1. Бейбіт құрылысқа бейімделудегі ауыртпалықтар



бет2/3
Дата31.12.2021
өлшемі29,86 Kb.
#21710
1   2   3
Зар заман ақындарының қайраткерлік биікке көтерілуі отаршылдықтың белең алуынан басталады. Жыр жүйріктерінің бар құдіреті, бар қабілеті ел-жұртының санасын оятуға жұмсалды. Олар қауіп-қатерді, зорлық-зобалаңды алдын-ала ескертті, зардаптарын күн ілгері тайға таңба басқандай етіп айтып берді. Елдің берекетін кетірген отарлаушылардың құбыжық кейпіндегі бейнесін жасады.[10] Солардың ойранына жол ашқан өз халқының кейбір жандайшаптарын аяусыз сынға алды, кей тұста ел бірлігінің кемістігін де түйреп өтті. Зар заманның бүкпесіз баяндалған оқиғаларын кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырды. Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілі – Дулат Бабатайұлы қазақ халқының дәстүрлі жыр үлгісін түр жағынан өзгертіп, өлеңді көркемдеп кестелеудің жаңа үлгісін жасады. Аталған ақындардың қай-қайсысы да ұлттық поэзиямызды мазмұн жағынан байытуға үлес қосты.[11] Кеңестік идеология үстемдік еткен кезеңде Зар заман ақындарының шығармаларын насихаттауға тиым салынды. Олар барлық оқулықтардан алынып тасталды. Соған қарамастан Зар заман ақындары шығарм. әр жылдарда зерттеу нысанасына айналды. Қазақ әдебиетінің тарихын оқып-үйренуге арналған ғыл. жинақтарда олардың кейбір өлең-толғаулары арагідік жарық көрген тұстары да болды. Мысалы, 1978 жылы Ленинградта басылып шыққан “Поэты Казахстана” жинағында (құрастырған М.Мағауин) Зар заман ақындарының отаршылыққа қарсы жазылған бірқатар өлеңдері орыс тілінде жарық көрді.[12]

20 ғ-дың соңынан бастап зар заманның тарихи сипаты, Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілдері, әдеби ағым ретіндегі ерекшеліктері, көркемдік кестелері туралы бірқатар еңбектер жазылды. Зар заман ақындары шығарм. – жаңалығы мол, өзгеше дәстүрі бар күрделі құбылыс ретінде әдебиеттану ғылымының тұрақты зерттеу нысанасы болып қала бермек 3. Білім мен ғылымдағы жағымды өзгерістер. Жалпыға бірдей жеті жылдық білім беру жүйесінің орнауы. Жоғарғы, арнаулы орта, кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі. Қазақстан Ғылым Академиясының құрылуы.

1947 жылғы 16 қарашада БКП (б) ОК «Қазақ ССР-де жоғары және орта білімді одан әрі дамыту шаралары туралы» қаулы қабылдады. Бұл маңызды шешім болатын, өйткені соғыс жылдарында КСРО ауылдық елді мекендердегі міндетті жетіжылдық және қалалық жерлердегі онжылдық білім беруді кідірткен болатын. Ол кезде жеңіске жету үшін буыны қатаймаған балалардың көмегі де қажет болғандықтан, білім беруге екінші кезекте мән берілді. Соғыс бітісімен еліміз өткеннің қарымын қайтаруды бастады: біртіндеп мектептерге қаржы бөлініп, оларды техникалық құрал-жабдықтармен және қажетті заттармен қамтамасыз ету басталды. Политехникалық білім құнды болып, оның алғашқы бастаулары мектеп қабырғасында беріле бастады.Білім беру саласына бөлінген зейін өз жемістерін бере бастады: егер 1948 жылы мектепте білім алмаған балалар саны 200 мыңды құраса, келесі онжылдықта бұл сан 16 мыңға дейін төмендеді. 1959 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Мектептің өмірмен байланысын нығайту және Қазақ КСР-де халыққа білім беру жүйесін одан әрі дамыту туралы» Заң қабылдады.Соған сәйкес 1962-1963 жылдары мектептер 8 жылдық білім беруге көше бастады. Еңбек политехникалық мектептері 11 жылдық білім беруге көшті. Совет мемлекетіне қажетті мамандыққа түскендерге қолдау көрсетілді. Еңбек етуші жастардың мектептері ашылды. Осы кездері педагогикалық білім өте танымал болып, педагогтар мәртебесі КСРО-да өте жоғары болып, мұғалімдер зор құрметке ие болды. Соғыстан кейінгі 20 жыл ішінде жоғары білім алғандар саны 11 есе өсті. Тың игеру жылдарында КСРО-да ауыл шаруашылық-техникалық білім беру жүйесі қызмет етті.

Оның үстіне, Кеңес одағының барлық түкпір-түкпірінен Қазақстанға тың игеруге адамдар легі ағыла бастады. 70-ші жылдары жалпы орта білім беруге көшуге үлкен көңіл бөле бастады. Ал 80-ші жылдардың басында жалпы орта білім міндетті сипатқа ие болды. 1984 жылы жаңа мектеп реформасында материалдық-техникалық базаның сапасына баса көңіл бөліне бастады; оқушылар 1-ші сыныпқа 6 жастан бара бастады. ХХ ғасырдың екінші жартысында орыс тілінде оқытатын мектептер басым болды. Қазақ тілінде оқытатын мектептер саны әжептәуір қысқарып қалды. Шағын деревнялар мен ауылдарда мектептер жабылып немесе біріктіріле бастады.

Кейбір мектептер орыс және қазақ тілдерінде біріктіріп оқытты. 80-ші жылдардың ортасында Қазақстанда 55 жоғары оқу орны және 246 арнайы орта білім беру мекемелері болды. Оларда 200-ге жуық түрлі мамандықты ұсынды. Соғыстан соң Қазақ КСР-інің жағдайы мәз емес еді, бірақ қарапайым халықтың қажырлы еңбегінің арқасында өмір сапасы біртіндеп арта бастады. Мектептерге, арнайы оқу орындарында және жоғары оқу орындарына үлкен көңіл бөліне бастады, өйткені елдің әрі қарайғы тағдыры дәл осы жас ұрпақтың қолында болатын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет