1-билет Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


 Саяси сенімсіздік пен халықтарды Қазақстанға күштеп депортациялау



Pdf көрінісі
бет21/40
Дата18.05.2023
өлшемі0,53 Mb.
#94118
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   40
73. Саяси сенімсіздік пен халықтарды Қазақстанға күштеп депортациялау. 
Бірінші болып күштеп жер аударылғандардың бірі Қиыр Шығыс корейлері болды. Корей халқымен бірге оңтүстік шекаралардан күрдтер, 
армяндар мен түріктер, ирандықтар қоныс аудара бастады. 1939-1941 жылдары республиканың тұрғындары Батыс Беларусь пен Батыс 
Украинадан жəне Балтық жағалауы республикаларынан жер аударылған поляктар болды. Соғыс басталған кезде ұлттарды 
депортациялаудың жаңа кезеңі басталды. Олар кеңестік немістер еді. Осы уақытта оларды Еділ бойынан, Грузия, Əзербайжан, Армениядан 
шығару басталды. 
14-билет 
14. Қаңлылардың тарихи-мəдени мұрасы. 
Қаңлы мемлекеті – Қытай жазба деректерінде канцзюй деген атпен, б.з.д. 2 ғ. Айтылады.Сырдария, Талас өзендері бойында орналасты. 
Саны 600 мың адам, 120 мың əскерімен Орталық Азиядан келген.аңлылардың негізгі атамекені – Сырдарияның орта ағысы. Жазба 
деректерде қаңлылардың Арыс, Талас жəне Сырдарияның төменгі ағысында өмір сүргені айтылады. Қаңлы мемлекетінің шекарасы осы 
күнгі Ташкент қаласы тұрған жерден асып, Қаратау бөктерлерінен басталып, Талас өзеніне дейін созылған.Қаңлылар оңтүстігінде 
Қытаймен жəне Үйсіндермен көршілес жатты. Ал солтүстігіндегі көршілері сарматтар мен аландар болды. Қаңлылар күшейіп тұрған кезде 
сарматтар, аландар оларға тəуелді болған.. Кейбір жазба деректерде бұл қала қазіргі Түркістан маңында болған деп көрсетеді. Ал екінші бір 
деректе қазіргі Таразға жақын жерде болған деп жазылған.Қаңлы елін хан билеген. Елді басқаруға оның үш орынбасары – уəзірі 
көмектескен. Қаңлы елі 5 иелікке бөлініп, əр иелікті кіші хандар басқарған. Кіші хандарға бағынатын ру, тайпаларды көсемдер басқарған. 
Көсемдердің лауазымы мұрагерлік жолмен əкеден балаға берілген.
44. Бөкей ордасының (Ішкі Орда) құрылуы: басқару жүйесінің ерекшеліктері. 
Бөкей Ордасы Ішкі Қазақ Ордасы (Бөкей Ордасы) — Ресей империясының вассалы ретінде Еділ мен Жайық аралығында 1801 ж. Құрылған. 
Бөкей Ордасы — қазақтардың жəне əлемдегі ең сөңғы Шыңғысхан ұрпақтарымен меңгерілген мемлекеттік құрылым.Хандық сұлтан Бөкей 
Нұралыұлының есімімен аталды.Бөкей Ордасы Еділ мен Жайықтың аралығында орналасқан. Солтүстікте Самар губерниясы, шығыста — 
Орал облысы, оңтүстікте Каспий теңізі батыс жағында — Астарахан губерниясының Царёв, Енотаев жəне Краснояр уездері. Саяси 
тұрғыдан бұл орда ерекше иелік ретінде 1812 жылы бекітілді. Осы жылы Кіші жүзде де хан болып Шерғазы сұлтан сайланса, ал Ішкі 
Ордада -Бөкей сұлтан болды. 1815 жылы Бөкей хан өлгеннен кейін, Жəңгір кəмелеттік жасқа келмегендіктен, орданы Шығай сұлтан биледі. 
Жəңгір Астраханьда тəрбиеленді, губернатор үйінде орналасты. 1824 жылы 24 шілдеде Орал қаласывда Орынбор шекаралық 
басқармасының қатысуымен Жеңгір хан болып жарияланды. Əлеуметтік-экономикалық дамудағы өзгерістер. Жайықтың оң жағасына көшіп 
барған қазакауылдары мен руларының шаруашылық қалпы,тұрмыс салты, дəстүрлері мен əдет-ғұрпы жөнінен Кіші жүздегі ағайындарынан 
еш айырмашылығы болған жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет