1 билет Қазақстанның өсімдік ресурстарының қазіргі жағдайына сипаттама беріңіз


-билет 1.Синэкология ұғымын түсіндіріп, зерттеу бағыттарын сипаттаңыз



бет57/82
Дата25.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#126748
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   82
Байланысты:
1.Қазақстанның өсімдік ресурстарының қазіргі жағдайына сипаттама-emirsaba.org

34-билет
1.Синэкология ұғымын түсіндіріп, зерттеу бағыттарын сипаттаңыз
Синэкология (грекше syn — бірге және экология) — популяцияның, табиғи бірлестіктердің және экожүйенің бір-бірімен өзара және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін экология бөлімі. Синэкология Брюссельде өткен ІІІ Халықаралық ботаникалық конгресте ( 1910 ) экологияның жеке бөлімі ретінде танылды. Синэкология қазіргі фитоценология ғылымының баламасы ретінде қолданылады. Кейіннен синэкологияның зерттейтін нысандарының құрамына микроорганизмдер, саңырауқұлақтар және жануарлар жатқызылды. Қазіргі кезде синэкология биоэкологияның бір саласы деп қарастырылады. Бұл терминді алғаш рет ұсынған швейцариялық ботаник К.Шретер болды. Синэкологияның қалыптасуына даниялық гидробиолог К.Мебиустың ( 1825 — 1908 ) Солтүстік теңіздің таяз жағалауын мекендейтін устрица ұлуларының тіршілігін жан-жақты зерттеуі үлкен әсер етті. Ол устрица ұлуларының тіршілік әрекетіне судың тұздылығы, температурасы, мекен ететін ортасы, сондай-ақ ұлулармен бірге тіршілік ететін басқа да организмдердің бір-біріне әсері туралы қорытынды жасай отырып, ондай табиғи бірлестікті “bіocenosіs” деп атауды ұсынды. Қазіргі уақытта синэкология табиғи бірлестіктердегі энергия алмасу, қоректік тізбек, кеңістік пен уақытқа тікелей қатысы бар биологиялық сан алуан тіршілік, биогенді элементтердің айналымы, эволюциясы, организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасы, табиғи бірлестіктерді басқару, т.б. көптеген мәселелерді зерттейді.


2.Антропогендік факторлардың жануарлар дүниесіне әсеріне талдау жасаңыз
Антропогендік факторлар-Адамның ағзаларға тікелей әсер ететін немесе ағзалардың тіршілік ортасын өзгеруіне әкеліп соғатын әрекеттері.
Оң әсері. Қоршаған ортаны жаңарту: ағаштар, гүлдер, шөптер өсіру; өсімдіктердің жаңа сорттарын, жануарлардың тиімді қолтұқымдарын шығару; табиғи территорияларды (қорықтар, ұлттық парктер, қорықшалар) сақтау.
Кері әсері. Орман-тоғай ағаштарын аяусыз кесу, батпақты жерлерді қарқынды кептіру, өндіріс құрылыстарын салу, табиғи ортаға өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды тастау, табиғи ресурстарды үздіксіз алу (мұнай, көмір, газ т.с.с.); жануарларды жаппай қыру, аңшылық, өсімдіктерді басу, дәрілік өсімдіктерді, саңырау құлақтарды жаппай жинау т.с.с.
Табиғи фактор — өздігінен болатын табиғаттың жер сілкіністері, вулкандар, өрт, экологиялық апаттар, цунамилер, су тасқыны және т.б. Бұл кезде кейбір сирек өсімдіктердің немесе құстардың түрі жойылып кетеді. Себебі олардың тіршілік ететін ортасы, мекені бұзылады, өйткені, әрбір организмдердің ғасырлар бойы бейімделген нақты, тұрақты мекені болады. Ол бұзылған жағдайда тіршілігін жояды, не орын ауыстырады.
1.Сирек өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ететін ортасына адамдардың тікелей және жанама әсер етуі.
2.Жануарлардың бұрыннан қалыптасқан табиғи ортасының әр түрлі заттар мен (өндіріс, өнеркәсіп, әскери полигондар) ластануы. Мысалы: Каспий теңізі мұнай өндіру үшін соңғы 10 жылда күрделі, кешенді комплексті өнергкәсіп жұмыс істей бастады. Судың жағасы ғана емес теңіздің табанынан мұнай өндіріле бастады. Нәтижесінде мұнай өнімдері, кейбір ілеспе газдар, күкірт, азот т.б. оксидтер суға аралсып кетті. Ондағы жануарлардың жаппай қырылу, жойылу, улану процесі жүрді.
Сирек немесе құрып бара жатқан органимдердің генетикалық қоры өте аз болады және көбею потенциалы төмен болады және олар өте сезімтал, тіршілік ортасына талғамы күшті, қолға өсіруге, көбейтуге көнбейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет