Жанталасубасындағы, жанталасу және клиникалық өлім ақтық жағдайына жатады – бұл өмір мен өлім арасындағы шекаралық жағдай. Осы жағдайларда алғашқы реанимациялық көмек көрсету адам өмірін сақтауының жалғыз ғана әдісі болып табылады.
Жанталасу басындағы жағдай (Преагония): - мәнгіру;
- есі шатасқан;
- артериальдық қысым 60 мм с.б. деңгейіне дейін және төмен кенеттен төмендейді;
- шеткері артериальды тамыр соғудын толысуы (жіп тәрізді) азаяды және жиеленеді;
- тыныс алуы жие, үстірт;
- ентігу (тахипноэ – тыныс алуы жиі);
- терісі және шырышты қабықтары бозарады, көгереді.
Өлім үстіндегі жағдайдағы үзіліс –бұл жанталасу басындағы жағдайдан жанталасу жағдайына көшетін жағдай. Соңғы өлім жағдайына қатты жиі дем алыстан кейін (тахипноэ) кенеттен дем алысы тоқталуымен сипатталады. Соңғы өлім жағдайындағы үзілістің ұзақтығы 5-10 секундттан 3-4 минутқа дейін тербеленеді.
Жанталасу жағдайы(Агония) –тура өлім алдында болатын организмнің бейімделу реакциясынын және реактивті соңғы көрністерінін жиынтығы.
Жанталасу жағдайы (симптомдар жиынтығы): - тыныс алудың бұзылуы (Биот, Чейн-Стокс, Куссмауль тыныс алуы, гаспинг). Әрбір демді ішке алған сайын жаңа шыққалы жатқан зардап шегушінің басы артқа қарай шалқақтайды, ауаны жұтқандай болады (гаспинг);
- ес түсі жоқ, барлық рефлекстері тежелген, көз қарашығы кеңейген;
- жүректің жиырылуы жиеленеді;
- артериальды қысым 20-40 мм с.б. деңгейіне дейін төмендейді;
- шеткері артерияларда тамыр соғысы жоғалады және ірі артериялары кенеттен әлсірейді;
- жалпы тонустық құрысу;
- дене қызуы төмендейді;
- еріксіз кіші және үлкен дәретке отыру.
Клиникалық өлім –бұл қайтарылатын жағдай организмнін бірнеше минут бойы (5-6 мин) өткізетін қалі, қан айналымының және тыныс алуының толық тоқтау жағдайында, бас миының үлкен жартышарысы қыртысының өткізетін уақытымен анықталады.Зат алмасу процесінің сөнуі анықталған тізбектілікпен болады.
Тұп-тұра жүрек және өкпенің жұмысы тоқтаған соң, зат алмасу процессі қатты төмендейді, бірақта анайробты гликолиз механизмі нәтижесінде толық тоқталмайды.