1. Берілген салттардың қайсысы баланың дүниеге келуімен байланысты емес?



бет1/3
Дата07.01.2022
өлшемі1,1 Mb.
#17145
  1   2   3
Байланысты:
Ауыз әдебиеті тест


1. Берілген салттардың қайсысы баланың дүниеге келуімен байланысты емес?

А) тұсау кесу


Ә) шілдехана
Б) атқа мінгізу
В) бесік той
Г) тойбастар  

2. Түйе атасын табыңыз.

А) Ойсылқара
Ә) Шопан ата
Б) Зеңгі баба
В) Қамбар ата
Г) Шекшек ата

3. Мәтелді табыңыз.

А) Балалы үй – базар.
Ә) Отан оттан да ыстық.
Б) Жері байдың - елі бай.
В) Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді.
Г) Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.

4. Саққұлақ, Желаяқ, Көлтауысар қай ертегінің кейіпкерлері?

А) «Ер Төстік»
Ә) «Аяз би»
Б) «Толағай»
В) «Сырттандар»
Г) «Алтын сақа»

5. «Аяз би» ертегісіндегі басты кейіпкер кім?

А) Зәрлі хан
Ә) Ақша хан
Б) Мадан
В) Жаман
Г) Шалқұйрық

6. Жаманға «Аяз би» деген атты кім қойды?

А) Анасы
Ә) Әкесі
Б) Уәли бай
В) Бес ханның елі
Г) Нағашысы

7. Мақалдың екінші жартысын көрсетіңіз.

Батыр туса – ел ырысы, …

A) Жаңбыр жауса – жер ырысы.


Ә) Ел үмітін ер ақтар.
Б) Айласыз батыр алдырар.
В) Ел – ырыстың кілті.
Г) Батыр елдің сәулеті.

8. Кісі қайтыс болғанда айтылатын салт өлеңдерін көрсетіңіз.

A) Жар - жар.
ә) Жоқтау.
Б) Сыңсу.
В) Той бастар.
Г) Беташар.

9. Қиял-ғажайып ертегіні табыңыз.

A) «Түлкі мен бөдене»
Ә) «Күн астындағы Күнікей қыз»
Б) «Қырық өтірік»
В) «Аяз би»
Г) «Толағай»

10. «Ер Төстік» ертегісіндегі Кенжекейді жар басындағы лашыққа шақырған қызды табыңыз.

A) Күнікей қыз.
Ә) Ай астындағы Айсұлу.
Б) Перінің қызы Бекторы.
В) Бозінген жетектеген қыз.
Г) Сиқырлы сұлу.

11. Үзіндіні керекті сөзбен толықтырыңыз.

Түйе сүйеді баласын «…» деп,

«Жаудыраған көзіңнен тоташым!» деп.

A) «қозым»
Ә) «құлыным»
Б) «бұзауым»
В) «лағым»
Г) «боташым»

12. Ертегідегі ’’Шалқұйрық’’ атты тұлпар қай кейіпкердің сенімді серігі ретінде суреттелгенін белгілеңіз.

A) Аламан мен Жоламан.
Ә) Ер Төстік.
Б) Құламерген.
В) Дүмше молда.
Г) Аяз би.

13 «Eр Төстік» ертегісіндегі Төстіктің әкесінің жалмауызға беріп кететін затын атаңыз.

A) Шақпақ.
Ә) Садақ.
Б) Қауырсын.
В) Егеу.
Г) Пышақ.

14. Мақалдың жалғасын белгілеңіз.

Ер бір рет өледі, …

A) Қорқақ мың рет өледі.


Ә) Ерді намыс өлтірер.
Б) Ер атағын ел сақтар.
В) Ел үшін өледі.
Г) Батыр майданда шынығады.

15. Аяз би қандай бейне екендігін анықтаңыз.

A) Шыншыл бейне.
Ә) Сиқырлы бейне.
Б) Қиялдан туған.
В) Типтік бейне.
Г) Аңыздан туған.

16. «Керқұла атты Кендебай» ертегісіндегі Кендебайдың әкесін табыңыз.

A) Байбөрі
Ә) Сарыбай
Б) Қарабай
В) Қазанғап
Г) Ерназар

17. «Қырық өтірік» атты әңгіменің кейіпкерін көрсет.

A) Аяз би
Ә) Саққұлақ.
Б) Тазша бала
В) Кендебай
Г) Ер Тарғын

18.Керқұла кімнің аты?

A) Ер Төстік
Ә) Сарыбай
Б) Кендебай
В) Жаман
Г) Ер Тарғын

19. Белгілі бір адамның атына іс-әрекетіне байланысты туған шығарма қалай аталады?

A)  айтыс
Ә) аңыз әңгіме
Б) ертегі
В) миф
Г) Фольклор

20. «Сырттандар» ертегісінде баланың мінгент тұлпарын табыңыз.

A) Кербесті
Ә) Шалқұйрық
Б) Қара қасқа
В) Тайбурыл
Г) Шұбар ат

21. Алдар көсе қай жанрдың кейіпкері?

A) Аңыз әңгіме
Ә) Әңгіме
Б) Айтыс
В) Ертегі
Г) Шешендік сөз

22. Кенжекей қай ертегінің кейіпкері?

A) «Ұшқыш кілем»
Ә) «Ер Төстік»
Б) «Керқұла аттыКендебай»
В) «Алтын сақа»
Г) «Аяз би»

23. Тұрмыс–салт жырларының түрлерін табыңыз.

A) аңыз әңгіме, ертегі
Ә) әдет-ғұрыпқа байланысты, төрт түлікке байланысты
Б) батырлар жыры, лиро-эпостық жыр
В) шешендік сөз, нақыл сөз
Г) мақал-мәтел, жұмбақ

24. Төрт түлік пен олардың піріне қатысты қай қатар дұрыс емес?

A) қой – Шопан ата
Ә) сиыр - Зеңгі баба 
Б) түйе - Ойсылқара
В) ат - Қамбар ата
Г) ешкі - Манат ата

25. «Ұлыс оң болсын!» деген бата–тілектің түрін табыңыз.

A) Жол батасы
Ә) Теріс бата
Б) Ас қайыру батасы
В) Рамазан батасы
Г) Наурыз батасы

1. Жиреншенің ақыл айтушы жұбайы кім?

A) Алдар көсе
Ә) хан
Б) Қожанасыр
В) Қарашаш
Г) Уәзір

2. Аңыз әңгіменің басты ерекшелігі не?

A) Аңыз тек бір нұсқалы болады.
Ә) Аңызда тарихи шындық пен қиял араласып жүреді.
Б) Аңыз тек қана қиял-ғажайыптан тұрады.
В) Аңыз шындыққа жақын тұрады.
Г) Аңызда қиял элементтері мүлде болмайды.

3. Аңыздағы «Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?- деген кімнің сөзі

A) Алдар көсе
Ә) Жиренше
Б) Қожанасыр
В) Асан қайғы
Г) әз-Жәнібек хан

4. Шумақтың жалғасын табыңыз.

Бір дегеніміз бірлігі кеткен ел жаман

Екі дегеніміз - егесіп өткен ер жаман

Үш дегеніміз - үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман

Төрт дегеніміз...

A) Төскейге шыға алмаған кәрілік жаман
Ә) Білікті адамнан белгілі азамат тумаған жаман
Б) Аймағын билей алмаған хан жаман
В) Серкесіз бастаған қой жаман
Г) Өткеніңіз,о дүниеге жеткеніңіз

5. «Үйіңнің алдында төбе болса, ерттеулі тұрған атпен тең, ауылыңда ақылғөй қарт болса, жазып қойған хатпен тең»- деген кімнің сөзі?

A) Малайсары
Ә) Қазыбек би
Б) Бұқар жырау
В) Жиренше
Г) Сырым

6. Құранда неше сүре бар?

A) 123
Ә) 114
Б) 141
В) 115
Г) 111

7. Адамата мен Хауаананы кім азғырды?

A) Алла
Ә) Жәбірейіл
Б) Мұхаммед Ғалайһсалам
В) Ібіліс
Г) Халиф Әбубәкір Сыдық

8. Толағайдың ата-анасының мекен еткен жерін табыңыз.

A) Жиделібайсын
Ә) Ақжайық
Б) Сыр бойы
В) Есіл бойы
Г) Ертіс жағасы

9. Толағайдың анасының аты кім?

A) Кежекей
Ә) Күңке
Б) Қарашаш
В) Меңді
Г) Айсұлу

10. Толағайдың әкесінің даңқы немен шыққан?

A) Ер жүрек батыр
Ә) Мерген
Б) Күйші
В) Әнші
Г) Айтыскер ақын

11. «Қырық мысал» жинағының авторы кім?

A) Ыбырай Алтынсарин
Ә) Абай Құнанбаев
Б) Ілияс Жансүгіров
В) Ахмет Байтұрсынов
Г) Шоқан Уәлиханов

12. Ахмет Байтұрсынұлы қай жерде дүниеге келді?

A) Торғай
Ә) Көкшетау
Б) Семей
В) Тарғабатай
Г) Қызылжар

13. М.Өтемісұлының «Қызғыш құс» атты өлеңінде не туралы айтылған?

A) Елге, Отанға деген сүйіспеншілік
Ә) адам мен құстардың достастығы жайлы
Б) Құстардың ерекшелігі туралы
В) Ерлік,батырлық туралы
Г) Үстем тап өкілдерінің  қорқақтығы жайлы

14. А.Байтұрсыновтың «Егіннің бастары» әңгімесінен қандай қорытынды шығарды?

A) Басы иілген бидайдың ішінде дәні болады.
Ә) Бидай дән берген қожасына  бас иеді
Б) Адамның кеудесін көтергені
В) Әкесі баласына егінді көрсетуі керек
Г) Бидайдың сыртқы көрінісіне алданбау керек

15. Махамбеттің әкесінің аты кім?

A) Майлықожа
Ә) Қожағұл
Б) Сұлтанқожа
В) Арон
Г) Өтеміс

16. «Дүние қалай етсең табылады?» әңгіменің авторы кім?

A) Абай Құнанбаев
Ә) Ілияс Жансүгіров
Б) Ыбырай Алтынсарин
В) Ахмет Байтұрсынов
Г) Әбділда Тәжібаев

17. «Толағай» ертегісінің авторы кім?

A) Ыбырай Алтынсарин
Ә) Абай Құнанбаев
Б) Ілияс Жансүгіров
В) Әбділда Тәжібаев
Г) Ахмет Байтұрсынов

18. Төмендегі үзінді М.Өтемісұлының қай өлеңінен алынған?

Көл қорыған сен едің,
Сен де айырылдың көліңнен.
Ел қорыған мен едім,
Мен айырылдым елімнен.

A)  «Жалғыздық»


Ә) «Мен – құстан туған қумаймын»
Б)  «Мұнар күн»
В)  «Ереуіл атқа ер салмай»
Г) «Қызғыш құс»

19. «Өгіз бен бақа» мысал-өлеңін аударған кім?

A) Ілияс Жансүгіров
Ә) Ахмет Байтұрсынов
Б) Ыбырай Алтынсарин
В) Әбділда Тәжібаев
Г) Абай Құнанбаев

20. А Байтұрсынұлы қай жылы туды?

A) 1873
Ә) 1841
Б) 1845
В) 1877
Г) 1878

21. Ыбырай Алтынсарин тұңғыш мектепті қай жылы ашыты?

A) 1866
Ә) 1864
Б) 1865
В) 1860
Г) 1860

22.Әдеби ертегінің кейіпкерін табыңыз?

A) Алпамыс
Ә) Ерназар
Б) Әз Жәнібек
В) Толағай
Г) Ер Тарғын

23. Сымайылдың туған анасы кім?

A) Сара
Ә) Ажар
Б) Қарашаш
В) Құртқа
Г) Күнекей

24. Ы.Алтынсарин қай жерде дүниеге келді?

A) Торғай
Ә) Көкшетау
Б) Семей
В) Қостанай
Г) Қызылжар

25. Ы.Алтынсарин әкесі қайтыс болғаннан кейін кімнің тәрбиесінде өседі?

A) Ауыл молдасында
Ә) Қыпшақ Сейітқұл
Б) Балқожа би
В) Әз Жәнібек
Г) Төле би

Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері – Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйектe қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы,ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.

Атасы Шошақ немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Әкесінің інісі [Ерғазы] Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895-1909 жылы Ақтөбе, Қостанай,Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады. Ол өте кемеңгер ,білімді тұлғаның бірі болған.

 

Байтұрсыновтың саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұс келеді. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде жазылып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясы (арыз-тілегі) авторларының бірі Байтұрсынұлы болды. Қарқаралы петициясында жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға рұқсат беру, күні өткен Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелері көтерілді. Онда қазақ даласына орыс шаруаларын қоныс аударуды үзілді-кесілді тоқтату талап етілген болатын. Сол кезеңнен бастап жандармдық бақылауға алынған Байтұрсынұлы 1909 жылы 1 шілдеде губернатор Тройницкийдің бұйрығымен тұтқындалып, Семей түрмесіне жабылды.



Ресей ІІМ-нің Ерекше Кеңесі 1910 жылы 19 ақпанда Байтұрсыновты қазақ облыстарынан тыс жерге жер аудару жөнінде шешім қабылдады. Осы шешімге сәйкес Байтұрсынұлы Орынборға 1910 жылы 9 наурызда келіп, 1917 жылдың соңына дейін сонда тұрды. Байтұрсынұлы өмірінің Орынбор кезеңі оның қоғамдық-саяси қызметінің аса құнарлы шағы болды. Ол осы қалада 1913–1918 жылы өзінің ең жақын сенімді достары Ә.Бөкейханов, М.Дулатовпен бірігіп, сондай-ақ қалың қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарып тұрды. Газет қазақ халқын өнер, білімді игеруге шақырды.

Байтұрсыновтың Орынбордағы өмірі мен қызметі Ресей үкіметінің қатаң жандармдық бақылауында болды. Ол «Қазаққа» жабылған негізсіз жала салдарынан абақтыға отырып шықты. Байтұрсынов 1917 жылы рев. өзгерістер арнасында өмірге келіп, қазақ тарихында терең із қалдырған Қазақ съездері мен Қазақ к-ттері сияқты тарихи құбылыстың қалың ортасында жүрді, оларға тікелей араласып, «Қазақ газеті»арқылы саяси теориялық бағыт-бағдар беріп отырды.

Байтұрсынұлы Алаш партиясы бағдарламасын даярлаған шағын топтың құрамында болды. Байтұрсынов пен Дулатов қазақ арасында бұрыннан келе жатқан ру – жүзаралық алауыздыққа байланысты Алаш Орда үкіметінің құрамына саналы түрде енбей қалды, бірақ олардың қазақ ұлттық мемлекеттік идеясын жасаушы топтың ішінде болғандығын замандастары жақсы біліп, мойындады. Алаш Орда құрамын бекіткен 2-жалпықазақ съезі Оқу-ағарту комиссиясын құрып, оның төрағасы етіп Байтұрсыновты бекітті. 1919 жылы наурызға дейін Алашорда үкіметінің Торғай облысы бөлімінің мүшесі болды. Байтұрсынұлы 1919 жылы наурызда Алашорда үкіметі атынан Мәскеуге Кеңес үкіметімен келіссөзге аттанды, осы жылғы шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі мен Қазақ әскери-рев. к-ті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Байтұрсыновтың ықпалымен сәуірде Алашорда басшылары мен мүшелеріне Кеңес үкіметінің кешірімі жарияланды. Байтұрсынұлы бұл тарихи кезеңде «патшалардың төрінде отырғаннан, социалистердің босағасында өлгенім артық» деген пікірде болды (ҚР ҰҚК архиві, 78754-іс, 6-т., 44-п). 1920 жылы В.И.Ленинге үкіметінің Қазақстанды басқару ісіндегі алғашқы қадамын қатал сынға алған хатын жолдады. Қазревком мүшесі ретінде Қазақстанның Ресеймен шекарасының қалыптасу ісіне белсенді түрде араласты.

Бүкілресейлік ОАК-нің 1919 ж. 27 тамызда Қостанай уезін Челябинск облысына қосу туралы шешіміне қарсы Б-тың жазған саяси наразылығы Қостанай уезін Қазақстан құрамына қайтаруға негіз болды. Ол 1920 ж. тамызда құрылған Қазақ АКСР-і үкіметінің құрамына еніп, 1920–1921 жылы Қазақ АКСР-і халық ағарту комиссары қызметінде болды.

1922 жылы Өлкелік халық комиссариаты жанындағы Академиялық орталықтың, 1922–1925 жылы Халық ағарту комиссариаты ғылыми-әдеби комиссиясының, Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы болып қызмет атқарды. Байтұрсынұлы түрлі мемлекеттік қызметке ат салыса жүріп, сонымен бір мезгілде өзінің жаны сүйген оқытушылық-ұстаздық жұмысынан да қол үзбеген.

1921–1925 жылы Орынбордағы, 1926–1928 жылы Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ берді. 1928 жылы Алматыда Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының ашылуына байланысты ректордың шақыруымен осы оқу орнына профессор қызметіне ауысты. 1929 жылы 2 маусымда 43 Алаш қозғалысы қайраткерлерімен бірге ол Алматыда тұтқынға алынып, осы жылдың соңына қарай тергеу үшін Мәскеудегі Бутырка абақтысына жөнелтілді. КСРО Халық комиссарлар кеңесі жанындағы ОГПУ «үштігінің» 1930ж. 4 сәуірдегі шешіміне сәйкес Байтұрсынұлы ату жазасына кесілді. Бұл шешім бірнеше рет өзгерістерге ұшырады: 1931 жылы қаңтарда 10 жылға концлагерьге ауыстырылса, 1932 ж. қарашада 3 жылға Архангельскіге жер аударылсын деп ұйғарылды.

1933 жылы мамырда денсаулығы нашарлап кетуіне байланысты қалған мерзімді Батыс Сібірде айдауда жүрген отбасымен (әйелі мен қызы) бірге өткізуге рұқсат беріледі. 1934 жылы М.Горькийдің жұбайы Е.П.Пешкованың көмегімен Байтұрсынұлы отбасымен мерзімінен бұрын босатылып, Алматыға оралады. Бұл жерде тұрақты жұмысқа қабылданбай, түрлі мекемелерде қысқа мерзімдік қызметтер атқарады. 1937 жылы 8 тамыза тағы да қамауға алынып, екі айдан соң, яғни 8 желтоқсанда атылды. Тұтас буынның төл басы болған Байтұрсыновтың алғашқы кітабы – «Қырық мысал»1909 жылы жарық көрді. Ол бұл еңбегінде Ресей отаршыларының зорлық-зомбылығын, елдің тұралаған халін жұмбақтап, тұспалдап жеткізді. Байтұрсынұлы мысал жанрының қызықты формасы, ұғымды идеясы, уытты тілі арқылы әлеум. сананың оянуына ықпал етті. Ақынның азаматтық арман-мақсаты, ой-толғамдары кестеленген өлеңдері «Маса» деген атпен жеке кітап болып жарық көрді (1911). «Масаның» негізгі идеялық қазығы – жұртшылықты оқуға, өнер-білімге шақыру, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу. Ақын халықты қараңғылық, енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерден арылуға шақырды. Абайдың ағартушылық, сыншылдық дәстүрін жаңарта отырып, Байтұрсынұлы 20 ғ. басындағы қазақ әдебиетін төңкерісшіл-демократтық дәрежеге көтерді. Сондай-ақ Байтұрсынұлы қазақ тіліне А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Ф.Вольтер, С.Я.Надсон өлеңдерін аударды. Бұл аудармалар Байтұрсыновтың тақырыпты, идеялық-көркемдік деңгейі жоғары туындылар. Ел тағдырының келешегіне алаңдаулы ақын көп қырлы ісімен, даналық саясатымен қазақ жастарының рухани көсемі болды.

Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласы – әдебиеттану ғылымындағы алғашқы зерттеу еңбектердің бірі. Мақалада ұлы ақын Абайдың тарихи миссиясы, рухани болмысы, өлеңдерінің ұлттық сөз өнеріндегі маңызы, көркемдік-эстетик. сипаты баяндалды. Ол Абай өлеңдерінің даралығын, «сөзі аз, мағынасы көп, тереңдігін», сыншылдығын ұғындырды. Байтұрсыновтың Абайдың ақындық шеберлігі, поэзияға деген көзқарасы туралы ғылыми тұжырымдары қазақ әдебиеттану ғылымында жалғасын тапты. Оның «Әдебиет танытқыш» деген зерттеуі (1926) қазақ тіліндегі тұңғыш іргелі ғылыми-теориялық еңбек. Байтұрсынұлы әдебиет тарихына, теориясы мен сынына, методологиясына тұңғыш рет тиянақты анықтама беріп, қазақ әдебиеттану ғылымының жүйесін жасады. Халық тілінің бай қоры көзінен мағынасы терең, ұғымдық аясы кең сөздерді термин етіп алып, соның негізінде қазақ әдебиетінің барлық жанрлық формаларын топтап, жіктеп берді. Мысалы, сөз өнері, шығарма, ауыз әдебиеті, толғау, т.б. ғылыми-теориялық еңбекке қазақ әдебиетінің ең бейнелі, мазмұны мен мағынасы терең шығармаларын мысал ретінде пайдаланды. Сөз өнері жайында жазылған әлемдік ғылымның ең үздік үлгілерін пайдалана отырып, әдебиеттанудағы ұғым, термин, категориялардың соны ұлттық үлгілерін жасады. Мысалы, меңзеу, теңеу, ауыстыру, кейіптеу, әсірелеу, алмастыру, шендестіру, үдету, түйдектеу, кекесіндеу, т.б. «Әдебиет танытқышта» ақындық дарын табиғаты, шығарм. психологиясы, шабыт стихиясына ғылыми тұжырым берілді. Өлеңге жан-жақты зерттеу жасап, шумақ, тармақ, бунақ, буын, ұйқас, т.б. ұғымдарға анықтама берді.

Байтұрсынұлы қазақ әдебиетінің даму кезеңдерін ғылыми негізде топтап берген. «Әдебиет танытқыш» – сан-салалы әдебиет табиғатын жан-жақты ашып, талдап-түсіндірген ғылыми- зерттеді. Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқышымен» қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салды. Сондай-ақ ол – әдебиет тарихының мұрасын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаған зерттеуші ғалым. Көркемдігі айрықша «Ер Сайын» жыры (1923) мен қазақ тарихының төрт жүз жылын қамтитын «23 жоқтау» жинағын (1926) кітап етіп шығарды. Халық мұрасына үлкен жанашырлықпен қараған Ахмет Байтұрсынұлы «әдебиет тіліне негіз етіп ел аузындағы тіл алынбаса, оның адасып кететіндігін» айтты. Байтұрсынұлы – қазақ кәсіби журналистикасын қалыптастырған ірі қайраткер. Ол қазақ халқына, зиялы қауымға газеттің қоғамдық қызметін ұғындырып, баспасөздің өркениетті, тәуелсіз елге аса қажет нәрсе екенін жанкешті іс-әрекетімен көрсетті. Байтұрсынұлы ұйымдастырып, бас редактор болған «Қазақ» газеті қоғамдық ойға ірі қозғалыс, рухани санаға сілкініс әкелді. «Қазақ» газеті халықтың рухын сергіткен ірі құбылысқа айналды. Байтұрсынұлы – әлеум. мәселелерге, қоғамдық ой-пікірге ықпал жасаған публицист. Оның мақалалары ғылыми байыптауымен, өткір ойларымен сол кезеңнің шындығынан хабар береді. Абайдың қоғам өмірінің демокр. құрылысы туралы ойларын дамытып, саяси-әлеум. жағдай, оқу-ағарту, халықтың тұрмыс-тіршілігі туралы мәселелерді қозғады. Қазақ зиялыларының жан-жақты білімдар әрі саяси күресте шыңдалған легін қалыптастыруда Байтұрсыновтың публицист, баспасөз ұйымдастырушы ретіндегі еңбегі ұшантеңіз. Ол – қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа үлгі ұсынған реформатор.



Байтұрсынұлы әліпбиі қазақ тілінің табиғатына бейімделген араб жазуы негізінде жасалды. Ол Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде (Орынбор, 1924), құрылтайында (Баку, 1926) араб жазуындағы әліпбидің қажеттілігін, құндылығын жан-жақты тұжырыммен дәлелдеген ғылыми баяндама жасады. Бұл әліпби ұлттық жазудың қалыптасуындағы ірі мәдени жетістік болып табылады. Ол халыққа ғылым-білімнің қажеттілігін түсіндірумен ғана шектелмей, білім беру ісін жолға қоюға күш салды. Орыс,татар мектептерінен оқып шыққан ұлт мамандарының өз тілін қолданудағы кемшіліктерін көріп: «Әр жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай басқалық болса, тілінде де сондай басқалық болады. Біздің жасынан не орысша, не ноғайша оқыған бауырларымыз сөздің жүйесін, қисынын нағыз қазақша келтіріп жаза алмайды не жазса да қиындықпен жазады, себебі, жасынан қазақша жазып дағдыланбағандық» деп жазды. Байтұрсыновтың «Оқу құралы» (1912) – қазақша жазылған тұңғыш әліппелердің бірі. Бұл әліппе оқытудың жаңа әдістері тұрғысынан өңделіп, 1925 жылға дейін бірнеше рет қайта басылды. «Оқу құралы» қазіргі әдістеме тұрғысынан әлі күнге дейін маңызды оқулық ретінде бағаланады. Байтұрсынұлы қазақ тілінің тазалығын сақтау үшін қам қылды. Өзі жазған «Өмірбаянында» (1929): «...Орынборға келгеннен кейін, ең алдымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім; одан кейін қазақ әліпбиі мен емлесін ретке салып, жеңілдету жолында жұмыс істедім, үшіншіден, қазақтың жазба тілін бөтен тілдерден келген қажетсіз сөздерден арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердің жат әсерінен тазартуға әрекеттендім; төртіншіден, қазақ прозасын жасанды кітаби сипаттан арылтып, халықтық сөйлеу тәжірибесіне ыңғайластыру үшін ғылыми терминдерді қалыптастырумен айналыстым» деген. Б. қазақ мектептерінің мұқтаждығын өтеу мақсатында қазақ тілін пән ретінде үйрететін тұңғыш оқулықтар жазды. Оның үш бөлімнен тұратын «Тіл – құрал» атты оқулығының фонетикаға арналған бөлімі 1915 жылы, морфологияға арналған бөлімі 1914 ж., синтаксис бөлімі 1916 жылдан бастап жарық көрді. «Тіл – құрал» – қазақ тілінің тұңғыш оқулығы. Оқулық қазіргі қазақ тілі оқулықтарының негізі болып қаланды. «Тіл – құрал» қазақ тіл білімінің тарау-тарау салаларының құрылымын жүйелеп, ғылыми негізін салған зерттеу. Оның тілдік ұғымдарға берген анықтамаларының ғылыми тереңдігі, дәлдігі қазіргі ғылым үшін өте маңызды. Ол тұңғыш төл граммат. терминдерді қалыптастырды. Мысалы, зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, бастауыш, баяндауыш, пысықтауыш, шылау, сөз таптары, сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз, т.б. жүздеген ұлттық терминдерді түзді. Сондай-ақ Байтұрсынұлы практикалық құрал ретінде «Тіл жұмсар», мұғалімдерге арналған «Баяншы» деген әдістемелік кітаптар жазды. Ол – қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаған ғалым-ағартушы. Байтұрсынұлы оқулығындағы тілдік категорияларды ұғындыру мақсатында енгізген «сынау», «дағдыландыру» деген арнайы бөлімдер қазіргі заманғы әдістеме ғылымы үшін де өз маңызын жойған жоқ. Байтұрсыновтың ақын, аудармашы, ғалым-тілші, әдебиеттанушы ретіндегі ұлан-ғайыр еңбегі өз дәуірінде зор бағаға ие болды. 1923 жылы Байтұрсыновтың 50 жасқа толғаны Орынбор, Ташкент 1922жылы қалаларында салтанатты түрде аталды. С.Сәдуақасов, С.Сейфуллин, М.Әуезов, М.Дулатов, Е.Омаров сияқты замандастары баспасөзде мақалалар жариялап, Байтұрсыновтың қазақ халқына сіңірген еңбегін өте жоғары бағалады. Өмірі мен қызметіне, шығармашылығына ғылыми пікір-тұжырымдар айтылды. Әуезов Ахмет туралы «Ақаңның елу жылдық тойы» деген мақаласында «...Кешегі күндерге дейін бәріміз жетегінде келгенбіз. Қаламынан туған өсиеті, үлгісі әлі есімізден кеткен жоқ. Патша заманындағы хүкіметтік өр зорлыққа қарсы салған ұраны, ойымызға салған пікірі ... әлі күнге дейін үйреніп қалған бесігіміздей көзімізге жылы ұшырайды, құлағымызға жайлы тиеді» деп жазды. 1929 ж. шыққан «Әдебиет энциклопедиясында]]» (Мәскеу) Байтұрсынұлы тұлғасына «аса көрнекті қазақ ақыны, журналисі және педагогы. Ол қазақ тілі емлесінің реформаторы және қазақ әдебиеті теориясының негізін салушы» деген ғылыми әділ баға берілді. 1933 жылы шыққан М.Баталов пен М.С.Сильченко|Сильченконың «Қазақ фольклоры мен қазақ әдебиетінің очерктері» деген кітапшасында: «оның негізгі бағыты қазақ халқының қоғамдық-мәдени оянуына ықпал ету болды» деп Б-тың қоғамдық қызметін қорытындылады. Кейінгі коммунистік идеология Б. есімін ауызға алуға көп жылдар бойы тыйым салып, ол туралы сыңаржақ пікірлер айтылды. Саяси қысымның қаупіне қарамастан белгілі түркітанушы, академиг А.Н.Кононов «Отандық түркітанушылардың биобиблиографиялық сөздігі» деген еңбегінде (1974) Байтұрсыновтың толық өмірбаянын беріп, әлеум.-қоғамдық қызметін, басты еңбектерін нақты айтты. Оның қазақ әліппесінің авторы екендігі, қазақ тілінің фонетикасы, синтаксисі, этимологиясы, әдебиет теориясы мен мәдениет тарихы оқулықтарын жазғандығы көрсетілді. 1988 жылдан кейін Қазақстандағы көптеген көше, мектептерге Байтұрсын есімі берілді. Тіл білімі институты, Қостанай университетіБайтұрсыновтың есімімен аталды. 1998 жылы оның туғанына 125 жыл толған мерейтойы салтанатпен атап өтіліп Алматы қаласынданда республика ғылыми конференция өткізілді, Байтұрсыновтың мұражай-үйі мен ескерткіші ашылды.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және «Әдебиет порталына» гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Эл. пошта: Adebiportal@gmail.com 8 (7172) 79 82 06 (ішкі – 112) © adebiportal.kz


https://adebiportal.kz/kz/authors/view/2236

III  тоқсан

1. Абай «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, соқыр,мылқау, танымас тірі жанды...»деп нені суреттеп тұр?

A) қатыгез адам


Ә) кәрі құда
Б) қыс бейнесі
В) жарлы кедей
Г) қаһарлы жылдар

2. С Торайғыров қай жылдары өмір сүрген?

A) 1893-1938
Ә) 1895-1922
Б) 1893-1922
В) 1893-1920
Г) 1892-1924

3. 18.Төмендегі үзінді А.Құнанбаевтің қай өлеңінен алынған?

Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Адам болам десеңіз.
Тілеуін, өмірін алдында...

A) «Сабырсыз, арсыз, еріншек»


Ә) «Ғылым таппай мақтан ба»
Б) «Қартайдық, қайғы ойладық»
В) «Болыс болдым, мінеки»
Г) «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол»

4. Қайсысы М.Жұмабаевтің өлеңі емес?

A)  «Қысқы жолда»
Ә)  «Сағындым»
Б)  «Балалық шақ»
В)  «Болыс болдым, мінеки»
Г)  «Түркістан»

5. Жамбыл қай жылы қайтыс болды?

A) 1945
Ә) 1948
Б) 1947
В) 1944
Г) 1946

6. Сұраншы, Өтеген батырларға арнап дастан жазған ақынды табыңыз.

A)  Н.Байғанин
Ә)  Ж.Жабаев
Б)  И.Байзақов
В)  Қ.Әзірбаев
Г)  Т.Жароков

7. «Аққудың айырылысуы». «Көкшетау» «Қызыл ат» поэмаларының авторы кім?

A)  С.Сейфуллин
Ә)  І.Жансүгіров
Б)  М.Жұмабаев
В)  Қ.Аманжолов
Г)  М.Шаханов

8. С.Сейфуллин қайда туған?

A) Ақмола облысы, Ақмола уезі, Нілді болысының 1-аулы
Ә) Қостанай облысы, Тобыл ауданы, Майлин кеңшары
Б) Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қызылтау атырабы
В) Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы
Г) Шығыс Қазақстан облысы, Дегелең ауданы

9. «Күй», «Күйші» поэмалардың авторы кім?

A)  М.Жұмабаев
Ә)  І.Жансүгіров
Б)  С.Сейфуллин
В)  Қ.Аманжолов
Г)  А.Құнанбаев

10. М.Әуезов әкесі қайтыс болған соң кімнің тәрбиесінде болды?

A) Нағашысы
Ә) Аталас туысы
Б) Немере ағасы Қасымбек
В) Абай
Г) Атасы Әуез

11. С.Мұқанов қай жылдары өмір сүрді?

A) 1894-1938ж.ж.
Ә) 1893-1920 ж.ж.
Б) 1900-1973ж.ж.
В) 1845-1904ж.ж
Г) 1899-1937ж.ж.

12. Ғ.Мүсірепов «Қазақ солдаты» романында ауыл баласына жәрдем берген, өз орталарына қосқан кім?

А) Шеген
Ә) Қайырбек
Б) Анасы
В) Базар саудагерлері
Г) Балалар үйінің меңгерушісі

13. Төмендегі үзінді Иса Байзақовтың қай шығармасынан алынған?

Кеші еді жаздың сұлу нұр төгілген,
Жібектей жерге жасыл гүл себілген.
Көк шатыр, қызғылт теңбіл тақталанып,
Жерге кеп алыс аспан төңкерілген

А) «Жазғы кеш»


Ә) «Құралай сұлу»
Б) «Ақбөпе»
В) «Қойшының ертегісі»
Г) «Неге Алатау шаттанады?»

14. «Қажымұқан» хикаятының авторы кім?

A) М.Жұмабаев
Ә) І.Жансүгіров
Б) С.Сейфуллин
В) Қ.Аманжолов
Г) Қ.Әбдіқадыров

15. М.Мақатаевтің өлеңін табыңыз?

A) «Дауыл»
Ә) «Мен таулықпын»
Б) «Көзімнің қарасы»
В) «Ғылым таппай мақтан ба»
Г) «Мен-қазақпын»

16. «Ар-ұят туралы» өлеңінің авторы кім?

A) Ә.Сәрсенбаев
Ә) М.Мақатаев
Б) Ж.Молдағалиев
В) Ф.Оңғарсынова
Г) Қ.Мырзалиев

17. Қай ақын Қазақстан облысындағы Сайқұдық деген жерде туған?

A) Қ. Бұғыбаева
Ә) М.Мақатаев
Б) Қ.Баянбаев
В) Ж. Молдағалиев
Г) Т.Молдағалиев

18. «Менің Республикам» кімнің өлеңі?

A) Ж.Молдағалиев
Ә) Қ.Баянбаев  
Б) С.Мәуленов
В) Қ.Бұғыбаева
Г) Т.Молдағалиев

19. Қуандық Шаңғытбаевтің туған жылын көрсетіңіз?

A) 1925-2001 ж.ж.
Ә) 1935-2001 ж.ж.
Б) 1925-2003 ж.ж.
В) 1920-1999 ж.ж.
Г) 1922-1993 ж.ж.

20. Ұлы Отан соғысына кеткен әкесін сағынып, өлеңдер жазған он жасар бала кім еді?

А) М.Мақатаев
Ә) Ғ.Мүсірепов
Б) Қадыр Мырза Әли
В) Ә.Нұрпейісов
Е) О.Сүлейменов

21. Мұқағалидің өлеңін табыңыз.

A) «Портреттер»
Ә) «Мен-қазақпын»
Б) Менің Республикам»
В) «Көзімнің қарасы»
Г) «Фантазия»

22. Қай ақын Алматы облысы, Райымбек ауданыда дүниеге келді?

A) Қ.Бұғыбаева
Ә) М.Мақатаев
Б) Қ.Баянбаев  
В) Т. Айбергенов
Г) Т.Молдағалиев

23. Қ.Аманжоловтың шығармасын табыңыз.

A) «Жолама қулар маңайға»
Ә) «Ұшқан құс»
Б) «Сыр сандық»
В) «Көзімнің қарасы»
Г) «Дауыл»

24. Қуандық Шаңғытбаевтің өлеңін көрсет.

A) «Ар-ұят туралы»
Ә) «Менің Республикам»
Б) «Жазғы кеш»
В) «Барлығы да сендердікі»
Г) «Сабалақ»

25. М.Мақатаевтің балалық шағы қай кезде өтті?

A) Тың игеру кезінде
Ә) Ұлы Отан соғысы кезінде
Б) Жоңғар шапқыншылығы кезінде
В) Ұлт-азаттық көтеріліс кезінде
Г) Қазан көтерілісі кезінде

IV Тоқсан

1. «Ақан сері», «Жапандағы жалғыз үй» романдарының авторы кім?

A) М.Мақатев


Ә) С.Мәуленов
Б) Ж. Молдағалиев
В) С. Жүнісов
Г) Т.Молдағалиев

2. Сәкен Жүнісов қай жылдары өмір сүрді?

A) 1925-2006 ж.ж.
Ә) 1935-2001 ж.ж.
Б) 1934-2003 ж.ж.
В) 1920-1999 ж.ж.
Г) 1934-2006 ж.ж.

3. «Ақырғы бәйге» шығармасында сынды құлагерге кім айтты?

A) Күреңбай
Ә) Ақан
Б) Мөңке.
В) Шашубай
Г) С.Жүнісов

4. «Бауырлар» өлеңінің авторы кім?

A) Қ.Жұмаділов
Ә) С.Мәуленов
Б) Т.Молдағалиев
В) С.Жүнісов
Г) Ж.Молдағалиев

5. Төмендегі қай шығарма Қ.Жұмаділовтікі емес?

A) «Соңғы кеш»
Ә) «Сәйгүліктер»
Б) «Тағдыр»
В) «Отырар»
Г) «Дарабоз»

6. Ф.Оңғарсынованың тұңғыш жинағы қалай аталды?

A) «Бұлбұл»
Ә) «Оюлар»
Б) «Біздің Камшат»
В) «Сырласу»
Г) «Сенің махаббатың»

7. Даңқын қайда төске өрлеген?


Екі жүз мың әскерменен
Алты ай бойы кіп-кішкентай Отырарды  ала алмау...
...Тек жеңіспен көзін ашқан
Менің алғыр ұрпағымның сүйегіне зор таңба, - деп Шыңғыс кімге ашу сөз айтып отыр.

A) Мұхтарға


Ә) Қайырханға
Б) Қарияға
В) Қарашоқыға
Г) Шағатайға

8. Шыңғысхан алдына алып келген екі адамдар кімдер?

A) Шағатай, Қайырхан
Ә) Қайырхан, Қария
Б) Қария, Қарашоқы
В) Қарашоқы ,Шағатай
Г) Қайырхан, Қарашоқы

9. Мұхтар Шахановтың туған жерін көрсет?

А) Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар өңірінде
Ә) Қостанай облысы, Тобыл ауданы, Майлин кеңшары
Б) Шығыс  Қазақстан облысы, Абай ауданы
В) Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қызылтау атырабы
Г) Ақмола облысы, Ақмола уезі, Нілді болыссында

10. Ф.Оңғарсынованың халқымыздың мәдени-ұлттық құндылықтарын қастерлеуге арналған өлеңі?

A) «Сенің махаббатың»
Ә) «Біздің Камшат»
Б) «Маңғыстау монологтары»
В) «Оюлар»
Г) «Бұлбұл»

11. Қайсысы Нәсіреддин Серәлиевтің шығармасы емес?

A) «Жаманыңды көрмесем»
Ә) «Ыстық күлше»
Б) «Аңсау»
В) «Ақбөпе»
Г) «Әңгелек»

12. Кімнің өлеңі Тәуелсіз Қазақстанның Әнұранына айналды?

A) Қ.Жұмаділов
Ә) Ж.Нәжімеденов
Б) Т.Молдағалиев
В) С.Жүнісов
Г) Ж.Молдағалиев

13. Күләш Ахметова қандай кітабы үшін Қазақстан Жастар одағы сыйлығына ие болды?

A) «Наурыз нұры»
Ә) «Ақ гүлім менің»
Б) «Сен менің бақытымсың»
В) «Арғымақтар даласы»
Г) «Мейірім»

14. Күләш Ахметованың тұңғыш кітабы қалай аталады?

A) «Мейірім»
Ә) «Бұлақтағы жұлдыздар»
Б) «Сен менің бақытымсың»
В) «Арғымақтар даласы»
Г) «Ақ гүлім менің»

15. Күнделік үлгісімен жазылған қандай шығарма?

A) «Отырар»
Ә) «Робинзон Крузо»
Б) «Аңсау»
В) «Абай жолы»
Г) «Қозыкүрең»

16. Шыңғыс Айтматовтың туған ауылының аты?

A)  Боранды
Ә) Сарыөзек
Б)  Бішкек
В)  «Абай жолы»
Г)  Шекер

17. Қай ақын Атырау облысы, Манаш ауылында туған?

A) Қ.Бұғыбаева
Ә) С.Мұратбеков
Б) Қ.Баянбаев
В) Ф.Оңғарсынова
Г) Ә.Кекілбайұлы

18. Қайсысы Жұмекен Нәжімеденов шығармасы емес?

A) «Жаманыңды көрмесем»
Ә) «Сен ақылды болсаң екен...»
Б) «Аңсау»
В) «Менің Қазақстаным»
Г) «Кішкентай»

19. Іңкамал апай қандай шығарманың кейіпкері?

A) «Ерте келген тырналар»
Ә) «Жәмила»
Б) «Аңсау»
В) «Құс жолы»
Г) «Жан пида»

20. Іңкамал апай қандай пәннен сабақ береді?

A) тарих
Ә) математика
Б) әдебиет
В) география
Г) биология

21. «Аударып жұрттың назарын,


Бардың да көрген базарын.
Жоқтың да көрген азабын,
Даладай дана қазағым», - деп жырлаған қай ақын еді

A) Сәкен Сейфуллин


Ә) Тұман Молдағалиев
Б) Күләш Ахметова
В) Шыңғыс Айтматов
Г) Мұқағали Мақатаев

22. «Ақырғы бәйге» шығармасындағы Құлагер кімнің аты еді?

A) С.Сейфуллин
Ә) Т.Молдағалиев
Б) С.Жүнісов
В) І.Жансүгіров
Г) Ақан сері

23. «Менің Қазақстаным» өлеңін қай ақын жазды?

A) Төлеген Айбергенов
Ә) Тұман Молдағалиев
Б) Күләш Ахметова
В) Шыңғыс Айтматов
Г) Жұмекен Нәжімеденов

24. Ақын М.Шахановтың «Отырар» жырында Отанын сатқан кейіпкердің аты кім еді?

A) Қайырхан
Ә) Қарашоқы
Б) Жошы
В) Шыңғыс
Г) Шағатай

25. «Балықшы мен балық» мысал өлеңін А.Байтұрсынұлы орыстың қай жазушыснан аударды?

А) Пушкиннен
Ә) Лермонтовтан
Б) Крыловтан
В) Чеховтан
Г) Толстойдан

1



2

3

4



5

6

7



8

9

10



11

12

13



14

15

16



17

18

19



20

21

22



23

24

25



                     І

г

а



в

а

в



в

а

ә



ә

б

г



ә

в

а



а

в

б



б

ә

а



а

ә

ә



г

г

ІІ



в

ә

ә



а

г

ә



в

г

г



ә

в

а



а

б

г



б

в

г



ә

а

ә



в

ә

в



б

ІІІ


б

в

ә



в

а

ә



а

в

ә



г

б

а



а

г

ә



б

в

б



а

а

г



ә

г

г



ә

IV

в



г

а

б



в

а

г



г

а

в



а

ә

б



г

ә

г



в

б

а





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет