1 билет Экономикалық теория пәні, әдісі мен зерттеу мақсаттары. Экономикалық теорияның функциялары



бет37/59
Дата20.10.2023
өлшемі0,65 Mb.
#119940
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   59
Байланысты:
Otvety OE

Жеке кәсіпкерлік — азаматтардың өз атынан мүліктік жауапкершілікке негізделе отырып жүзеге асыратын дербесбастамалық қызметі. Жеке кәсіпкер, әдетте, кәсіпорынды өзінің меншікті капиталымен қаржыландырады, барлық тәуекелді өзінің мойнына алады және осы қызметке байланысты өзінің міндеттемелері бойынша барлық мүлкімен жауап береді.
Серіктестік — Серіктестік екі және одан көп әріптестердің қатысуымен құрылады. Серіктестіктің артықшылығы қосымша капиталды тарту мүмкіндігі және кәсіпорын ішінде әрбір әріптестің білім және қабілеті негізінде мамандануды жүзеге асыру болып табылады.
Корпарация – үлес негізіндегі қоғам. Жекешелеген тұлғалар акцияларды ала отырып корпарацияның меншік иелері болады. Осылайша көптеген адамдардың қаржы құралдары таралады.
Акционерлік қоғам — капиталды орталықтандырудың және ірі кәсіпорындарды ұйымдастырудың негізгі формасы. Акционерлік қоғамдар капиталдың алғашқы қорлану кезеңінде пайда болған. Акционерлік қоғам ашық және жабық болып екі түрге бөлінеді. Егер акциялар тек құрылтайшылар арасында ғана бөлінетін болса, онда жабық акционерлік қоғам болып саналады. Ал ашық акционерлік қоғам акциялары еркін сатылады және сатып алынады.
Кемшіліктері:

  • шаруашылық дами түскенде қаржы ресурстарының тапшылығынан қосымша капиталды іске тарту мүмкіндігі шектелген;

  • фирма мүшелерінің барлығы бірдей іс- әрекет мақсаттарын жетіле түсінбеуі;

  • фирма табыстары мен шығыстарындағы бірге тапқан мүліктерді бөлудегі әр кісінің үлес салмағын анықтаудың қиындығы. Брокерлік кеңселер, аудиторлық фирмалар, қызмет көрсету сферасының мекемелері және т.б. көбінесе, серіктестіктер формасында ұйымдастырылады.

  1. Велосипедтер бағасының 10%-ға өсуінен нарықтағы велосипед ұсынысы 15% көтерілді. Табу керек: ұсыныс икемділігі

Е=Q/P
E=15%/10%
E=1,5
25 билет

  1. Ұлттық шоттар жүйесі. Шоттар жүйесінің түрлері. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер.

Ұлттық шоттар жүйесі (ҰШЖ) - нарықтық экономикасы бар әлемнің 150-ден астам елінде макроэкономикалық процестерді сипаттау және талдау үшін қолданылатын өзара байланысты көрсеткіштер жүйесі.Ұлттық шоттар жүйесі (ҰШЖ) – бұл жиынтық өнімнің (шығарылымның) және жиынтық кірістің шамасын сипаттайтын, ұлттық экономиканың жай-күйін бағалауға мүмкіндік беретін статистикалық макроэкономикалық көрсеткіштердің жиынтығы. Макроэкономикалық көрсеткіштерге жататындар жалпы ұлттық өнім (Ж.Ұ.Ө.), жалпы ішкі өнім (Ж.І.Ө.), таза ұлттық өнім (Т.Ұ.Ө.), ұлттық табыс (Ұ.Т.) және жеке табыс (Ж.Т.). Ұлттық шоттар жүйесі - көрсеткіштері табыстың, тұтынудың, қорланудың мөлшерін және күрделі шығынның шамасын анықтауға арналған теңгерімдік кестелердің өзара байланысты кешені.
БҰҰ-ның тұтастай және іріктемелі статистикалық байқаулардың деректерін қорытындылап, жүйелеу жөніндегі халықаралық ұсыныстарымен қабылданған. Мұндай теңгерімдік кестелер (стандарттық шоттар) ұлттық есепшілік жүйесіндегі арналу мақсатына шартты түрде үш топқа біріктіріледі.Бірінші топқа ел шаруашылығының қандайда болсын уақыт кезеңіндегіқаржы-экономикалық қызметініңқорытындыланған жиынтықты сипаттамалары берілген теңгерімдік кестелер кіреді.Екінші топтың теңгерімдік кестелерінде бірінші топ шоттарында көрсетілген қаржы-экономикалық үдерістердің неғұрлым тәптіштелген сандық сипаттамасы біріктірілген түрде беріледі.Үшінші топтың кестелері жекелеген институттық секторлардағы күрделі шығындардың қаржыландырылуын қоса алғанда кіріс пен шығыстың жасалу үдерісін көрсететін деректерден құралады

  1. Олигополия нарығы, түрлері, ерекшеліктері.

Олигополия нарықты бірнеше ірі фирмалар басқарады, яғни бірнеше сатушылар стандартталған (ұқсас) және сараланған өнімдерді ұсына отырып, бірнеше сатып алушыларға қарсы тұрады.
Олигополия нарығы моделінің түрлері:
1. Табиғи олигополия – ұзақ мерзімдік ең төменгі орташашығындармен барлық нарыққа өнімнің белгілі бір түрін бірнеше фирмалардың сатуымен ерекшеленетін олигополияның бір түрі.
2. Таза (стандартталған) олигополия – біртекті (стандартты) өнімді (мысалы, металл, шикі мұнай, т.б.) өндіруді жоспарлаған бірнеше ірі фирмалардың нарықта әрекет етуін сипаттайтын олигополия нарығының бір түрі.
3. Ерекшеленген (дифференциацияланған) олигополия – нарыққа әртүрлі (ерекшеленген) өнімдерді (мысалы, автомобиль, тұрмыстық техника, т.б.) бірнеше ірі фирмалардың шығарып сатуын сипаттайтын олигополия нарығының бір түрі.
Олигополия нарығының негізгі ерекшеліктері:
1. Нарықта басым фирмалар болады, олардың саны көп емес;
2. Олигополиялық фирмалардың нарықтық үлестері көп болады, сондықтан бағаға монополиялық билік жүргізе алады;
3. Осындай әрбір фирманың сұраныс қисығы төмен қарай бағытталған болады;
4. Олигополиялық нарықтың басты сипаты – фирмалар бір-бірімен тығыз байланыста және өзара тәуелділікте болады. Баға мен өнім көлемін анықтағанда әрбір фирма өзінің бәсекелестерінің ықтимал реакциясын ескеруге мәжбүр болады;
5. Салаға жаңа фирмалардың кіруіне айтарлықтай кедергілер қойылады.
Жалпы өзара байланыстың салдары:
1) сұранысты бағалау қиындығы;
2) шекті түсімді анықтауға болмайды;
3) тепе-теңдік баға (P*) мен тепе-теңдік сату көлемін (Q*) анықтау мүмкіндігі жоқ.
Нарық іс-әрекетінің осындай белгісіздігінен олигополия үлгісінің көптігі туындайды, олар кооперативтік және кооперативтік емес іс- әрекет модельдеріне бөлінеді.
Кооперативтік емес іс-әрекет – бұл әрбір жеке олигополист-фирмалардың бәсекелестерінің ықтимал шешімдері мен реакцияларын ескере отырып, баға мен өнім көлемі туралы мәселелерді өз бетінше дербес шешуін сипаттайтын бірікпеген қимылдары.
Кооперативтік іс-әрекет – бұл саладағы олигополист-фирмалардың біртұтас монополия құру мақсатымен баға, өнім көлемі және ықтимал пайда туралы мәселелерді өзара бірігіп шешуін сипаттайтын қимылдары.

  1. Ұлыбританияның 2016 жылғы ақпан айындағы Ұлттық статистика бюросы жариялаған еңбек нарығы мәліметтеріне сәйкес, 31,42 млн адам жұмыс істеген және 1,69 млн адам жұмыссыз болған. Табу керек: жұмыс күші және жұмыссыздық деңгейі

U-жұмыссыздар саны 1,69млн
L-жұмыс кұші
E-жұмыс істегендер 31,42млн
жұмыссыздық деңгейі u=U/L * 100% = 1,69/33,11 * 100%=5,1%=0,051
жұмыс күші L=E+U = 31,42+1,69=33,11


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет