1 билет Кинематика элементтері. Материалдық нүкте және оның орны. Треактория, жол, орын ауыстыру векторы, жылдамдық және үдеу



бет42/71
Дата14.10.2023
өлшемі346,78 Kb.
#114303
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   71
Бор постулаттары
Сызықтық спектрдің заңдылығын түсіндіру үшін Бор Резерфордтың планетарлық атом моделі мен Планктың жарықтың кванттық табиғаты туралы гипотезаны біріктірді. Бор атомының теориясы 2 постулатпен негізделген:


Бордың бірінші постулаты (стационарлық жағдайдағы постулат): Атомдарда энергия шығармайтын стационарлы (уақыт бойынша өзгермейтін) жағдайлар бар. Атомның стационарлы жағдайына стационарлық орбиталар бойымен қозғалатын электрондар сәйкес келеді. Әр стационарлық жағдай энергияның шектелген (дискретті) шамасымен сипатталады. Стационарлы орбита бойындағы электрондардың қозғалысы электромагниттік толқынның сәуле шығаруымен анықталмайды. Бордың орбиталдық кванттық ережесі бойынша атомның стационарлық жағдайындағы электрон орбитаның бойымен қозғала отырып, төмендегі шартты қанағаттандырады:
ипмульс моментінің кванттық мәніне ие болуға тиіс. Мұндағы - электронның массасы, радиус орбитасындағы жылдамдығы, .


Бордың екінші постулаты (жиілік ережесі): Атом бір стационарлық күйден екіншісіне көшкенде бір фотон стационарлық күйлерге сәйкес энергиялар айырмасына тең энергиямен шығарылады және жұтылады.
Сәуле шығару атомның көп энергиялы жағдайынан аз энергиялы жағдайына ауысуы кезінде болады (электронның ядродан көбірек алыстатылған орбитадан ядроға жақын орбитаға ауысуы).
Фотонның жұтылуыатомның көп энергиялы жағдаймен ауысуымен шығарылады (электронның ядродан көбірек алыстатылған орбитаға ауысуы).
Кванттық өтулердің барлық мүмкін болатын дискретті жиілігінің жиыны:

атомның сызықтық спектрін сипаттайды.




Бор бойынша сутегі атомының спектрі
Дөңгелек стационарлы орбитамен шектеле отырып, сутегі тектес жүйедегі электронның қозғалысын қарастырайық. Ньютонның екінші заңынан:

немесе


және импульс моментінің квантталуының шарты:

арқылы электронның п - ші стационарлы орбитасының радиусын табуға болады:

Электронның бірінші орбитасының радиусы сутегі үшін (бірінші бор радиусы):

Сутегі тектес жүйедегі электронның толық энергиясы кинетикалық және потенциалдық энергиялардың қосылуынан табылады:

және орбиталарының квантталуын ескере отырып,

aламыз, мұндағы минус таңбасы электронның байланысқан күйде екендігін білдіреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет