Түрлері: 1. Мезгіл ү: бүгін, ертең, қазір, бұрын
2.Мекен ү: жоғары, төмен, әрі, бері
3.Мөлшер ү: сонша. Соншалық, онша
4.Сын-қимыл үс:тез, дереу, жартылай
5.Күшейткіш ү: аса, тым, ең, орасан, нағыз
6.Мақсат ү:әдейі, жорта, қасақана
7.Себеп-салдар Ү: лажсыздан, амалсыздан,
8.Топтау ү: қос-қостап, бес-ондап
2. Жұбан Молдағалиев. Шығармашылық өмірбаяны. Поэзиясындағы азаматтық әуен, эпик ақындығы. Жұбан Молдағалиев 1920 жылы Орал облысының Тайпақ ауданында Сайқұдық деген жерде (Қазіргі «Өлеңті» совхозында) туған. Әкесі жастай қайтыс болған ол ана тәрбиесінде өсіп, өз аулында орталау білім алады. Кейін Оралдың ауыл шаруашылық техникумында оқиды. Болашақ ақынның әдебиетке әуестенуімен өлең жазуға жасаған алғашқы талабы да Оралда басталады. Ол әдебиет үйірмелерінің жұмысына белсенді қатысады. 1939 жылы «Комсомол ұрпағы» атты облыстық жастар газетінде оның «Ленин тірі» деген тұңғыш өлеңі жарық көреді.
"Жыр туралы" поэмасында (1963) татар акыны Кеңес Одағының Батыры Мұса Жәлилдің ерлігі бейнеленген.
Ол "Жесір тағдырында" (1965) қазақ әйелінің өткен заманғы қатал тағдыры мен оның жаңа өмір жолындағы күресін көрсетті. "Мен қазақпын" поэмасында қазақ халқының өмірі, ұлттық ерекшелігі реалистік тұрғыда берілген. "Айттым сәлем" лирикалық поэмасы (1967) махаббат пен ерлікті жырлайды."Кісен ашкан" (1969) поэмасында Құрманғазының осы аттас күйіне құлақ қойып, ой жібере отырып, өскен өнер, өркендеген халық тағдыры баяндалған. Оның ақындық өнерін айқын танытқан бұл шығармасына Қазақ КСР-інің Мемлекеттік сыйлығы (1970) берілді.1970 жылы Жұбан Молдағалиевтың таңдамалы шығармаларының 2 томдығы жарық көрді.Жұбан Молдағалиев көркем аударма мен публицистика саласында да жемісті еңбек етіп келеді. Бірсыпыра шығармалары: ағылшын, неміс, араб, испан, поляк, монгол, француз, венгр және басқа шетел тілдерінде басылып шықты.Ол Абайды Ұлы ұстаз тұтып, өз шығармаларында ақын бейнесін шебер өрнектеген. Солардың арасында шоқтығы биігі - «Абай шыңына» (Шығ. жинағы. 1 т., 1979) өлеңі:
«Шаншылып Алатаудың ұршығындай,
Шабыттың шырқап биік ыршуындай,
Шолып тұр шартарапты Абай шыңы,
Шытырман, жакпар-жақпар жыр шыңындай...» - деп, ол ешбір кіріспесіз-ақ кемеңгер ақын бейнесін кескіндеуге бірден бет бұрады. Алатау - Абай тұлғаларының қатар алынуында терең мән жатыр. «Шыңдардың ақиығы, мұз балағы, Бөктерде балалаған құз қалады...»- деп, ақын Абай шыңын «шыңдардың ақиығына» балайды. Өлең ұлы ақынның Алматыда орнатылған зәулім ескерткішіне назар аударумен түйінделеді. Кемеңгер ақын бейнесін ол басқа да жырларында сомдай түскен. «Қазақшадан аударылған» (1971) деген өлеңінде ол қазақ жеріндегі шоқ жұлдыздар қатарында Абай есімін алдымен атайды. «Пір» (1972) өлеңінде Александр Сергеевич Пушкин поэзиясымен алғаш Абай аудармасы арқылы танысқанын баяндайды. «Мен - қазақпын» (1963-64) дейтін атақты дастанында ол Абай бейнесіне ойша оралып, ол қазақ халқы тарихының бөлінбейтін бір бөлшегі, асқаралыбелесі екенін ескертеді. Әдебиет жайындағы мақалаларында ол Абай тұлғасына бір соқпай өтпейді. «Қазақ әдебиеті» газетіңде жарияланған мақаласында («Ерлікпен тең еңбек», 1969, 7-желтоқсан) Абайдың орыс тіліне аударылуы туралы сөз қозғайды. Құрманғазы өмірінен жазылған «Кісен ашқан» поэмасы үшін 1970 ж. Молдағалиевқа Қазақ КСР-інің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді. Тұманбай Молдағалиевтің өлеңдерімен біршама жыр туындылары орыс, ағылшын, неміс, француз, испан, поляк, венгр, араб, монғол, қырғыз, өзбек, қытай, түрік т.б. тілдерге аударылған. Жұбан — өзінің атақты "Мен — қазақпын" деп аталатын поэмасымен қазақ әдебиетінің ірі тұлғасына айналған, отансүйгіштік жырларымен халық жүрегінен орын тепкен ақын. Ол — Ұлы Отан соғысы жылдарында келген ұрпақтың ірі талантты өкілдерінің бірі. Бұл жылдары жыр әлеміне келген ақындар шығармашылығында Отанға деген ерекше махаббат, халықты ерлікке шақыру, жеңіске деген үлкен сенім жатты. Сондай-ақ азаматтық намыс, кек, елге, жерге деген сағынышқа толы болды. Осы ерекшеліктер Жұбан Молдағалиевтің 1949 жылғы "Жеңіс жырлары" кітабында анық байқалады Ж. Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне енгізген шығармасы — "Мен — қазақпын" поэмасы (1964). Бұл поэмада ақын қазақ халқының өткен өмірі мен тағдыры жайлы лирикалық-публицистикалық стильде толғана жырлады. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін ашуда, оның ерлік дәстүрі, туған жер мен ел, оның байлығы, адамдары жайлы асқақтата көркемдеп жырлай білді.
Өзінің "қазақ" екенін ағынан жарыла ерекше шабытпен жырлауы — оның ерлігінің бір көрінісі десек қателеспейміз.[1] "Қазақ болу — зор бақыт" дер күн тіпті... — деген өлең жолдары бүгінгі "егемендікті" жыр еткендей әсерге бөлейді. Ақын болашаққа сенеді. Сондықтан да ол ақынша желпіне, көңіл күйдің ырқына беріле жырлайды. Енді бірде ақын:
Жұбан Молдағалиев өмір шындығының әр саласына терең үңіле отырып, жетпісінші жылдары "Қыран дала", "Сел", "Байқоңыр баспалдақтары" атты поэмалар жазды. Мұнда жаңа деректерге сүйенген ақын, заман шындығын, адамдардың ерлік істерін суреттейді. Халықтың бейбіт өмірдегі тыныс-тіршілігін айқындап, тарихи салыстырулар арқылы өткен өмір және болашақ жайлы толғаныстарын, өз ойларын толық ашып көрсетеді. Эпикалык поэма үлгісін жалғастырып, толықтыра түскен ақынның қай поэмасы болмасын, қызық сюжетті, оқиғалы болып келеді.«Солдат сыры», «Ғафу ет, сұлу бойжеткен», «Баурыңа бас хатымды», «Сағындым, Жайық», «Махаббатты таңдасам», «Мәмилаға сәлем хат» және басқа майдан шебінде туған лирикаларында ақын өлеңге атау болған ұғымдар төңірегінде қалмайды. Сүйгеніне хат жазған лирикалық қаһарман махаббат жайын, ішкі сезімін, «сүйемін», «жанамын» деген көңіл толқуларын ашпайды. «Қан майданда жүр солдат, қамы үшін туған елінің», қалтада жүріп тер сіңген хатымды жиренбей оқы, «қадірі мол қасиет бар солдаттың ащы терінде» деп, өмірдің ащы шындығын білдіретін қатаң өлең жолдарын жолдайды. «Ғафу ет, сұлу, бойжеткен» өлеңінде «сендік емес жүрегім, кеңес қызын сүйемін», әйтпесе, «сүйеді кеңес қызын менің жаным» («Солдат қызға») деген жолдар ақындық биік тапқырлық болмағанымен, сол сәттің (1945 ж.) жәй-күйін аңғартатын, соғыс жорығымен көп ел-жұртты, оның адамдарын, ұлы мен қыздарын көрген лирикалық кейіпкердің әсіресе, елін
сағынған, елдегі жарын сағынған жанның қалпын танытатын жолдар. Соғыстан кейін жазған «Махаббатты таңдасам» (1947 ж.) деген өлеңінің өзінде сүйген жар, ана, ер, елге арнаған махаббатын айта келіп, «ғашықтың жүрегімен халқын сүйген, кеңестің ардақтаймын азаматын» дейді.
3. Көркем туындыларды оқытудың жаңа технологиялық әдістері. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады.
Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері қазақ әдебиеті сабақтарында ақпараттық технологиялар да жиі қолданылуда. Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. 5 класта әдебиетпен танысу халық ауыз әдебиетімен басталады. Бұл блокта оқушылар тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, ертегілер сияқты ауыз әдебиет үлгілерімен танысады. Оқушылардың мақалдарды түсініп, есте сақтауын қамтамасыз ету мақсатында интерактивті тақтаның көмегі зор. Мұғалім тақтаның сурет салу редакторы арқылы тақтада мақалдарды ребус түрінде береді, оқушылар сол ребустарды шешеді. Келесі сабаққа өздері де ребус ойлап тауып, тақтаға салып, басқа оқушылардың шешуін сұрайды. Немесе, ертегілерді басқа ұлт балалары бір оқығаннан түсіне алмайды, олар үшін интерактивті тақтаға таныс емес сөздерді жазып қойсақ, сол сөздермен сөйлем құрастырып, алдын-ала жұмыстар жүргізсек, онда ертегіні оқу барысында олар бұрын кезіккен қиындықтарға кезікпес еді. Бұл бір жағынан оқушылардың сөздік қорын да байытады, осы тақырыпқа деген қызығушылығын арттырады да.
Д.Исабековтың «Қонақтар» әңгімесін «Егер..., онда..., өйткені...» әдісімен қорытындылауға болады. Оқушы «Егер мен Сапабектің орнында болсам, онда мен ата-анама қартайған шағында қолұшын беріп, жанына демеу, қамқор болған болар едім, өйткені жарық дүние сыйлап, мәпелеп өсірген, тәрбие беріп, оқытқан ата-анам алдындағы парызымды ешқашан ұмытпаймын » немесе «Егер мен Ерғабыл шал болсам, онда бала тәрбиесіне ерте жастан жіті көңіл бөлген болар едім, өйткені баласына бағыт бере алмаған,санасына ұлттық дәстүрді,ата-ананы құрметтей білуге толық үйретпегендігінен ол опық жеп отыр». «Кубизм» -Тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік беретін оқыту стратегиясы. М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы бойынша кубиктің 6 жағын иіріп,қай жағы түссе,сол жағының сұрағына жауап береді.