3.Б.Жолбарысұлының «Тоғанның қазылуына» өлеңіне поэтикалық талдау жасаңыз. Айтқан екен Иван кеп
Диқан жайын бұларға.
Өңкей елдің кедейі,
Егін салдық Шұбарға.
Ақылдастық қыс бойы,
Жаз тіршілік қыларға.
Қызыл қарын жас бала,
Тарысыз, нансыз шыдар ма?
Бидай менен тарыдан
Септік талай мөлдекті.
Мөлдек сеппей қайтеміз,
Кедейшілік дендетті.
Суармақ боп егінді,
Қаздық ұзын тоғанды.
Оңай болмай жаз бойы,
Бар кедейді терлетті.
Тоған қазып шаршасам,
Орнымнан зорға тұрамын.
Отырғанда демалып,
Өлеңмен сауық құрамын.
Үш жігіт зорға бұзады,
Қарасарттың «құлағын».
Құдайы қылдық тоғанға,
Кемербайдың лағын.
Тоған бітті, тоғанның
Сайлалық деп мұрабын,
Қарасартты сайладық,
Қарсылық көпке қылмағын.
Суға салдық жабылып,
Жораны бұзсын нағылып.
Ауылға қайттық кешкісін,
Малшытып киім, тымағын.
1-шумақ,32-тармақ,7-8 буынды,2 бунақ.