1-билет фонетика ғылымының зерттеу нысаны, салалары, дамуы. ҚАзақ фонетикасының зерттелу жайы


Сөз және оның формасының синтаксисі



бет49/68
Дата10.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#113477
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   68
Байланысты:
GOS AUYZShA

1.Сөз және оның формасының синтаксисі.
2.Сөз тіркесі синтаксисі.
3.Сөйлем синтаксисі. Сөйлем синтаксисінің өзі іштей жай сөйлем синтаксисі, құрмалас сөйлем синтаксисі болып бөлінеді.
4.Мәтін синтаксисі.
Сөз және оның формасының синтаксисі белгілі тұлғадағы толық мағыналы сөздің өзі сияқты басқа бір сөзді бағындыра немесе бағына алатын қасиеттерін, олардың сөз тіркесі мен сөйлемнің сыңары не мүшесі бола алу мүмкіндіктерін зерттейді.
Сөз тіркесінің синтакисі сөздердің тіркесімділік қасиетін, олардың тіркесу қасиеті мен түрлері, сөз тіркесінің құрамын, түрлерін зерттейді.
Сөйлемнің синтаксисі сөйлемнің құрылу ұстанымдарын, сөйлемнің құрамын, олардың түрлерін қарастырады.
Мәтін синтаксисі- тілдік жүйедегі ең жоғарғы саты. Ол әр түрлі деңгейдегі мәтіндердің құралу ерекшеліктерін, олардың құрамындағы сөйлемдердің байланысу заңдылықтары мен қарым-қатынастарын зерттейді.
Синтаксис бұл мәселелерді сөздердің грамматикалық құрылысы жөніндегі іліммен өзара тығыз байланыста қарастырады. Сондықтан сөздердің морфологиялық құрылысы синтаксистің де грамматикалық талдауының негізі болады. Лексикология мен морфология тіл ғылымының дербес салалары болумен қатар, олар да синтаксиспен байланысын үзбейді.
Синтаксистің негізгі зерттеу нысандары- сөз тіркесі мен сөйлем. Сөз тіркесі-сөйлем құраудың материалды негізі де, ал сөйлем - кісінің ойын айтудың, жарыққа шығарудың негізгі формасы. Синтаксис сөз тіркесін,сөйлемді, олардың түрлерін, сөйлем мүшелерін және басқа синтаксистік формаларды адамның ойын білдірудің грамматикалық тәсілдері ретінде өзара байланысты категориялар ретінде қарастырады. Демек, сөз тіркесінің, сөйлемнің грамматикалық құрылысын зерттейтін ғылымды синтаксис дейді.
Тіліміздің грамматикалық құрылысын, соның ішінде синтаксис мәселелерін зерттеу 19-ғасырдан бері қарай қолға алынып, сол кезде жарық көрген практикалық грамматикаларда сөз болып отырды. 1894-1897 жылдары орыс тілінде шыққан П.М.Мелиоранскийдің «Краткая грамматика казак-киргизского языка» деген екі кітабы, олардан бұрын шыққан Казембектің және миссионерлер жазған «Алтай тілінің грамматикаларында» синтаксис мәселелері морфологияға қатысты мәелелермен араластырылып, сөйлем құрамына енетін сөздердің орналасу тәртібі қандай, қай сөз табы қандай синтаксистік қызмет атқарады, сөйлем мүшелері бір-бірімен қалай байланысады деген тәріздес жеңіл-желпі мәселелерді сөз еткендері болмаса, синтаксистің зерттеу нысанын айқындау, синтаксистік категорияларды ғылыми тұрғыдан талдау болмады. Құрмалас сөйлем синтаксисі тіпті сөз болмады.
Қазақ тіл білімінің басқа да салалары сияқты оның синтаксистік құрылысының да ана тілімізде зерттеліп, баяндалуы А.Байтұрсынұлының «Тіл құралы» еңбегінен басталады. Автордың синтаксиске қатысты пікірлері сөйлеу мен сөйлем, сөйлем мен сөз категорияларының бір-бірінен өзгешеліктерін түсіндіруден басталып, сөйлем мүшелері, түрлері, жай сөйлемдерді құрылысына, мағынасына , естілу сазына қарай жіктеуі, қазақ тілі құрмалас сөйлемін ана тілімізде зерттеу де осы оқулықтан бастау алады.
А.Байтұрсынұлының сөйлем мүшелері жайындағы айтқандары да жай сөйлемдерді түрге жіктеулері де, құрмалас сөйлем жайлы ой-пікірлері де қазіргі мектеп оқулықтарында болсын, академиялық грамматикаларда болсын берік сақталған.
1940 жылдары көрнекті ғалымдарымыз Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, С.Жиенбаев, М.Балақаев сынды ғалымдарымыз синтаксис жүйесіне елеулі үлес қосты. Қ.Жұбанов көмекші етістіктер мен сөйлем мүшелерінің орналасу тәртібінің тарихы жайындағы еңбектерінде сөйлем мүшелерінің бұл күндегі орналасу тәртібінің ертеде өзгеше болғандығын дәлелдесе, С.Аманжоловтың «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы» атты еңбегінде синтаксиске қатысты көптеген мәселелердің ғылыми негізін қалайды. С.Жиенбаев «Синтаксис мәселелері» атты еңбегінде жай және құрмалас сөйлем мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. М.Балақаев сөз тіркесі синтаксисінің іргетасын қалап, сөз тіркесіне қатысты теориялық мәселелердің басын ашып кеткен қазақ тілі синтаксисіне елеулі еңбек сіңірген ғалым болды.
Қазіргі таңда синтаксистің майталмандары деп Т.Сайрамбаев, Р.Әмір, Т.Қордабаев, Қ.Есенов, С.Исаев сынды ғалымдарды атауға болады.


2. М.Әуезовтің шығармашылығы. “Абай жолы” эпопеясындағы Абай бейнесі.
1908 жылы Мұхтарды немере ағасы Қасымбек Семейге алып келіп, орыс мектебіне түсіреді, осыдан кейін ол бес жыл қалалық училищеде, төрт жыл мұғалімдік семинарияда оқып, білімін көтереді. Осы тұста М.Әуезов орыс әдебиетінің шығармаларымен кеңінен танысады, өзі де қаламгерлік қадамын бастайды. Оның тұңғыш күрделі шығармасы — «Еңлік — Кебек» драмасы 1917 жылы, семинарияда оқып жүрген кезінде жазылды.
1919 жылы мұғалімдік семинарияны ойдағыдай бітіріп, Семей губерниялық атқару комитетінде ұлттар бөлімінің меңгерушісі, онан соң төрағасы болып қызмет істейді. Алғашқы көркем әңгімесі — «Қорғансыздың күні» 1921 жылы жарияланады. М.Әуезов 1922 жылы Орынборда, Қазақ Орталық атқару Комитетінде жауапты қызметте болды. Бұдан соң Ташкентке келіп, қызметке орналасады, әрі Орта Азия мемлекеттік университетінде оқиды. Мұхтар Әуезовтің бірталай әнгімелері 1922—1923-жылдарда Ташкент қаласында шығып тұрған «Сана», «Шолпан» журналдарында басылған («Кешкі дөң басында», «Түнгі ауыл», «Қысты күнгі дала», «Қысқы түн», «Сыбанның моласында», «Сөніп жану» т. б.).
«Адамдық негізі — әйел» (1917), «Мәдениетке қай кәсіп жуық», «Оқу әдісі», «Ғылым тілі» (1918) секілді мақалаларында ол оқу-ағартудың, мәдениеттің маңызды мәселелерін көтереді. Мұхтардың 1923 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінде қырғыз эпосы «Манас» туралы жасаған баяндамасы ғылыми қауымның назарын аударады.
1923 жылы М.Әуезов Ленинград университетінің филология факультетіне оқуға түседі. Еліміздегі ең атақты жоғары оқу орындарының бірінде сабақ алу, аса көрнекті ғалымдардың дәрістерін тыңдау оның білім өрісін ерекше өсіреді. Семей губерниялық атқару комитетінің шақыруымен Мұхтар Әуезов 1924 жылы еліне оралып, қазақ педагогикалық техникумында сабақ береді. Ол осы жылы орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесіне толық мүше болып өтеді, көп ұзамай бөлімше төрағасының орынбасарлығына сайланады. 1924 жылдың қысында М.Әуезовтің басқаруымен Семейде Абайдың қайтыс болғанына жиырма жыл толуына арналған ғылыми жиналыс өткізіледі. Онық көркем прозадағы бір топ туындысы да осы кезең жемісі («Жетім», «Барымта», «Ескілік көлеңкесінде», «Жуандық» т. б.). Драматургия, аударма, сын-зерттеу еңбектері де қатарласа туып жатады. Бұған 1923 жылы жазылған «Бәйбіше — тоқал» драмасы мен «Қобыланды батыр», «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты зерттеулері, «Жердің жаратылысы жайындағы әңгімелер» деген аудармасы мысал бола алады.
М.Әуезов осы кезде ел арасынан, құйма құлақ қариялардан ауыз әдебиеті нұсқаларын, ең маңыздысы — данышпан ақын Абайдың өлеңдерін үздіксіз жинап, жазып алып, жариялап отырды.
1925 жылы М.Әуезов Ленинград университетіне қайта келіп, үзілген оқуын жалғайды, оны 1928 жылы бітіріп шығады. Ленинградта оқыған кезінде М.Әуезов білімін жан-жақты кеңейтіп, тереңдетумен бірге жазушылық жұмыстарын да қатар жүргізді. Оның ендігі шығармаларында ескі қазақ ауылындағы таптық кайшылықтар мен күрестер сырын көрсету өткірлене түседі. «Қарагөз» трагедиясында Мұхтар бұрынғы казақ қоғамындағы әлеуметтік теңсіздікті, жастар басындағы еріксіздікті тамаша суреттеді. «Қараш-Қараш оқиғасы» (1927), «Қилы заман» (1928) повестерінде ел өміріндегі күрделі мәселелерді көтерді.
Эпопеяның басты кейіпкері Абайдың нұрлы образы оқырманды толғандырып, ынтықтырып отырады. Алғашқы беттерден-ақ, Абай бойына тән тамаша қасиеттер тереңірек ашыла түседі. М.Әуезов Абайдың өмірін қағаз беттеріне түсіруде ерен еңбек етеді. Ерекше жазу стилімен, өзіндік тіл шеберлігімен оқырман қауымға ұсынған осы бір туындыдан Абайдың өсу сатысын санамалау арқылы ол кешкен өмірдің тарихын түсінеміз. Жасына жас, ойына ой қосылған шақтағы Хакімнің өмір баспалдақтарын аттағанын көреміз. Ғ.Мүсірепов аңғарғандай: "Қайтқанда", "Қат-қабатта", "Шытырманда", "Бел-белесте", "Өрде", "Қияда" – әр бөлімнің аттары. Осыны біріне-бірін жалғап, бір саты етсең, қат-қабат шытырмандар арқылы бел-белеске, өрге, қияға келе жатқан Абайды көресің. Бұл – үздіксіз өсіп келе жатқан Абайдың жолы. Сонымен бірге, бұл – Құнанбайдың да баспалдақтары. Осы сатыларды төмен қаратып қойып, аяғынан басына қарай оқысаң, бұл жоғарыдан ылдилап келе жатқан Құнанбайдың жолы болып шығады. Бірі – көтерілу, бірі түсу, төмендеу жолы. Үшінші, бұл – Құнанбай тобының да, Абай тобының да жолы. Абай халықтың талантын, оның әні мен жырын шын жүректен сүйеді. Оның Біржанмен кездесуі шығармада өте сәтті баяндалады. Абайдың сазгерлік өнерін айтпай кету мүмкін емес, Ұлжан анасының ақ сүтімен дарыған әлди дана Абайға әсерлі сіңген болса керек. «Желсіз түнде жарық айды» әдемі, келісті әуезбен келтірген. Әрбір сурет Абайдың дала өмірі туралы әр кездегі түсінігін, көзқарасын танытады. Тұрмыстың талай талқысынан өтіп, шыңдала ширыққан Абай өзін қоршаған ортаға, шындыққа ойлы да сыншы көзбен қарайды. Бұрынғы байқағандарының оған енді басқаша болып көрінетіндігінің сыры да осында. Бірінші кітаптың ең соңында жазушы кейіпкерінің қаншалықты өскенін образды түрде аңдату мақсатымен оны тасты жарып, шыңға шыққан шынарға байлайды. «Енді бұл күнде сол шыңға шыққан жалғыз шынар балғын тартып, жас қуатқа толыпты. Қазір оған қыс пен аяз да, тіпті тау дауылы да қатер болудан қалған еді». Қаһарлы қысты да, долы дауылды да елемейтін бұл шынар енді әбден толысып, мәуелі де саялы бәйтерекке айналуға, ал оның ығында басқа көптеген шынарлар көптеп өсу керек. Ал мұны бейнелеу – екінші кітаптың үлесі. Егер бірінші кітап Абайдың азамат ретінде есеюін образды түрде бейнелесе, екінші кітабы, негізінен алғанда, ақын Абайдың қалыптасуына арналған. Шығарманың бүкіл өн бойына біз Абайдың өнерін нәрлендірген және оны тудырған себептерді, ақынның белгілі бір шығармаларының қандай жағдайда, қалайша жасалғанын біліп отырамыз. Өзін ғажайып қызық ертегілерімен әлдилеген сүйікті әжесі Зереге, аға-сұлтан, ұлықтардың қайырымсыздығын шенейтін, сырлы терең Барласқа, қаймығуды, қамығуды білмейтін, тіліп түсер өткір тілді Шөжеге де Абай аз қарыз емес-тұғын. Абайдың барлық саналы өмірі мен ойлы еңбегі сол сертін орындауға, халыққа қызмет етуге жұмсалады. Ал осы халыққа қызмет етудің негізгі тура жолын Абай орыс достарының ақыл-кеңесінен тапты. Михайлов айтқан, елді ағарту, өнер-білімге үндеу жолы, халықты қанаушыларды кекті жырмен бауыздау еді. Абай осы жолдан алыстамады. М. Әуезовтің эпопеясын оқып отырғанда Абай өткен осы жолдың бел-белесін, сыр-сипатын айқын көріп отырамыз. Жазушы Абайдың Пушкинмен жақындығын алғаш қазақ ақынының «Дубровскийді» оқып отырған сәтін суреттеу арқылы аңдатады. Бұл Пушкин өнерінің тереңіне Абайдың жаңадан бет қоя бастаған кезі. Шығарманың соңғы бөлігінде Пушкин поэзиясымен айырылмастай табысып, туысып кеткендей болады. Бұдан Абайдың жан-жақты екенін байқарымыз хақ. Орыс әдебиетін сол кездегі адамның оқуы таңғажайып дүние. Ол мезгілдің адамдары тіпті ескіше сауат білмеді. Ал Абай тежелген жоқ, керісінше оқи берді. Мұның есесіне автор орыс адамының үлкен, жарқын образын жасаған. Ол – Михайлов. Бұл – идеялық тереңдігі, көркемдік құндылығы жағынан да ірі, тұлғалы образ. Абаймен бірге толғанып, оған ақыл, кеңес беріп отырады. Ол Абайдың өз тағдырына да үлкен әсер еткенін, оны дұрыс бағытқа сілтегенін автор нанымды суреттейді. Михайлов образында автор Абайдың белгілі досы Михаэлистің бейнесін шебер жасаған. Абайдың Михайловпен кездесулері суреттелетін тұстар – эпопеяның жарқын, бояуы қою беттері. Абайдың әділетті жақтайтын мінезін, талантын биік бағалаған Михайлов оның тайыз жатқан жерін де тез таниды, оған деген ақыл-кеңесін сол арада, сол бағытта дәл әрі нақты айтып отырды. Михайловпен кездескеннен кейін Абайдың бүкіл өмірінде, көзқарасында, тіпті психологиясында да көп өзгерістер туындады. Елді өнер-біліммен суару жолында біршама оқып, ізденген Абай туындының басында шәкірт болып көрінсе, кейін жанашыр, ұстаз болып бейнеленеді. Осы жолда көп тер төгеді. Бұл пікірге төмендегі үзінді айғақ болсын. Абай Гоголь кітапханасына кіргенде, оқырмандардың бәрі тегіс Абайға қарады. "Залдың бергі шетінде мұртын сәнмен ширатқан, бұйра шашты, жылтыр жүзді чиновник отыр еді. Әлгі чиновник: − Бұл не ғажап! Гоголь кітапханасына қашаннан бері түйелер жіберілетін болған?-деді. Осы тұрпайы әзілді естіген Абай чиновник жаққа салқын ызамен жалт етіп бір қарады. Зал бәрі күлді. Сонда Абай енді күлкілі мысқыл жүзбен жігітке бұрылды да, лезде жауап қатты: − Чиновник мырза, түйе кірсе несі бар, бұнда ол түгілі, есек те отырыпты ғой! – деді. От ауызды, орақ тілді Абай оқу-ағарту үшін көппен таласып оқығанын көріңіз. Жазушы Абай мен Әйгерімнің арасындағы ғаламат сезімді баян етердегі түйер ой мынадай: Тоғжаннан айырылған, Ділдәға еріксіз қосылған шақта Абай жас та шарасыз еді. Енді есейіп тағдырына өзі ие болған кезде Абай өз жүрегінің дегенін істейді. Абай керемет әке де бола білді. Әбіш, Мағаш, Ақылбай секілді тәрбиелі, сөзге жүйрік, ойлауға тез перзенттерге үлгі болды. Бала болса да, олардан кеңес сұрап, ой бөлісіп отырды. Өзі алған білімдерден жоғарырақ білім алуға ықпал жасайды. Әбішті Петербургке оқуға жіберіп, талабын ұштауға жәрдемдесті. Ол да әке жолын қуған, қара ақылымен қара тасты қақ жарған, әділдікті сүйетін халықтың баласы. Айтпағымыз: Абай − ұрпағын өте тағылымды тәрбиелеген әке.


3. Фонетиканы оқыту ұстанымдары мен әдіс-тәсілдері
1.Тілде бір - бірімен байланыспай, жеке тұратын ешбір элемент жоқ . Тіл элементтері бір - бірімен тығыз байланысты. Мысалы, дыбыс сөзде, сөз сөйлемде, сөйлем де, ешбір тілдік элементті байланыссыз, жеке үйрету нәтижесі болмайды. Оқу процесінде тыңдау, ауызша дұрыс айтуға, оқуға, жазу жаттықтыру жұмыстары бірге жүргізіледі. Сөйтіп, дыбыс жеке үйретілмейді, ол сөз, сөз тіркесі, сөйлем, мәтін құрамында үйретілсе, оның нәтижесі жақсы болуы сөзсіз.
2.Тілдің фонетикалық жүйесін үйретуде оқытушының қазақ тілінің өзіне ғана тән, орыс тілінде кездеспейтін дыбыстарға ерекше тоқталуы керек. Орыс тілінде де қазақ тілінде бар үндес, мәндес дыбыстар оқу процесінде үлкен қиындық келтірмейді. Ал, қазақ тілінің ә, ө, ү, ұ, ң, ғ, қ, і, һ дыбыстарының орфоэпиясын меңгерту оңайға түспейді. Сондықтан, оқытушы осы дыбыстарды меңгертуге оқу процесінің басынан бастап ерекше мән беру керек. Қазақ тілінің дыбыстық құрамындағы осы дыбыстардың әр қайсысының жасалуына, қатысатын мүшелер, олардың дыбысты жасаудағы қалпы суретке сүйене отырып, мұқият үйретілуі қажет.Мұнда осы дыбыстардың жеке айтылуынан бастап, сөз ішінде, басқа дыбыстармен тіркесте айтылуына әрбір оқушы арнайы жаттықтырылуы қажет. Мұндай жаттықтыру, оқушының дұрыс айтуын қадағалауы тек фонетика бөлімінде ғана емес, курстың аяғына дейін оқытушының назарынан тыс қалмау керек.
3.Сөзді дұрыс айтуға үйрету тек қазақ тілінің ерекшелігіне тән дыбыстарға ғана байланысты емес. Орфоэпия мәселесі одан әлде қайда кең. Әсіресе, сөз бен қосымшаның жігіндегі, сөз бен сөз арасындағы дыбыстардың бір - біріне әсерінен айтылуда, кейде жазылуда болатын өзгерістер сөздердің орфоэпиясын қиындатады. Сондықтан, түбір мен қосымшаның ара жігінде болатын дыбыстық өзгерістер жөнінде толығырақ айту қажет. Бұл үшін сөздің дұрыс айтылуын оқытушының айтуымен бірге, үнтаспаға немесе күйтабаққа жазылған материалды тыңдатып, оқушыларды соған ілесіп айтуға жаттықтырған нәтижелі болады.
4.Екпінге байланысты кездесетін қиындықтар оқушының өз тілінің заңдылығын қазақ тілімен қолданумен байланысты туады. Басқа ұлт өкілдері қазақ тілін оқығанда, екпінді сөздің басына , кейде сөздің ортасындағы буынға түсіруі де кездеседі. Сондықтан, қазақ тіліндегі екпіннің ерекшелігін түсіндіруі өте қажет. Қазақ тілінде екпіннің сөздегі тұрақтылығы, оны меңгеруді жеңілдетеді, тек оқушы осы заңдылықты орфоэпияда сақтауға дағдыландыруы керек. Ал сөздің соңына түскенімен, екпінді қабылдамайтын жіктік жалғауы, болымсыздық етістіктің жұрнағы, сын есімнің - дай, - дей жұрнақтары сияқты қосымшаларды оқушы білуі керек. Сонымен, бірге қазақ тіліндегі екпін орыс тіліндегідей тым көтеріңкі айтылмайтынын ескерген дұрыс.
5.Ешбір тілдік материал ереже жаттау түрінде өтілмеуі тиіс. Барлық тілдік материал іс жүзінде сөйлеу, тіл үйрену процесі ретінде жүргізілуі тиіс. Жатталған ереже ұмытылады, оны іс жүзінде қолданғанда ғана есте жақсы сақталады, тілді жақсы үйретуге көмектеседі. Сондықтан, барлық сабақ тілдік материалды оқушының қолдануына, тәжіребе жүзінде меңгеруіне лайықтап құрылуы қажет.
6.Басқа ұлт өкілдеріне сабақ беретін және қазақ тілі үйірмелерінде сабақ беретін оқытушылар тіл үйренушілерді қызықтыруына әсерлі өтуіне ерекше мән бергені жөн. Ол үшін бір сабақ екінші сабаққа ұқсамайтындай етіп өткізілгені дұрыс, бұл әрине, оқытушының шеберлігіне байланысты.
7.Оқытушы сабақты дұрыс жоспарлауға, оны түрлі тәсілдермен әсерлі өткізуге ерекше мән беруге қажет. Ол үшін әр сабақтың толық жоспары күні бұрын жасалып, сабақта өтетін материалдар күні бұрын анықталып, онда қолданатын әдістемелік тәсілдер белгіленуі керек. Сабаққа оқытушы қандай материалды қалай үйрететінін әбден анықтап, келуге тиіс.
8.Оқытушы жаңа материалды тіл үйренушілердің бұрын алған біліміне сүйене отырып үйретуі керек. Мұндай жағдайда бұрын алған білімі қайталанып отырылады, жаңа материалды тез ұғуға мүмкіндік туады. Ал бұның екеуі де тіл үйренудің сапасын арттырады.
9. Көрнекілік құралдар сабақтың ұтымдылығын арттыратыны, материалды жақсы түсіндіруге қажет екені белгілі .
10. Сабақта техникалық құралдарды қолдану қазір өте кең тараған. Оның маңызы өте зор. Сонымен бірге интерактивтік әдістерді пайдалану және озат тәжіребені зерттеу, жинақтау және оқу процесіне енгізу. Дарынды оқушылардың қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай туғызу.


21-билет.1.Сөз тіркесі, оған тән белгілер. Сөздердің тіркесу тәсілдері мен байланысу формалары. Сөз тіркесінің түрлері. Толық мағыналы кемінде екі сөздің тұлғалық және мағыналық жағынан байланысқан тобы сөз тіркесі деп аталады. Сөз тіркесінің негізгі белгілері: сөздердің байланысуы сөйлем ішінде анықталатындықтан, сөз тіркесі сөйлем ішінде танылады;● кем дегенде екі толық мағыналы сөзден тұрады;● сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бір-бірімен белгілі бір грамматикалық тәсілдер арқылыбайланысады;● сөз тіркесі қандай да бір синтаксистік қатынасты білдіреді.
Сөйлем ішіндегі сөздердің әртүрлі байланысуына қарай сөз тіркесі еркін сөз тіркесі және тұрақты сөз тіркесі болып бөлінеді. Еркін сөз тіркесінің құрамындағы сөздерді өзгертіп айтуға болады. Мысалы, көрікті деген сөзді бірнеше сөзбен тіркестіруге болады: көрікті адам, көріктіжігіт, көрікті қыз, көрікті табиғат, т.б. Еркін сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бағыныңқыжәне басыңқы сыңарға бөлінеді.
Бағыныңқы сыңары Басыңқы сыңары
Жиырма оқушыТосыннан келген хабар
Сөз тіркесі құрамына қарай екіге жіктеледі:
1) жай сөз тіркесі; 2) күрделі сөз тіркесі.
жай тіркес күрделі тіркес
Үйде қалды, әдемі қыз, гүлді суару, үйдің есігі, қызыл түлкі, орындалған арман, ақ көйлек, гүрілдеген трактор, кенеттен тоқтау, сөйленген сөз, сарғыш гүл, өнерлі бала, қуанышты хабар, сыпайы мінез. Телефон арқылы сөйлестім, ит өлген жерден келді, асығып-үсігіп шыға жөнелу, көпір арқылы өтті, сары ала қаз, үйден кетіп қалды, кешке қарай келді, жиырма екі үй, күлімсірей қараған баланың күлкісі
Тұрақты сөз тіркесі – екі немесе одан да көп сөздің бастапқы мағынасы ескерілмей, бір ұғым ретінде қолданылып, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаруы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет