3.Үйсін тайпаларының қоныстанған аумағын картаға белгілеңіз Ерте темір дәуірі заманында сақтардан соң Жетісу жерін үйсін тайпалары мекендеген. Олар - Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы этникалық бірлестіктердің бірі. Үйсіндер Жетісу мен Тянь-Шаньда, Қытайдың солтүстік-батыс өлкесінде, Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай таулы бөктеріндегі далалы өңірлерде өз ізін қалдырған. Қазақ халқының калыптасуына негіз болған тайпалар қатарына жатады.Үйсін атауы қытай жазбаларында б.з.б. 2 ғасырдан бастап кездеседі. Олар «ат жакты, аққұбаша, сары шашты» болып бейнеленеді. Үйсіндердің шығыс шегі бір кездерде Қытайдың солтүстік-батысындағы Бесбалық ауданы арқылы, батысында Шу Талас өзендерінің бойымен өткен. Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатса керек. Олардың ордасы Қызыл Аңғар (Чигучен не Чигу) қаласы Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты.
22-Билет Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ұлтаралық қатынастар.
Түрік дәуірі. «Түрік» атауы туралы пікірлер.
Қарлұқ мемлекетінің жер аумағын картаға белгілеңіз.
Жауабы: 1.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ұлтаралық қатынастар. Ұлы Отан соғысы жылдарында халықтар өмірінің интернационалдану барысы мейлінше күшті жүргізілді. Тұрғындарды жаппай көшірудің салдарынан шығыста тұтас өнеркәсіп державасы пайда болды. Республика 532 мың көшірілген адамдарды қабылдады. Ембі кәсіпшіліктерінде, Кенді Алтайда, Қоңырат, Текелі кеніштерінде жүздеген шешендер мен ингуштар еңбек етті. Жауынгерлер арасында тәрбие жұмысын жүргізу, ұлт тілдерінде майдандық газеттер мен журналдар шығару, ұлттық әскери бөлімдер құру ұлттық қатынастарды нығайтуға көмектесті. Сонымен бір мезгілде ұлтаралық қатынастарға өз ықпалы мен зор әсерін тигізе білген режимнің тұтас халықтарды күштеп көшіру, зорлық-зомбылықтың барлық элементтерін қамтыған еңбек колонияларын құру сияқты қылмысты әрекеттері белең алып отырды. Соғыс қарсаңында Қазақстанға 102 мың поляк айдап әкелінген болатын. Еділ бойындағы Неміс автономиялық республикасы өмір сүруін тоқтатып, 360 мыңнан астам неміс Қазақстанға әкімшілік жолмен көшірілді. Немістерді соғысушы армиядан шығару туралы бұйрық берілді. Соғыс жылдарында қалмақтар, қарашайлар, ингуштар, шешендер, балкарлар, қырым татарлары, месхет түріктері де нақ осындай жағдайға ұшырады. Жекелеген адамдарға немесе адамдар тобына ғана емес, бүкіл халыққа күдіктене қараған большевиктік билік иелері оларды соғыс кезінде жау жағына шығып кетеді деп ойлады. КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті ІІІ Басқармасының 1945 жылғы қазан айындағы мәліметтері зорлықпен жер аударылғандардың саны 2 млн 464 мыңға жуық адам болғанын айғақтайды.Аталған режимнің қаталдығы және этносаралық қақтығыстарға итермелеген саясаты қарапайым адамдардың адамгершілік қасиеттерін жойып жібере алмады.Соғыс Қазақстан халқына үлкен сын болды: онда социалистік құрылыстың бұрмалануы да, соғыстың сұрапыл сындары да, жанға батар шығындар мен жеңіс қуанышы да, кескілескен шайқастардағы ерлік те, еңбекпен өткен күнделікті өмірдің қарапайьш ұлылығы да өз көрінісін тапты.