1 билет Экономикалық теория пәні, әдісі мен зерттеу мақсаттары. Экономикалық теорияның функциялары


) Баламалы (экономикалық) таңдау принципі



бет39/59
Дата20.10.2023
өлшемі0,65 Mb.
#119940
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   59
Байланысты:
Otvety OE

2) Баламалы (экономикалық) таңдау принципі – берілген шығындар деңгейінде қоғамның қажеттіліктерін максималды түрде қанағаттандыру мақсатының орындалуы кезінде бірдей баламалы нұсқалардың ішінен ең дұрысын және жақсысын таңдап алу. Бұл жерде нарық субъектілері тікелей шығындары мен жіберіп алған мүмкіндіктерін немесе алынбаған пайдаларын салыстырып отырады, яғни, осындай қағиданың орын алуы нарық субъектілерінің қолда бар мүмкіндіктерді тиімдірек пайдаланудың жолын іздеуге итермелейді.
3) Экономикалық ұтымдылық принципі – рационалды субъектінің өз алдына қойған мақсаттарын жүзеге асыру барысында берілген шығындар деңгейінде немесе ең аз шығынмен максималды нәтижелілікке жетуіндегі ұтымды шешім қабылдау әрекеті мен мінезқұлқы. Бұл жерде нарықтың әрбір субъектісі аса жоғары көрсеткішке жетуіне тырысады: тұтынушы өз қажеттіліктерін максималдауды, фирма өз пайдасын арттыруды, мемлекет халықтың әл-ауқатын көтеруді мақсат етеді. Осы аталған принциптер негізінде нарық механизмі сұраныс пен ұсыныс сияқты қарама-қарсы күштерді және нарықтық бағаларды пайдалануға негізделген нарықтық тепе-теңдікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Инфрақұрылым – бұл қоғамдық өндірістің қалыпты жұмыс істеуі үшін фирмалардың қызметіне және тұрғындардың өмір-тіршілігіне әсер ететін шаруашылық ұйымдарының және коммерциялық емес мекемелердің кешенді жүйесі. Экономикада инфрақұрылымның мынадай түрлері қалыптасқан:
Нарықтық инфрақұрылым – бұл ерекше нарықтар ретінде әрекет ететін және олардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін институттардың өзара байланысқан жиынтығы. Нарықтық
инфрақұрылымның құрамына мыналар жатады: банктер, сақтандыру компаниялары, тауар және қор биржалары, еңбек биржалары, сауда үйлері, көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындары, жәрмеңкелер мен көрмелер, аукциондар, делдалдық құрылымдар, сауда-өнеркәсіп палаталары, кедендік мекемелер, ақпарат орталықтары, жарнамалық агенттіктер, заң қызметтері, т.б.

  1. ҚР халықты әлеуметтік қорғау жүйесі. Теңсіздік проблемасы. Лоренц қисығы. Джини коэффициенті.

Әлеуметтік қорғау жүйесінің сандык керсеткіштері экономикалык даму денгейімен аныкталса, ал адамдар арасындаты ынтымактастык, мемлекеттік институттардын катысу дережесі мен енбекке ынталандыру денгейі тандалган алеуметтік-экономикалык модельмен өзарабайланыста болады.Даму денгейі бірдей мемлекеттерді езінде де тарихи, медени, саяси жане езге де факторларға байланысты, әлеуметтік корғау жуйесінде ынтымактастыктын жане мемлекеттік институттардын катысуынын артурлі денгейі орын алуда.
Толык ынтымактастыкка негізделген жуйеде жарна мен телемнін арасында өзара байланысы болмайды.Төлем алу құқығы қатерлі жағдай орын алган саттен тундайды да, онын денгейі адамнын жуйеге коскан улесіне тауелді болмайды. Каржыландыру букіл салык төлеушілер мойнына туседі де, алеуметтік корғау жуйесінен төлемалу кукыгына барлык азаматтар ие болады. Мұндай жүйеде табыстарды кайта белу тетігі және каржыландырудын бірден бір кезі мемлекеттік бюджет болып табылады, ал реттеуші ретінде мемлекет әрекет етеді. Толык ынтымактастыкка негізделген жуйеде барлык азаматтарға алеуметтік коргаудын бірдей, әдетте, ен теменгі денгейін усынады.
Шектеулі ынтымактастыкка негізделген жуйеде телемдерді алу құқығы адамнын жарнасына байланысты болады.әдетте, мундай жуйе енбеккерлер менжумыс берушілердін аударымдары есебінен каржыландырылады, ал жарнасына карай телемдерді алу құқығы аударымдар жасаган (немесе олар ушін жұмыс беруші аударым жасаган) азаматтар гана ие болады.
Лоренц қисығы - қоғамда табыстар ерекшелігінің маңызды индикаторы ретінде табыстарды бөлудегі теңсізікті сипатттайтын қисық. АС - түзу сызықта абсолюттік теңдік көрсетілген, яғни 20% отбасы 20 % табыс алады. АВС - табыстың нақты бөлінуі
АВС қисық сызығында қоғамда табыс теңсіздігі пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет