-салықтық зерттеу -акцизделетін тауарларға бақылау -салық төлеушілерді салық органдардында тіркеу -трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау
W (weakness) – әлсіз жақтары
Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануы
Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыздандыру
O (opportunity) – қолайлы мүмкіндіктер
ҚР заңнамасына сәйкес салық төлеушілерге және басқа да уәкілетті мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.
T (threat) – қауіптер
Салықтық тексеру нәтижелеріне және салық қызметі органдарының әрекеттеріне шағым жасау мүмкіндігі.
Қорытынды: Салықтың әкімшілендіруді жаңғырту және жетілдіру мақсатында салық органдары салықтық әкімшілендірудің және салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерді орындауының өзге тәртібін көздейтін пилоттық жобаларды іске асыруды (ендіруді) жүзеге асыруға құқылы.
4. Тапсырма: Бақылау-касса машиналарын қолдану кезінде қандай талаптар қойылады? Жауабыңызды мысал арқылы немесе заңнамадан дәлелді жауап арқылы нақтылаңыз
Бақылау - касса аппараты: -сауда орындарында кассир жұмысын жеделдету және механикаландыру -түскен ақша есебін шығару -есептеу кезінде қате жіберу мүмкіндігін болдырмау -касса операцияларын бақылау үшін қолданылатын есептеу-жинақтау машинасы. Бақылау-касса машиналарын қолдану кезінде қойылатын талаптар: 1) ақшалай есеп айырысулармен байланысты қызмет басталғанға дейін бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою жүзеге асырылады; 2) тауар, жұмыс, көрсетiлетiн қызмет үшін төленген сомаға бақылау-касса машинасының чегін немесе тауар чегін беру жүзеге асырылады;