіліктен сақтандыру үшін мүғалім жалпы математикалық білімді меңгергенде кездесетін қателерді болдырмау шараларын іздестіреді және оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарының тиімді тәсілдерін жолға қояды. Сонымен, үлгермеушіліктің алдын алу шарты бағдарламалық материалды әрбір оқушының жүйелі оқуы болып табылады. Бір жағынан, бұл оқу материалының бір-бірімен тығыз байланысы немесе сабақтастырылуы арқылы қарастырылады.
Үлгермеушілікпен күресудің маңызды бір кезеңі - әрбір оқушыны өздігінен жұмыс істеу тәсілдерімен каруландыру. Мәселен, оқушы қате жіберсе, өздігінен ол материалды қайта қарап, қатесін түзетуге қиналуы мүмкін. Бұл жағдайда мұғалім оқулықтағы қажетті материалды зер сала қарауға баулып, кеңестер беруге тиіс. Кейбір кезеңдерде мұғалім ол материалды түсіндіріп, екі-үш жаттығуды таңтада көрсетуі керек. Оқушы өздігінен жұмыс істей алатынына көз жеткізгеннен кейін ғана жаттығулар орындатуға кіріскен жөн.
Озат мүғалімдердің тәжірибесінде жаттығуларды орындауда басшылықңа нұсқау – топшамалар жиі қолданылады.
Оқушыларды үлгермеушіліктен сақтандыру үшін мұғалім олардың білімін есепке алып, арнайы дәптерге жазып отыруы тиіс,
Ол жазбаларда мыналар атап көрсетілуі міндетті:
Жеке тақырыптар бойынша кездесетін олқылықтар;
олқылықтарды жою шаралары:
а) жеке тапсырмалар және оларды орындау мерзімі;
б) консультация - кеңеске қатысу;
3. оқушы қызметінің нәтижесі:
а) оқу материалын игеру сапасы;
б) орындалмаған тапсырмалар.
Мұнда ескеретін бір жай, оқушылардың біліміне қойылатын бағаны дәптерге жазбай, тек олардың оқу қызметіндегі оңды өзгерістерді белгілеп отырған дұрыс.
Үлгермеушіліктің алдын алу ісін алға бастыру әрекетінде оқушылардың жасқаншақтауына жол бермеу, дұрыс жауап бергенде мадақтау, үлгерімі төмен оқушыға уақытында жалықпай көмек көрсету, оларға сыпайы болу сияқты психологиялық факторларды ескеруді ұмытпаған жөн.
Оқушылардың үлгермеушілігін болдырмау шаралары:
Үлгермеушілікті болдырмау үшін оқу материалдарын түсінбеу себептерін анықтау керек.
Үлгермеудің негізгі себептерінің бірі - жұмыс істеу қабілетінің, ынтаның, зейіннің жоқтығы. Егер бұл сапалар отбасында қалыптаспаса, онда балаға мектепте оқу қиынға түседі.
Екінші себеп - білімнің жүйесіздігі, жауапкершіліктің төмендігі. Оқушы бұрынғы оқу материалдарын түсінбегенін мұғалім уақытында байқамаса, онда оқушының оқуға қабілеті жеткіліксіз болады. Әдетте мұндай оқушылармен жеке жұмыстар жүргізіліп, оларға кеңес беріледі.
Үшінші себеп - материалдан мәнді белгілерді бөле алмау, негізгі мен негізгі емес мәселелерді ажырата алмау, оқушылардың жаттап оқып, бәрін есте сақтауға тырысуы. Мұндай оқушыларға абстрактілі ойлауларын дамыту үшін талдауға, қорытындылауға жаттығулар беріледі.
Төртінші себеп - пәнге деген қызығушылықтың жоқтығы. Нәтижесінде оқушының зейіні, білімге деген ықыласы төмендейді. Бұл тәжірибесіз мұғалімнің ашу-ызасын туғызып, түрлі дау-жанжалдарға себепші болады. Оқушыларға талап қою, құрметтеу, оқушының жеке тұлғалық сапаларын ескеру, баланы қызықтыру оның оқу жұмысын белсенді етіп, кемшіліктерін түзетуге ықпал етеді.
Бесінші себеп - оқушының отбасындағы қолайсыз жағдай, құрбыларымен тіл табыса алмау, оқушының оқу жұмысын атқара алмауы, "қиын" балаларға еліктеуі.
Үлгермеудің басқа да себептері бар. Ең бастысы – үлгермеу себебін анықтап, жеке жұмыстың жолдарын белгілеу. Мұғалімнің, мектептің міндеті әрбір оқушының жақсы оқуына көмектесу.
2 Бастауыш сынып оқушылары үлгермеушілігінің алдын алу бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижесі
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының ойлау өрісі дәрежесі мен оқу мотивациясын анықтау
Мәселені теориялық зерттеу барысында алған шешімдерді тәжірибе жүзінде дәлелдеу мақсатында тәжірибе жүргізілді. Тәжірибеге Екібастұз қаласының №18 ЖОМ 3 «А» сыныбының 25 оқушысы алынды. Бақылау жүргізу үшін аталмыш мектептің 3 «Ә» сыныбының 25 оқушысы алынды. Тәжірибелік жұмыс соңғы үш жыл бойы жүргізіліп, 3 кезеңді қамтыды.
Оқу мотивациясын және үлгерім дәрежесін анықтауға бағытталған І кезеңде жоғары айтылған тәжірибе жүргізілді.
Екінші кезеңнің мақсаты- 3 сынып оқушыларының Математика пәнінен үлгермеушілігінің алдын алу бойынша жалпы оқу білімдері, білік дағдыларын қалыптастыру бойынша қосымша жұмыс жүргізу.
3 кезеңнің мақсаты- 3 сыныптың оқушыларына қосымша жұмыс жүргізгеннен кейін үлгерім дәрежесін анықтау.
Жоғарыда айтылған кезеңнің мақсаты - оқудың мотивация дәрежесі мен үлгерім дәрежесін анықтау болды.
Бақылау кезеңінде біз үлгерім дәрежесін анықтау бойынша бақылау жұмысын өткіздік. Мониторингтік жұмыс негізінде біз білім мен біліктегі кемшіліктерді анықтадық және үлгермеушілікті жою үшін тапсырмалардың жүйесін жасадық.
Бақылау жұмысы оқушыларда бар білім, білік, дағды, құжаттарға және пән мұғалімінің кеңесі үрдісіне негізделіп өңделді.
Бақылау жұмысында (Б қосымшасы) ҚР білім министрлігімен білім туралы бағдарламасына негізделіп қарастырылған білім деңгейін анықтайтын тапсырмалар іріктелген: көбейту заңы, көбейту кестесі, жеке жағдайлардағы көбейту мен бөлу, кестеге негізделген көбейту мен бөлу; білік: есеп моделін ресімдеу, есеп шешімін түрлі әдістермен шешу. Әр тапсырмада біз оқушылардың білім жүйесін ескеріп, орындау кезінде оларға сүйенетіндей етіп қарастырдық: есептеп шығару: қысқаша қосу арқылы көбейтудің алмасу ерекшелігін білу негізіндегі көбейту, 0 мен 1 –ге негізделген көбейту мен бөлу, қосындыны санға көбейту мен бөлу әрекетіне негізделген; мәндерді жеке іріктеп алу әдісімен табу. Бізбен сынақ-тәжірибелік жұмыс бағдарламасы құрылды, диагностикалық әдіс таңдалды. Бұл бағдарлама 1 кестеде көрсетілген.
1 кесте – Сынақ-эксперементтік зерттеудің бағдарламасы
Критерийлер
|
Көрсеткіштер
|
Деңгейлер
|
|
|
Жоғары
|
Орташа
|
Төмен
|
1. Білімді меңгеруі
|
Білімнің толықтығы
|
Оқушы обьектің нышандарын тез табады
|
Мұғалім көмегімен обьектің негізгі белгілерін белгілейді
|
Оқушы есінде толық жалпы жауапты есте сақтамайды
|
|
орнықтылық
|
Оқушы тез есте сақтайды, есте ұзақ сақтайды, жауабы жалпы және жүйелі
|
Оқушы тез еске сақтайды, бірақ ұзақ емес,есінде жалпы, жүйеленген ереже
|
Оқушы есінде толық жалпы жауапты есте сақтамайды
|
|
жинақылық
|
Оқушы нәтиже алу үшін обьекттің маңызды белгілеріне нақты сүйенеді
|
Оқушы сенімсіз және мұғалім көмегімен біліміне сүйенеді
|
Оқушы білімін көрсете алмайды және оған сүйенбейді
|
|
саналылық
|
Тақырып бойынша нақты ережені еске түсіру
|
Тақырып бойынша ережені кейбір қателермен еске түсіру
|
Ережені үлкен қателермен еске түсіру, ережені түсіндіре алмауы
|
2. Әрекеттің әдістері
|
Әрекеттің нақтылығы, бірізділігі
|
Алгоритм бойынша әрекет жасайды, алгоритмді түрлі жағдайларда қолданады.
|
Алгоритм бойынша әрекеттерді бірнеше қателермен орындау
|
Алгоритм бойынша әрекет жасай алмайды, мұғалім көмегімен қиындықпен орындайды
|
3. Шығармашылық
білігі Шығармашылық
білігі
|
әрекеттілік
|
Нақты тапсырмаларды орындау үшін керекті ББД пайдалана алу
|
Мұғалім көмегімен тапсырмаларды орындау
|
Мәселені көрмейді, оны шеше алмайды
|
4. Білік пен дағдының қалыптасуы
|
әрекеттілік
|
Оқушы обьект маңызын тауып білімін тез пайдаланады
|
Мұғалім көмегімен білімін тауып, оны пайдаланудың әдістерін нақты таппайды
|
Жаңа оқу жағдайында өз білімін пайдалана алмайды
|
|
жылдамдық
|
Тапсырмаларды 20 минутте орындау
|
Тапсырмаларды 25 минутте орындау
|
Тапсырмаларды 30 минутте орындау
|
|
Нақтылық
|
Материаллды қатесіз еске түсіріп айтып береді
|
Есепке алғысыз қателерді жіберу
|
Өте көп қателер жіберу
|
5. Логикалық операцияларды меңгеру
|
Маңызды белгілерін табу
|
Заттардың маңызды белгілерін қатесіз табу
|
Маңызды белгілерін қатемен, мұғалім көмегімен табу
|
Мәселені көрмейді,маңызды белгілерді көрсете алмайды
|
|
Заттарды салыстыру
|
Түрлі есептерді өз бетінше мынадай нұсқаусыз «Салыстыр», «белгілерін көрсет», «ұқсастық пен айырмашылығы неде» шеше алуы
|
Мұғалім көмегімен түрлі есептерді шешу үшін салыстыру әдісін пайдалану
|
Салыстыру әдісін пайдалана алмау
|
|
Заттарды жалпылау
|
Оқушы өз бетімен математикалық обьектілердің маңызды белгілерін , ерекшелігін,қатынасын табады
|
Оқушы мұғалім көмегімен математикалық обьектілердің маңызды белгілерін табады.
|
Математикалық обьектілердің маңыздылығын, ерекшелігін, қатынасын таба алмайды
|
|
жіктеу
|
Оқушы заттың белгілерін табады, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын белгілейді
|
заттың белгілерін табады, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын мұғалім көмегімен белгілейді
|
Оқушы заттың белгісін қиындықпен табады,заттар арасында ұқсастық пен айырмашылық табу қиындық келтіреді
|
|
Ұғымдар арасындағы қатыстар
|
Оқушы ұғымдар арасында байланысты жеңіл орнатады
|
Қателермен байланыс орнатады,ұғымдарды шатастырады
|
Байланыс орната алмайды, ұғымдарды шатастырады
|
6. Оқудың мотивациясы
|
Оқушының оқуға қатынасы
|
Мақсат қоя білу,оқу әрекетінің, тәртібінің нәтижесін көре алуы,мақсатқа жетуде кедергілерді жеңе алу.
|
Жақсы нәтижеге жетуде бағыт өзгергенде өз мүмкіндіктерін пайдалану. Икемді,бірақ жалқау-жалпы бұл типке жататындардың дұрыс мінездемесі.
|
Табысқа деген төмен қызығушылық, бағаға ұмтылу, мақсат қоя алмау, оқуға ынтасыз, мектепке, мұғалімдерге теріс көзқарас.
|
|
Белсенділік
|
Оқушы оқу тапсырмаларын өз бетімен орындауға дайын, тапсырмаларды саналы орындауы, өзінің жеке деңгейін көтеру мақсаты бар.
|
Оқушы оқу тапсырмаларын үлкендер көмегімен шешуі
|
Тапсырманы өздік және саналы орындауға, жеке деңгейін көтеруге ынтасыз
|
|
Дербестік
|
Обьекті және іс-әрекет құралдарын өз бетімен анықтау, мұғалім мен үлкендердің көмегінсіз анықтау.
|
Мұғалім көмегімен обьекті анықтау.
|
Обьекті анықтай алмайды және әрекет амалын білмейді.
|
|
қызығушылық
|
Оқу материалына тұрақты қызығушылығы бар
|
Оқу материалы тек оқудан тыс жақтарымен қызықтырады
|
Оқуға қызығушылығы тұрақсыз
|
Г.И. Вергелес, Л.А.Маттвеева, А.И.Раев (46) оқудағы қиындықтарды тудыратын себептерді анықтау үшін 5 кезеңнен тұратын жұмысты ұсынады:
1) оқушының алғашқы деректері, оның талдауы
2) әдістерді қолдану диагностикасы
3) бірінші және екінші кезеңнің нәтижелерін салыстыру
4) қажетті педагогикалық әсер етуді таңдау
5) оқушымен дұрыс жұмыс құру
Н.П.Майорова (47) балалармен сәтті коррекциялық жұмыс жүргізу үшін 4 бағыттағы: ес, ойлау, зейін және ерік бағыттары бойынша мұқият диагностика жүргізу керек деп санайды.
А.Л.Венгер, мен Г.А. Цукерман (48) мынаған көңіл аударды «психологиялық тест- бұл тек қана бала портретін салатын тексеру тапсырмалары ғана емес, бұл балаға әсер ететін түрлі типті жағдайларды ашудың жолы». Олардың ойынша тесттер мынадай болу керек:
- бала үшін қызықты ;
- ықшамды;
- ақпаратты;
Толық ақпарат алу үшін хаттамада тек мөлшерлік көрсеткіштерді ғана белгілеп қоймай, сонымен бірге баланың тапсырманы орындаудағы ерекшелігін жазу керек : мақтауға әсер етуі, үлкендер көмегін пайдалана алуы, т.б. Барлық педагогикалық үрдіс сипаттамалары ( ауыспалы) бойынша нақты диагностикалық ақпарат алу үшін кешенде ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдістерін қолдану қажет, оқушылардың әрекет жемісін зерттеу, сауалнама жүргізу, оқу және оқудан тыс әрекеттің, сабақтың өздік талдауы мен саралауын жүргізу, бақылау, әңгіме, әлеуметтік талдау,түрлі диагностикалық карталарды толтыру, тесттер және т.б
Кешендік баға мен оқушыларда танымдық әрекеттің деңгейін анықтау үшін келесі әдістер таңдалды:
«Білімі меңгеруге бағытталу» әдісі (49);
«бағаға бағытталу» әді
Достарыңызбен бөлісу: |