3. температурадағы оттегінің орташа квадраттық жылдамдығының шамасы неге тең?
№11 билет
1.Идеал газ. Идеал газ заңдары және газдардағы изопроцесстер. Газ күйінің теңдеуі.
Идеал газ деп молекулаларының арасындағы әсерлесу күші (әсерлесу күші тек бір – бірімен соқтыққанда ғана байқалады) және алатын геометриялық көлемі ескерілмейтін газды айтамыз.
Идеал газдың физикалық моделі:
1) Газ молекулаларының көлемі ыдыс көлемімен салыстырғанда аз болады.
2) Газ арасында молекулалары күштік әсер болмайды.
3) Газ молекулаларының өзара және ыдыс қабырғасымен соқтығысуы абсолютті серпімді болады.
Идеал газдарды қарастырғанда жалпы мына шамаларды қарастырып кетеміз:
Заттың мөлшері – физикалық шама, ол cпецификациялық элемент құрылымы сандарымен анықталады. Олар – молекула, атом немесе бір заттың құрамындағы ион.
- зат мөлшері:
немесе
Мольдік масса:
мұнда - заттың бір молекуласының массасы, М – мольдік масса, - молекулалар саны, - Авогадро саны, - берілген зат масссасы:
Тәжірибе арқылы идеал газдар үшін газ заңдарын қарастырырған, осы заңдарға тоқталып өтеміз.
1. Газдың температурасы тұрақты болса, кез-келген тұрақты массадағы процесс изотермиялық процесс деп аталады. Бұл процессте V көлем мен P қысымның көбейтіндісі - тұрақты шама, Бойль – Мариотт заңы
яғни:
Тұрақты температурадағы газдың күйін сипаттайтын, P және V арасындағы байланысты көрсететін қисық изотерма деп аталады. Изотерма – графигі гипербола.
2. Газдың қысымы Р = const, тұрақты болса, кез-келген тұрақты массадағы процесс изобаралық процесс деп аталады, газ көлемінің V абсолют T температураға қатынасы тұрақты шама, Гей- Люссак заңы:
немесе
V, Т шамаларының диаграммасында бұл процесс изобара деп аталатын түзумен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |