1. Бастауыш сынып оқушысының психологиясы пәні мен міндеттері



бет1/49
Дата02.06.2023
өлшемі141,75 Kb.
#97905
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
1. Áàñòàóûø ñûíûï î óøûñûíû ïñèõîëîãèÿñû ï í³ ìåí ì³íäåòòåð³




1. Бастауыш сынып оқушысының психологиясы пәні мен міндеттері.
Психология психикалық құбылыстардың пайда болу және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін, яғни адамдардың жан-жүйесін зерттейтін сансалалы ғылым. Психологияның ерте заманнан бері келе жатқан ғылым, мұның даму тарихына екі жарым мыңдай жылдай болды.Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Грекия. Психология атауы «псюхе»-қазақ тілінде «жан», «логос»- «ілім», «ұғым», «ой» деген гректің екі сӛзінен тұрады. Психика обьективті дүниенің субьективті бейнесі. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы бейнесі. Олар ( түйсік, ой, елес, сезім, қабілет, мінез, т.б.) кӛпшілігімізге мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Осылардың бәрін ғылыми тұрғыда психология ғылымы зерттейді. Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты психикалық құбылыстары, процестері, қасиеттері кіреді. Психология ғылымындағы күрделі міндеттердің бірі – заңдылықты сипатқа ие байланыстар мен қатынастарды кӛре білу. Психикалық әрекеттің даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып – үйрету психологияның негізгі міндеті болып табылады. Соңғы жылдары психологиялық зертеулер айтарлықтай ұлғайып, жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды. Психология ғылымынында жаңа болжамдар мен тұжырымдамалар пайда болып, психология жаңа тәжірибелік мәліметтермен толысуда. Психология ғылымын зерттеу нәтижелері бұл пәннің барлық салалары мен тармақтарын дамытып отырудың іргетасы болып есептеледі. Сондықтан бұл пәнді оқып меңгеруде мынандай негізгі екі бӛлімін қарастырамыз: 1) психикалық процестер; 2) психикалық қасиетте; 3)психикалық қалып. 1)Психикалық процестер: түйсік, қабылдау, зейін, ойлау мен сӛйлеу, қиял және елес, ес; 2)Психикалық қасиеттер: сезім және эмоция, ерік, темперамент, мінез, қабілет. 3) Психикалық қалып: адамның түрлі кӛңіл күйінің (зерігу, үрейлену, абыржу, ашулану, қуану)т.б. компоненттері. Сонымен, психология – психикалық құбылыстардың, пайда болу, қалыптасу заңдылықтарын және механизмдерін зерттейтін ғылым.

  1. Бастауыш сынып оқушысының психологиясын зерттеу әдістері.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет