1-билет фонетика ғылымының зерттеу нысаны, салалары, дамуы. ҚАзақ фонетикасының зерттелу жайы


«Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі»



бет48/68
Дата10.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#113477
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   68
Байланысты:
GOS AUYZShA

«Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі» - республикамыздағы жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде барынша жан-жақты, тұрақты түрде оқытылып келе жатқан лингвистикалық пәндердің негізгісі. Тіл білімінің барлық саласын қамтитын аталған пәнде қазақ тіл білімінің өзіндік ерекшеліктері - дыбыстық жүйесі мен сөздік құрамындағы, грамматикалық жүйесіндегі өзіндік табиғаты теориялық тұрғыда барынша жан-жақты қарастырылады.
Тіл – қоғамдық құбылыс болғандықтан, қоғам өзгерісіне сай тіл білімі де өзгеріп, жаңарып, жаңа қағида, теориялармен толығып отырады. Осы тұрғыдан келгенде, тіл білімінің өзге салалары сияқты синтаксис саласы да өзгеріс, даму үстіндегі сала болып саналады. А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, Х. Басымов, І. Бәйтенов, Н. Сауранбаев, С. Аманжоловтар негізін қалаған синтаксис саласы одан кейін де М. Балақаев, О. Төлегенов, Т. Қордабаев, А. Аблақов, Р. Әмір, Т. Сайрамбаев, Қ. Есенов сынды ғалымдардың құнды еңбектерімен толыға түсті. Кейінгі жылдары жарық көріп жатқан оқулықтар мен зерттеу жұмыстары аталған ғылым саласаның әлі де зерттей түсуді қажет ететін тұстары бар екендігін көрсетіп отыр.
Тілдің негізгі коммуникативтік, яғни пікір алысу үшін жұмсалатын тұлғасы деп сөйлемді айтамыз. Синтаксис ғылымы осы сөйлемнің құрылысын зерттейді. Синтаксис- грамматиканың морфология секілді өзекті саласының бірі. Синтаксис гректің sintaxis – құрау, құрастыру, түзу деген сөзінің негізінде пайда болған. Синтаксис термині тіл білімінде екі түрлі мағынада жұмсалады: біріншісі-коммуникация (пікір алысу) үстінде жұмсалатын тіл тұлғаларының құрылысы, екіншісі - тілдің коммуникация үстінде жұмсалатын тіл тұлғаларын зерттейтін ғылым саласы мағынасында.
Қазіргі таңда зерттеу нысандарының сипатына қарай синтаксис ғылымы 4 салаға бөлінеді. Олар:1.Сөз және оның формасының синтаксисі.2.Сөз тіркесі синтаксисі.
3.Сөйлем синтаксисі. Сөйлем синтаксисінің өзі іштей жай сөйлем синтаксисі, құрмалас сөйлем синтаксисі болып бөлінеді.4.Мәтін синтаксисі.
Синтаксис бұл мәселелерді сөздердің грамматикалық құрылысы жөніндегі іліммен өзара тығыз байланыста қарастырады.
Синтаксистің негізгі зерттеу нысандары- сөз тіркесі мен сөйлем. Сөз тіркесі-сөйлем құраудың материалды негізі де, ал сөйлем - кісінің ойын айтудың, жарыққа шығарудың негізгі формасы. Синтаксис сөз тіркесін,сөйлемді, олардың түрлерін, сөйлем мүшелерін және басқа синтаксистік формаларды адамның ойын білдірудің грамматикалық тәсілдері ретінде өзара байланысты категориялар ретінде қарастырады. Демек, сөз тіркесінің, сөйлемнің грамматикалық құрылысын зерттейтін ғылымды синтаксис дейді.
Тіліміздің грамматикалық құрылысын, соның ішінде синтаксис мәселелерін зерттеу 19-ғасырдан бері қарай қолға алынып, сол кезде жарық көрген практикалық грамматикаларда сөз болып отырды. 1894-1897 жылдары орыс тілінде шыққан П.М.Мелиоранскийдің «Краткая грамматика казак-киргизского языка» деген екі кітабы, олардан бұрын шыққан Казембектің және миссионерлер жазған «Алтай тілінің грамматикаларында» синтаксис мәселелері морфологияға қатысты мәелелермен араластырылып, сөйлем құрамына енетін сөздердің орналасу тәртібі қандай, қай сөз табы қандай синтаксистік қызмет атқарады, сөйлем мүшелері бір-бірімен қалай байланысады деген тәріздес жеңіл-желпі мәселелерді сөз еткендері болмаса, синтаксистің зерттеу нысанын айқындау, синтаксистік категорияларды ғылыми тұрғыдан талдау болмады. Құрмалас сөйлем синтаксисі тіпті сөз болмады.
Қазақ тіл білімінің басқа да салалары сияқты оның синтаксистік құрылысының да ана тілімізде зерттеліп, баяндалуы А.Байтұрсынұлының «Тіл құралы» еңбегінен басталады. Автордың синтаксиске қатысты пікірлері сөйлеу мен сөйлем, сөйлем мен сөз категорияларының бір-бірінен өзгешеліктерін түсіндіруден басталып, сөйлем мүшелері, түрлері, жай сөйлемдерді құрылысына, мағынасына , естілу сазына қарай жіктеуі, қазақ тілі құрмалас сөйлемін ана тілімізде зерттеу де осы оқулықтан бастау алады.
1940 жылдары көрнекті ғалымдарымыз Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, С.Жиенбаев, М.Балақаев сынды ғалымдарымыз синтаксис жүйесіне елеулі үлес қосты. Қ.Жұбанов көмекші етістіктер мен сөйлем мүшелерінің орналасу тәртібінің тарихы жайындағы еңбектерінде сөйлем мүшелерінің бұл күндегі орналасу тәртібінің ертеде өзгеше болғандығын дәлелдесе, С.Аманжоловтың «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы» атты еңбегінде синтаксиске қатысты көптеген мәселелердің ғылыми негізін қалайды. С.Жиенбаев «Синтаксис мәселелері» атты еңбегінде жай және құрмалас сөйлем мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. М.Балақаев сөз тіркесі синтаксисінің іргетасын қалап, сөз тіркесіне қатысты теориялық мәселелердің басын ашып кеткен қазақ тілі синтаксисіне елеулі еңбек сіңірген ғалым болды.
Қазіргі таңда синтаксистің майталмандары деп Т.Сайрамбаев, Р.Әмір, Т.Қордабаев, Қ.Есенов, С.Исаев сынды ғалымдарды атауға болады.
Синтаксис пәнінің зерттеу әдісі, тілдік фактілерді талдау, тану әдісі негізінен тіл білімінің басқа салаларынан алшақ кетпейді.
Қазіргі таңда зерттеу нысандарының сипатына қарай синтаксис ғылымы 4 салаға бөлінеді. Олар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет