15-билет
15. Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы жəне саяси тарихы.
Түрік қағанаты — Көк түріктердің тайпалық одағы орта ғасырларда (552 – 603 ж.) басқарған Азиядағы ірі мемлекет. Тарихтағы ең ірі
мемлекеттердің бірі.Ерте Түркі мемлекеті – Түркі қағанаты 552 жылы құрылды. Оның негізін салған – Бумын қаған 553 жылы қайтыс
болады. Бумын өлгеннен кейін таққа оның інісі Қара-Еске отырады, оның бастауымен түріктер жоғары жағында бір жердегі Бұкрат (Мула)
тауларында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескенің мұрагері деп шежіреші оның інісі Иркинді (Ицзинь) атайды, ол кағандық тағына
Мұқан қаған деген атпен отырады, оның лақап аты Йанту болды. Мұқан қаған (553-572) билік құрған жылдарда Түркі қағанаты Орта
Азияда саяси үстемдікке ие болады. Олар Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды бағындырады, Солтүстік Қытайды алым-
салық төлеп тұруға мəжбүр етеді. 563-567жж. Эфталит патшалығын басып алады. Міне, осыдан кейін олардың жері Каспий теңізінен
Солтүстік Индияға дейін жəне Шығыс Түркістанға дейін созылып жатқан.
45. Жоламан Тіленшіұлының наразылық қозғалысы(1822-1824 жж.).
Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтеріліс — азаттық көтеріліс болып саналды. Ол 1822 – 1825 жылдары болды. Жаңаелек аймағынан
ығыстырылып шығарылған табын руы өздерінің наразылығын ашық білдірді. Олар 1 ші Орынбор генерал – губернаторына байырғы мал
жайылымдарын қайтарып беру жөнінде хатын жолдайды. Бірақ, ол өтініштердің орындалуына үзілді – кесілді тыйым салумен болды.
Мұның өзі төзімі таусылған жергілікті қазақтарды ашықтан – ашық қарулы көтеріліске шығуға итермеледі. 1822 жылы табын руының
батыры əрі биі Жоламан Тіленшіұлы Ресейге қарсы соғыс жариялап, Елек өзені бойындағы жерлерді қайтарып алу жөніндегі күреске
басшылық етті. 1822 жыл – 1825 жыл Орын Қазақстан (Кіші жүз жері) Себеп Қарулы күрестің негізгі себептерінің бірі патша үкіметінің
Елек өзенінің бойында Жаңа Елек əскери бекіністер шебін тұрғызуы болып табылды. Елек тұз кəсіпшілігінің қатынас жолдарын қорғау
желеуімен Жайық пен Елек арасындағы жерлер қазақтардан тартып алынды. Орал казак əскерінің көтерілісші ауылдар жайлауға барып
жүретін Нарын құмдары мен Өзен, Қамыс-Самар өзендері аралығын өз беттерімен басып алуы да жалпы наразылықтарды күшейте түсті.[1]
Нəтиже көтерілістің жеңілісі Қарсыластар Кіші жүздің тайпалары Жоламан Тіленшіұлы бастаған Орынбор жəне Орал казак əскерлері
Достарыңызбен бөлісу: