Интеграция (лат. іntegratіo – қалпына келтіру, толықтыру, іnteger – тұтас, бүтін) – экон. субъектілерді бөлу, олардың арасындағы байланыстарды бұзып, өзара ынтымақты іс-қимылын жою.[1] Өзінің жеке мүдделерін және халық пен бизнестің талап-тілектерін қамтамасыз ету үшін дүниежүзі елдері бірлесе жақындасуға, яғни интеграцияға бағытталған саясат жүргізеді. Оған үдеріс ретінде де, жақындасудың нәтижесі ретінде де қарауға болады. Бірінші мағынасында, бұл - бірлесе қызмет атқаруға, ал кейбір жағдайларда түрлі елдердің бірігуіне әкелетін үдерістер. Екінші мағынасында интеграция ретінде ортақ мақсатқа бірлесе қол жеткізу үшін құрылған мемлекетаралық бірлестіктер алынады.
Интернационализм — (лат. inter — " арасында "және natio — "халық") - ұлттар арасындағы достық пен ынтымақтастықты уағыздайтын идеология.
Үй шаруашылығының тұтынушылық шығындары 640 у.е., Мемлекеттік шығыстар (ЖҰӨ бойынша) 180 у.е., импорт 54 у.е., экспорт - 62 у.е,. Бизнесті кеңейтуге арналған инвестициялық шығындар – 164 у.е., амортизация 100 у.е. Табу керек: ЖҰӨ.
ЖҰӨ = 640с +(164+100)inv+180g+(62-54)Xn=1092y.e
29 билет Экономикалық өсу: мәні, экономкалық өсудің көрсеткіштері мен факторлары.
Экономикалық өсу қоғамдық еңбек нәтижесін, оның өнегелік, рухани сипаттамаларын көрсетеді. Ол — экономикалық динамиканың көрсеткіші және қайнар көзі. Бұл экономикалық теорияның предметі мәселелерінің екінші жүйесі.Экономикалық өсудің мақсаты — бұл адамдардың материалдық және рухани қажеттіктерін қамтамасыз ету, қоғам дамуының өнегелік негіздерін күшейту. Адамдардың білімі, дағды-тәжірибесі, қабілеті адамдар капиталын құрайды. Бұл адамдардың болашақтағы өмір-жағдай дәрежесінің кепілі болып табылады.Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер: Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді. Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек. Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның арасында бөлінуін жақсарту.Экономикалық өсудің факторлары:Тікелей факторлар: Еңбек ресурстарының саны мен сапасының өсуі.- Негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы.Өндірісті ұйымдастырумен қатар технологияның жетілдірілуі. Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны мен сапалылығының артуы. Қоғамдағы кәсіпкерлік қабілетінің өсуі.Жанама факторлар:сұраныс факторлары – тұтыну, инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі.Ұсыныс факторлары – бәсекенің дамуы, ресурстардың бағасының төмендеуі, несие алу мүмкіншілігінің өсуі Бөлу факторлары – қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану.
Өндіріс шығындарының мәні. Қазіргі заманғы экономикалық әдебиеттердегі өндіріс шығындарының классификациясы.
Шығындарды зерттеумен саяси экономия классиктері де айналысқан. А.Смит абсолюттік шығындар деген түсінік енгізген, ал Д.Рикардо салыстырмалы шығындар теориясының авторы. “Шығындар” деген терминді олар, бірлікке жұмсалған орташа қоғамдық шығындар деп түсінген, немесе, саладағы кәсіпорындардың барлығына бірдей орташа шығындар көлемі қандай шамада болады. Классиктер шығындарды ренталық төлемдермен есептескендегі өндіріс бағасы деп те дәлелдеді.
К.Маркс бағаның құннан ауытқу мәселесін қарастырды. Оның тұжырымдамасы екі маңызды нәрседен тұрады: өндіріс шығыны және айналым шығыны. Марксистік концепция бойынша өндіріс шығындары капиталиске тауардың не тұратынын көрсетеді: өндіріс құралдары мен жұмысшы күшіне (тұрақты және өзгермелі капитал) жұмсалған шығындардың сомасы болады. К.Маркс ерекше капиталистік шығындардан, тауардың құнын құрайтын еңбек шығындарын-ақиқат өндіріс шығындарын-ажыратып зерттейді. Өндіріс шығындарын осылай бөлу-еңбек шығындарына және капитал шығындарына-бұл капиталистік ұдайы өндіріс процесіне марксистік талдау жүргізудің бастапқы принциптерінің біреуі болып табылады.
ХІХ ғ. соңында бірнеше жаңа концепциялар пайда болды. Маржинистер (Менгер, Визер) бойынша, шығындар шекті пайдалылыққа негізделген психологиялық құбылыс болып табылады. Олардың шекті пайдалылығымен (сатушы көзқарасы бойынша) белгіленетін, өндіріс факторлары үшін фирмалар төлейтін соманың шамасы белгіленеді. Маржинистік экономикалық теорияда шығындар түсінігі тек жеке кәсіпорынға тән жағдай деп есептеледі. Осы кәсіпорнының табысы мен шығындары өндіріс масштабының функциясы деп түсініледі.
Австриялық теоретик Ф.Визер балама мүмкіндіктер шығындарының субъективтік теориясының авторы. Осы тауардың нақты өндіріс шығындары, өндіріс ресурстарын басқаша пайдаланғанда өндірілген өнімдерден қоғамға түсетін барынша жоғары пайдалылыққа тең болады. Австриялық мектептің өкілдерінің маржиналисттік көзқарастарын математикалық негізге көшірумен байланысты, шығындарды барынша төмендету (минимизация) теориялары пайда болады.
Шығындардың институционалисттік теориясының көрнекті өкілдері Дж.К.Кларк және Джон А.Гобсон болып табылады. Өндіріс шығындарының неокласикалық концепциясы, оны өндіріс факторларына жұмсалатын шығындар (тұрақты және өзгермелі) сомасы дейді. Батыс елдері ғалым экономистерінің жасаған өндіріс шығындарының қазіргі тұжырымдамалары аталған марксистік тұжырымдаманы жоққа шығарып, басқаша түсіндіреді. Олар экономикалық ресурстардың барлық түрлерінің шектеулігімен және оларды баламалы қолдану мүмкіндігін ескереді.
Соңғы жылдарда неоинституционалисттік трансакционалдық шығындар теориясы пайда болды. Бұған көбінесе айналыс шығындары жатады – тауарды өткізу шығындары (жарнамаға, нарықтық жағдайда ұстап тұру үшін т.б.). Трансциондық шығындар деген ұғымды американдық экономист Р.Коуз енгізді. К.Эрроу бойынша экономикадағы трансциондық шығындар физикадағы үйкеліспен сәйкес келеді. Неоинституционалисттер нарықтың функциясы трансциондық шығындарды үнемдеу болып табылады дейді. Ал оның артықшылығына айырбас мүшелерінің әрқайсысының ақпарат алуға жұмсалатын шығындардың барынша төмендеу тенденциясы жатады дейді
Егер 1994 жылы баға индексі 150%, ал 1995 жылы 180% болса, онда инфляция қарқыны қанша болады?
P-ағымдағы кезең бағасының индексі
P0-өткен кезең бағасының индексі
инфляция қарқыны=(P-P0)/P0 * 100% =(180%-150%)/150% * 100%=20%=1/5=0,2