Нұрмұхамедұлы Жанқожа (1774–1860) – батыр, Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне жəне Ресей отаршыларына
қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы. Қазіргі Қызылорда облысының Қазалы ауданында туған. 19-шы ғасырдың 20-шы жылдарынан
бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бастаған Хиуа,
Қоқан хандықтары
1830–1840 жылдары жергілікті халыққа өктемдігін одан əрі күшейтті. Хиуа хандығы Жаңадария, Қуаңдария, Қызылқұмнан өтіп, Қосқорған,
Арал теңіздеріне дейінгі аралықтағы Сыр бойындағы қазақтарға шапқыншылықтар жасап, малын барымталап, əйел,
бала-шағаларын
тұтқынға алып кетіп отырды. Қоқандықтар шекара бекітіп, əкімшілік құрып, 1817 жылдан бастап салына бастаған бекіністерінен əркез
жасақтар шығарып, бейбіт елді шауып, алым-салық жинап тұрды. Осындай зорлық-зомбылықтан
жапа шеккен қазақтар, жастайынан
əділдігімен, батырлығымен елге танымал болған Жанқожаның төңірегіне топтасады.
Жазалаушы отрядтың көзіне көрінбей, көтерілісшілер Қызылқұмға ойысып кетеді. Жазалаушы отряд жолда
кездескен қазақ ауылдарын
шауып, тонаушылыққа ұшыратады. Фитингофт бастаған жазалаушы отряд ақпан-наурыз айларында көтерілісші халыққа қарсы тағы
бірнеше рет жорыққа шығып, қазақ ауылдарына адам айтқысыз жауыздықтар жасайды. 1856–1857 жылдары
қазақтардан тартып алынып
есептелмей, талан-таражға түскенді қоспағанда, 79567 сомның малы сатылады. Көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейін Жанқожа сатқындық
жасаған рубасылары
мен елағаларына ренжіп, Дауқара жаққа, одан Бұхар хандығы жеріндегі Ерлер тауына жалғыз кетіп қалады. Екі
жылдан соң қайта оралып, Қызылқұмда жалғыз отырған Жанқожаны Елікей Қасымов бастаған казак отряды өлтіріп кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: