Тоқу станогының бағыттаушы мүшелері Технологиялық функцияларды орындайтын тоқу станогының негізгі механизмдеріне мыналар жатады: күзу қалыптастыратын; күзуге арқау жібін төсейтін; мата шетіне арқауды қосатын; тауарлы механизм, негізгі реттегіш, немесе матаға және негізге ұзына бойы бағытта қозғалыс беретін негізгі тежегіш. Бұл механизмдерден басқа, тоқу станоктары қосымша механизмдермен (сақтандыратын қондырғылар, сонымен қатар арқау жібінің сапасы және түсі бойынша әртүрлі мата тоқуға мүмкіндік беретін механизмдер) жабдықталған. 84 Негіз жіптердің және матаның бойлық жылжуы бағыттағыш бөлшектердің (оқтау, шпаруткалар және төстемір, бағалы таяқшалар) көмегімен жүзеге асырылады. Дайындалған желі және арқау жіптер тоқу станогына келіп түседі.
Тоқу станогында мата қалыптастыру циклдік үрдіс болып саналады. Ол бес операциядан тұрады:
1. Қүзу ашылуы
2. Арқау жіпті салу
3. Арқау жіпті матаның жиегіне қағу
4. Желі жіптің бойлықпен жылжуы
5. Матаның тауар білігіне оралуы
Мақта-мата өнеркәсібінде әр түрлі тоқу станоктары қолданылады. Оларды келесі принциптер бойынша топтастыруға болады:
1. Матаны қалыптастыру принціпі бойынша 2 түрі болады.
• Матаны кезеңмен және бірзоналық үрдіспен қалыптастыру станоктары.
• Матаны толассыз және көпзоналық үрдіспен қалыптастыру станоктары.
2. Арқау жіпті салу тәсілі бойынша:
• Қайықты тоқу станоктары
• Қайықсыз станоктары
3. Жекелеген механизмінің түріне қарай эксцентриктік, каретқалық және жаккардтың станоктар;
• Жұмыс ені бойынша енсіз (100 см) және енді (120-175-250 см) станоктар
• Соғу механизімінің жүйесі бойынша орташа, төмен және жоғары соғу станоктары
4. Арқау жіпті автоматты түрде ауыстыру механизімінің барынан механикалық және автоматтық станоктар.
Тоқу станоктарының барлығында негізгі және көмекші механизимдер болады.
Негізгі механизмдерге станоктың тұлға сүйеніші және тартпадан, желі жібін тарту және жіберу механизімінен, батанның және соғу механизімдерге арқаулық шөлмектерді автоматты түрде ауыстыру механизмі, желі бақылағыш, құлыптың механизмі және т.б. Олардың бәрі жұмыс қауіпсіздігін сақтауға, матаның сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады.
Матаның сызықтық толтырылуын анықта, егер желі жіптерінің жіңішкелігі 14 текс, арқау жібінің жіңішкелігі 20 текс, желісі бойынша тығыздығы 185, ал арқауы бойынша тығыздығы 265 болса, жіптің көлемдік салмағы 0,9мг/мм3