3.Батыс Түрік қағанатының жер аумағын картаға белгілеңіз. Түрік қағанаты 603 жылы Батыс, Шығыс болып бөлінгеннен кейін олардың алып жатқан жері анықтала бастады. Батыс қағандық оңтүстік – шығысында Іле, Шу өзендерінен бастап, солтүстік – батысында Еділ мен Кубань өзенінің төменгі ағысына дейін, ал солтүстік – шығысында Есіл мен Ертіс өзендерінің жоғарғы ағысы аралығын алып жатты. Ал оңтүстік – батысында Тарым, Әмудария өзендеріне дейінгі аймақты қол астына қаратты. Батыс қағанаттың орталығы Шу өзенінің бойындағы Суяб қаласы болды. Жазғы ордасы Мыңбұлақта орналасты.
Қағанаттың негізгі этникалық – саяси ұйытқысы «он тайпа» он – оқ бұдун тайпалары мекендеген Қаратаудың шығыс баурайына Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Сонымен қатар ол түрік қағанатының Шығыс Түркістан мен Орта Азиядан басып алған отырықшы егіншілік алқаптарына да үстемдік етті.
28- Билет 1. Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
2. «Алаш» және «Үш жүз» партияларының сипаты және алдына қойған мақсаттарының айырмашылықтары. 3. 1891 жылғы ереже бойынша қазақ жерінде құрылған генерал - губернаторлықтың құрамына кірген облыстарды картаға белгілеңіз.
Жауабы: 1.Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
Бұл атау Орталық Қазақстандағы Беғазы және Дәндібай мекеніндегі обаларға байланысты қойылған. Осы мәдениетке жататын үйлердің, жерлеу орындарының құрылыстары өте ірілігімен, тас қашау өнерінің жетілгендігімен ерекшеленеді. Әдетте үйлердің қабырғалары бір-бірімен балшықпен байланыстырылып, ірі тастардан қаланған. Ішкі және сыртқы беттеріне тастың тегіс жағы қаратылған.
Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жататын жерлеу орындарының көпшілігі - обалар. Андрондықтардың ерекшелігі: Беғазы-Дәндібай корғандары биіктеу болып келеді және ұсақ киыршық тастар мен топырақтан тұрғызылып, етегі үлкен қакпақтастармен бекітілген.
Бұл мәдениетке жататын қыш құмыралардың ернеуі тік, бүйірі шығыңқы, түбі тегіс болып келеді. Беғазы-Дәндібай құмыралары әр түрлі өрнекпен безендірілген. Тарақ жүзді және үзік сызықты үшбүрышты өрнектер көп кездеседі.
Қола дәуірін жоспарлы зерттеу 1946 жылы басталды. Сол жылы қазақтың біртуар энциклопедист-ғалымы Әлкей Хақанұлы Марғұлан көне дәуір тарихын зерттейтін археологиялық экспедиция құрды. Ә.Х.Марғұлан және оның шәкірттерінің зерттеулері нәтижесінде Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерінің сыры ашылды.