1-билет Гормондар, түсінік. Химиялық табиғаты бойынша жіктелуі


-билет 1 Тағамның көмірсулары, жіктелуі және маңызы. Көмірсулардың қорытылуы. Моносахаридтердің сіңу жылдамдығы мен механизмдері



бет6/17
Дата26.04.2023
өлшемі45,53 Kb.
#87133
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
1-áèëåò Ãîðìîíäàð, ò?ñ³í³ê. Õèìèÿëû? òàáè?àòû áîéûíøà æ³êòåëó³

5-билет
1 Тағамның көмірсулары, жіктелуі және маңызы. Көмірсулардың қорытылуы. Моносахаридтердің сіңу жылдамдығы мен механизмдері.
Көмірсулар белоктармен және липидтермен бipre тағам арқылы түседі. Белоктар, липидтер, көмірсулар төмендегідей қатынаста болуы тиіс (Б:Л:Кс) – 1:1:4. Энергияға кажеттіліктің 50%-ы көмірсулардың есебінен толықтырылады. Тәулігіне адам opганизміне 400-500 г көмірcy түсіп тұруы керек немесе 1000 ккал энергия шығынына 124г. 

  • Тағам көмірсуларының 80%-ын өсімдік полисахаридінің қоры – крахмал (картоп, ұн, күріш) құрайды.

  • Жануар тектес тағамдарда «жануар крахмалы» - гликоген (ет, бауыр); 

  • Өсімдіктегі полисахарид – целлюлоза;

  • Дисахаридтер: сахароза (қант), лактоза (сүт);

  • Моносахаридтер: глюкоза, фруктоза (бал, жеміс-жидектер), галактоза (сүт). 

Тағам көмірсуларының рөлі: 

  1. энергетикалық - көмірсулардьң 99%-ы энергия түзуге жұмсалады; 

  2. пластикалық, құрылымдьқ немесе структуралық - ГАГ-тар, гликопротеидтер және басқа да белоктар (организмдеп барлық дерлік белоктардың құрамында көмірсулар болады), нуклеин қышқылдары, липидтер, глюкуронаттар, мембрана гликолипидтері 

  3. қорға жинау - глюкозаның қоры гликоген болып табылады; 

  4. сигналдық - көмірсулар рецепторлардың (тану бөлімінің) жэне кейбір гормондардың, мысалы, ТТГ, ФСГ құрамына кіреді. Көмірсулар тіндердің антигендігін қамтамасыз етеді.

  5. қорғаныштық (антигендік қасиетті қамтамасыз етуі).

  6. құрылымдық;

Көмірсулар алмасуы 4 сатыдан тұрады:
І сатысы. Қорытылуы. Бұл сатысы сәйкес гликозидаза-лардың қатысуымен ас қорыту жолдарында жүзеге асады.
2 сатысы.Сіңірілуі. Моносахаридтер ащы ішек эпителийінің микробүрлері арқылы әр түрлі жылдамдықпен сіңіріледі: галактоза > глюкоза > фруктоза > пентозалар. Галактоза, глюкоза екіншілік активті транспорт жолымен сіңіріледі, фосфорланған туындылар iшек жасушаларында кайтадан дефосфорланып, қақпа венасының қанына бос күйінде түседі. Фруктоза мен пентозалар жай диффузия жолымен (пассив) сіңіріледі.
3 сатысы. Аралық алмасу. Моносахаридтер ішекке сіңірілгеннен кейін қақпа венасының қаны арқылы алдымен бауырға түседі. Ішектен бауырға түскен моносахаридтер метаболизмге ұшырап, бауырда глюкозаға айналуы мүмкін.
4 сатысы . Сонда үлкен қан айналымына түсетін бірден бip моносахарид глюкоза болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет