17 билет Пайданың экономикалық табиғаты. Пайданың көлемін анықтайтын, факторлары. Бухгалтерлік және экономикалық пайдалар. Пайда нормасы.
Пайданың экономикалық категория ретіндегі мәнін толық түсіну үшін оның атқаратын қызметтеріне де тоқталып өтуіміз қажет. Пайда негізгі екі қызметті атқарады:
1. Бөліп-тарату қызметі – орындауға арналған бағдарламалар мен стратегияларды қаржыландыру мақсатында ақшалай қаражат қорларын құру, капиталдың оңтайлы құрылымын жасау және банкротқа ұшырау қаупін мейлінше төмендету.
2. Ынталандыру қызметі – өндіріс шығындарын барынша төмендету, жаңалықтар мен инновацияларды енгізу, ғылымитехникалық прогресстің жетістіктерін өндірісте пайдалану.
Пайдалану факторлары: 1) жинақтау және қорлану (өндірісті және ғылымды дамыту); 2) әлеуметтік мұқтаждықтар; 3) күрделі қаржы салымдары; 4) тұтыну (дивиденд, материалдық көмек, т.б.); 5) басқа да шығындарды өтеу
1. Бухгалтерлік пайда – айқын шығындарды төлегеннен кейінгі фирманың қарамағында қалған пайданың бір бөлігі. Бухгалтерлік пайданы анықтау үшін сатудан түскен жалпы түсімнен бухгалтерлік (айқын немесе сыртқы) шығындарды алып тастаймыз.
2. Экономикалық пайда – сатудан түскен жалпы түсім мен фирманың барлық шығындары (айқын және айқын емес) арасындағы айырмашылықты білдіретін таза пайда шамасы
Пайда нормасы – пайданың авансыланатын капиталға қатынасы. Шаруашылықты жүргізу тиімділігінің‚ кәсіпкердің қолда бар өндіріс ресурстарын неғұрлым ұтымды пайдалана білуінің өлшемі ретінде қолданылады.
Пайданың экономикалық негізі.
Пайда ұғымы фирманың нарық жағдайындағы экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететін және оның қаржылық тәуелсіздігіне кепілдік беретін өте күрделі категория ретінде сипатталады. Пайда не өндіру керек, қалай өндіру керек және қанша көлемде өндіру керек деген экономиканың негізгі мәселелерін шешуге көмектеседі. Сондықтанд өндірілген немесе сатылған тауарлар мен қызметтердің көлемі қанша және олардың бағасы қандай болғанда пайда мейлінше көп болады сұрақ фирмаларды ынталандырады.
Экономикада келесі мәліметтер берілген (млрд.теңге). Табу керек: ЖҰӨ көрсеткіштерін және жеке қолда бар табыстың көрсеткіштерін есептеңдер.