1 билет Экономикалық теория пәні, әдісі мен зерттеу мақсаттары. Экономикалық теорияның функциялары



бет28/59
Дата20.10.2023
өлшемі0,65 Mb.
#119940
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   59
Байланысты:
Otvety OE

Бухгалтерлік пайда – бұл сатудан түскен табыс (сатудан түскен кіріс) мен шығыстар (операциялық шығындар) арасындағы қарапайым айырмашылық.
Экономикалық (таза) пайда – бұл бухгалтерлік пайдадан қосымша шығындарды шегеру нәтижесінде пайда болатын сома. Мұндай шығындарға өнімнің өзіндік құнында есепке алынбаған өтелмеген меншікті шығындар, қызметкерлерге қосымша сыйлықақылар, лауазымды тұлғалардың шығыстары және т.б.

  1. Егер жердің иесі жыл сайын 60 мың теңге жер рентасын алып отырса, ал банктер салушыларға 10% жылдық төлесе. Жер учаскесінің бағасы қандай болады?

жер учаскесінің бағасы=(рента/банк проценті)*100% =(60000/10%)*100%=600 мың
16 билет

  1. Меншік экономикалық, құқықтық және тарихи категория ретінде, оның мазмұны және түрлері. Қазақстанда меншік қатынастарын реттеу.

Меншік экономикалық алғанда, өндіріс құрал – жабдықтары мен оның өнімдеріне иелік ету жөнінде пайда болатын қоғамдық қатынастар. Меншік қоғам өмірінің негізі, яғни алғанда базистік сипаттағы экономикалық санат. Меншік құқығы қондырманың элемент болып саналғанмен қоғамның белгілі бір даму кезеңінде санатқа кері әсер етіп қана қоймай, алдыңғы қатарға да шығуы мүмкін. Меншің құқықтық категория ретінде. Субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Меншік құқығы мәміле жасалған кезде болған барлық жүктемелерімен басқаадамға беріледі. Меншік иесінің өз мүлкін иелену құқығы, пайдалану құқығы және оған билік ету құқығы болады. Меншік құқығының мерзімі шексіз. Мүлікке меншік құқығы Азаматтық кодексте көзделген негіздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкін.[1] Меншік тарихи категория ретінде. Яғни, меншік қашанда белгілі бір тарихи қалыптасқан формаларда пайда болып дамиды. Нақты бір өндіріс тәсіліне тән өндірістік қатынастар сипатына сәйкес, айрықша қасиеттеріне ие меншіктің тарихи типтері ажыратылып жүр. Адамзат қоғамының тарихи дамуы барысында құрал жабдық меншіктерінің әр түрлі формалары белгілі. Жалпы меншік ұжым ретінде бірлескен адамдарға берілген құрал жабдықтар, яғни бұл олардың барлығына ортақ меншік деген сөз. Мұндай иеленушілік әр түрлі қоғамдарға тән. Ол рулық қоғамның даму кезеңінде алғашқы қауымдық меншік, Отбасы меншігі деп бөлінгені белгілі. Меншік —жеке адамдарға немесе ұжымдарға тиесілі өндіріс құрал-жабдығы мен өнімдері, қаражат. Сондай-ақ меншік заң бойынша қорғалды. Біздің елімізде меншіктің заңдастырылған екі түрі бар: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Қазақстан республикасының Конституциясына сәйкес олар бірдей мойындалады және қорғалады. Жеке меншік—бұл азаматтардің және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі, ал мемлекеттің иелігіндегі мүліктер мемлекеттік меншік болып есептеледі Біздің еліміздегі нарықтық қатынастар мемлекеттік меншіктің әр түрлі формаларының қажеттілігін тудырады.Сондықтан да біздің елімізде мемлекеттік меншікті жеке меншікке айналдыру (приватизация) жүргізіліп жатыр. Кейбір жағдайларда мүлік тек біреудің меншік құқығында ғана емес, бірнеше адамға тиісті болуы мүмкін. Бір немесе одан да көп бірнеше тұлғаның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады. Ортақ меншіктің үлестік және бірлескен ортақ меншік деген түрлері бар. Меншік иелерінің үлестері белгілі болса, онда ол үлестік ортақ меншік болады. Меншік құқығына қатысты үлестері белгіленбеген болса, онда олардың үлестері өзара тең. Бұл — бірлескен ортақ меншік.

  1. Икемділік түсінігі. Икемділік коэффициенті. Баға бойынша және табыс бойынша икемділік. Тоғыспалы икемділік.

Икемділік – бір айнымалы өлшемнің өзгеруіне байланысты екінші бір айнымалы өлшемнің өзгеріске ұшырау реакциясының дәрежесі. Икемділіктің сандық мәнін есептеу үшін икемділіктің коэффициенті қолданылады.
Икемділік коэффициенті бір айнымалының 1 пайызға өзгеруі нәтижесінде екінші бір айнымалының соған байланысты қанша пайызға өзгеретінін көрсететін сандық көрсеткіш болып табылады. Икемділіктің мәні нөлден шексіздікке дейін өзгеріп отырады. Икемділік сұранысқа да, ұсынысқа да әсер етеді.
Сұраныстың табыс бойынша икемділігі – тұтынушы табысының пайыздық өзгеруіне байланысты тауарға деген сұраныс көлемінің пайыздық өзгеруін сипаттайтын сұраныстың сезімталдық дәрежесінің көрсеткіштік коэффициенті.

Ұсыныстың баға бойынша икемділігі – тауар бағасының бір пайызға өзгеруіне байланысты ұсыныс көлемінің салыстырмалы түрде қанша пайызға өзгеретінін және соған орай сезімталдық реакциясын көрсететін сандық коэффициент.


  1. Елдің дамуының нәтижесі келесі көрсеткіштермен сипатталды (ақша түрінде, шартты бірлікте):

- ЖҰӨ -100;
- негізгі капитал амортизациясы- 10;
- үй шаруашылықтарының тауар және қызметтерді иеленуге кеткен шығындары- 50;
- тауар және қызметтердің мемлекеттік сатып алулары- 15;
- таза экспорт-(-4);
- жанама салықтар- 5;
- трансферттік төлемдер- 2,5;
- табысқа салынған табыс-7,5.
Анықтау керек: ТҰӨ, ҰТ.
ТҰӨ = ЖҰӨ – А = 100-10 = 90
ҰТ = ТҰӨ – ж.с = 90-5 = 85


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет