1-билет. Жасуша туралы ғылым


Сперматогенездің жетілу кезеңінде



бет10/39
Дата02.09.2022
өлшемі90,84 Kb.
#38379
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39
Байланысты:
Биология копия

Сперматогенездің жетілу кезеңінде — диакинездің нәтижесінде әрбір біріншілік сперматоцит екіге бөлініп, олардың әрқайсысынан екі екіншілік сперматоцит пайда болады. Олар жедел бөлінеді де, нәтижесінде бір екіншілік сперматоциттен екі сперматидалар пайда болады. Сперматидалардың ядроларында хромосомалардың гаплоидты (п) жиынтығы болады. Сперматогенездің қалыптасу кезеңінде сперматидалардан сперматозоидтар калыптасып жетіледі.

Шәуеттүзілу (сперматогенез); (spermatogenesis, грек, sperma — ұрық, genesis — даму, түзілу) аталық жыныс жасушаларының еннің ирек тұқымдық өзекшелері қабырғаларындағы даму процесі. Сперматогенез көбею, өсу, жетілу және қалыптасу кезеңдерінен тұрады.




Сперматогенез қалыптасу процесі - кезеңімен немесе спермиогенезбен аякталады. Хромосомалардың жылдам ширатылуының нәтижесінде сперматид ядролары тығыздалады, олар функционалды енжар болады. Пластинкалы кешен ядроның бір полюсіне орын алмастырып, акро- сомды аппарат түзеді. Ол сперматозоидтің жасушасына енуінде үлкен рөл атқарады. Центриольдер ядроның карама-қарсы полюсінде орналасады және олардың біреуінен талшық өсіп шығады, оның түбіне митохондрия орамдалған қапшық түрінде шоғырланады



  1. Моногибридті шағылыстыру.

Моногибридті будандастыру — бір-бірінен тек 1 ген аллельдері ғана жауап беретін альтернативті белгілер жұбымен өзгешеленетін түрлерді будандастыру.

Моногибридті будандастыруда зерттелетін моногендік мұралану — пайда болуына басқа түрлері аллель деп аталатын 1 ген жауап беретін белгілерді мұралану.


Қағида бойынша моногибридті будандастыру екі аллель арасындағы қатынастың доминанттылығын анықтау үшін қолданылады. Мысалы, сәйкес келетін белгілер бойынша гомозиготалы 2 өсімдікті будандастырғанда бірі сары тұқымды өсімдік (доминантты белгі), ал екіншісі жасыл тұқымды өсімдік (рецессивті белгі) болса, бірінші ұрпақтан алынған будандардың барлығы сары тұқымды болады, себебі, сары тұқымдардың аллелі жасыл тұқымдардікінен басым.




Мысалдары
Моногибридті будандастырудың мысалдарына Грегор Мендель жасаған тәжірибелерді жатқызуға болады. Өз тәжірибелерінің бірінде, асбұршақтың тұқымдарының сары және жасыл түсті екі сортын алып будандастырған.


Нәтижесі
Бірінші ұрпақтағы моногибридті будандастырудың нәтижесі — бірінші ұрпақтың біркелкі болуы. Қызыл және ақ гүлді асбұршақты будандастырғанда бірінші будандық ұрпақтың барлығы қызыл гүлді болып, ақ түс байқалмады. Осы зерттеулердің нәтижесінде Менделдің бірінші заңы — бірінші будандық ұрпақтың белгілерінің біркелкі болу заңы қалыптасты. Мұны бірінші ұрпақ будандарының біркелкілік заңы немесе толық доминанттылық заңы деп те атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет