«Қозғалыс», «ұйым», «партия» үғымдары. Қозғалыстың партиядан қандай ерекшеліктері бар? «Нұр Отан» және «ҚХКП» (Қазақстанның Халықтық Коммунистік партиясы). Құрылған уақытын, алдына қойған мақсатын, сипатын салыстырыңыз.
ХІІІ –ХV ғғ. жер иелену түрлерінің мағынасын кестеге толтырыңыз.
Інжу
Вақфтық жерлер
Сойырғал, иқта
Шаруалардың мүліктік жерлері
Жауабы: 1.Алтын Орда мемлекетінің құрылуы. Алтын Орда – Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы ірі мемлекеттердің бірі. Жошы ханның баласы Батый ханның кезінде Орда Алтай тауынан Дунай өзеніне дейінгі ұлан-ғайыр жерді алып жатқан үлкен мемлекет болды. Орталығы алғашында Еділ бойындағы Сарай-Батуда болса, кейін Сарай-Берекеге көшірілген. Алғашқы кезде Алтын Орда деген ұғым болмаған. Орыс деректерінде бұл атау тек ХVI ғасырдың аяғында пайда болған. Шыңғысхан және оның ұрпақтары туралы жазылған «Шыңғыснама» шежіресі сақталған. Осы шежіреде мынадай аңыз бар. Шыңғысхан Жошы ханнан туған өзінің Батый, Ежен, Шайбани деген үш немересіне алтын босағалы «Ақ орда», күміс босағалы «Көк Орда», болат босағалы «Боз Орда» тіккізген. Алтын босағалы ордаға Батыйды кіргізіп, Жошының орнына хан сайласа керек. «Алтын Орда» деген атау осыдан шыққан тәрізді. Сөйтіп Жошы ұлысының орнына алтын босағалы Ақ Ордаға кіріп, таққа отырған Батыйдың басқаруымен Алтын Орда мемлекеті құрылған.
Жазба деректерде басқа да түсініктер бар. Бір деректерде Жошы ұлысының қарамағындағы жерлер ғана «Алтын Орда» деп аталса, ал екіншісі бір деректерде Батый хан мен оның мирасқоры Беркенің иелігіндегі Еділ бойы мен Кавказдың терістік жағын «Алтын Орда» деп аталған. Жалпы «Алтын Орда» болып аталғанымен, оның өзі жеке-жеке ұлыстарға бөлініп жатқан. Олардың арасында байланыс өте нашар болған.
Батый хан-Алтын Орданы құрушы монғол ханы. 1227-1255 жылдары Алтын Орданы билеген.
Мұсылман деректерінде Батый хан әділ адам болғандығы айтылады. Ол мұсылман елдеріне қамқорлық жасап, оларға мешіт салдырып, діни-әдет ғұрыптарды жүргізуге көмектесіп отырған. Соңдықтан да ол мұсылмандардың ең жақын қамқоршысы деп есептелген. Парсы тарихшысы Жунейни Батый ханның әділдігі туралы былай деп жазған: «Оның ордасына саудагерлер барлық жерлерден келіп жатты. Олар түрлі тауарлардың барлығын алғызып, оның үстіне бағаны артығымен төлетіп отырған».Ал орыс жылнамаларында Батый ханның Алтын Орданың экономикалық қуатын арттырып, қалалық өмірдің жандануына ерекше көңіл бөлгені айтылады.
2.«Қозғалыс», «ұйым», «партия» ұғымдары. Қозғалыстың партиядан қандай ерекшеліктері бар? «Нұр Отан» және «ҚХКП» (Қазақстанның Халықтық Коммунистік партиясы). Құрылған уақыты, алдына қойған мақсаты, сипатына салыстыру жасаңдар. Қозғалыс, ұйым – азаматтардың саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени саланың біреуіне байланысты көзқарастарын білдіретін бірлестіктер. Олар қоғамдағы белгілі-бір проблеманы шешу үшін құрылып, сол проблема шешімін тапқан жағдайда өз жұмыстарын тоқтатуы мүмкін. Ал, ұйым кей жағдайда өзге мәселені көтеру үшін жұмысын жалғастырып немесе партия болып қайта құрылады. Партия –саяси ұйым, оның мақсаты билікке қол жеткізу. Партия қоғам мен мемлекет арасындағы дәнекерлеуші буын қызметін атқара алады.Өйткені ол, ең алдымен, өз қызметінде халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтауы тиіс.
«ҚХКП» (Қазақстанның Халықтық Коммунистік партиясы)- Қазақстан Коммунистік партиясының ыдырауы нәтижесінде құрылды. ҚХКП-ға ҚКП-дан 15 мың адам мүшелікке өтті. 2004 жылы сәуірде ҚР Әділет министрлігінде тіркелді. Партияның мақсаты –қоғамда шынайы халық билігін, терең адамгершілік, еркіндік және ғылыми-техникалық жаңғыру негізінде дамыған экономика, әлеуметтік әділеттілік орнату.2012жылғы мәжіліс сайлауында 7 мандатты иеленді. Сипаты –халықтық-коммунистік, коммунизм идеясына адалдық таныта отырып, нақты жағдайда әлеуметтік әділетті қоғам құруға қол жеткізуді мақсат етеді.
«Нұр-Отан» Халықтық-демократиялық партиясы құрылып, оның құрамына «Қазақстанның азаматтық партиясы» мен «Қазақстанның аграрлық партиясы» және «Асар» партиясы кірді. Мақсаты- Қазақстанның дамуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Партия қоғамдық институттар мен мемлекеттік органдар күшін біріктіріп, әлемдік экономикалық дағдарыстың әсерін болдырмау, дағдарыстан кейін де дамуды қамтамасыз етуді көздейді. 2013ж. қазанда «Нұр-Отан» партиясының ХVсъезі болып өтті. Съезде- «Нұр-Отан» партиясының саяси доктринасы «Нұрлы болашақ жолында» қабылданды. Сипаты- халықтық-демократиялық, халықты өзін-өзі басқаруға қатыстыра отырып, қоғам мен мемлекет арасында үйлесімді қатынасқа қол жеткізу.