Өлім үстіндегі жағдайдағы үзіліс – бұл жанталасу басындағы жағдайдан жанталасу жағдайына көшетін жағдай. Соңғы өлім жағдайына қатты жиі дем алыстан кейін (тахипноэ) кенеттен дем алысы тоқталуымен сипатталады. Соңғы өлім жағдайындағы үзілістің ұзақтығы 5-10 секундттан 3-4 минутқа дейін тербеленеді.
Жанталасу жағдайы(Агония) –тура өлім алдында болатын организмнің бейімделу реакциясынын және реактивті соңғы көрністерінін жиынтығы.
Жанталасу жағдайы (симптомдар жиынтығы): - тыныс алудың бұзылуы (Биот, Чейн-Стокс, Куссмауль тыныс алуы, гаспинг). Әрбір демді ішке алған сайын жаңа шыққалы жатқан зардап шегушінің басы артқа қарай шалқақтайды, ауаны жұтқандай болады (гаспинг);
- ес түсі жоқ, барлық рефлекстері тежелген, көз қарашығы кеңейген;
- жүректің жиырылуы жиеленеді;
- артериальды қысым 20-40 мм с.б. деңгейіне дейін төмендейді;
- шеткері артерияларда тамыр соғысы жоғалады және ірі артериялары кенеттен әлсірейді;
- жалпы тонустық құрысу;
- дене қызуы төмендейді;
- еріксіз кіші және үлкен дәретке отыру.
Клиникалық өлім –бұл қайтарылатын жағдай организмнін бірнеше минут бойы (5-6 мин) өткізетін қалі, қан айналымының және тыныс алуының толық тоқтау жағдайында, бас миының үлкен жартышарысы қыртысының өткізетін уақытымен анықталады.Зат алмасу процесінің сөнуі анықталған тізбектілікпен болады.
Тұп-тұра жүрек және өкпенің жұмысы тоқтаған соң, зат алмасу процессі қатты төмендейді, бірақта анайробты гликолиз механизмі нәтижесінде толық тоқталмайды.
Клиникалық өлімнің ұзақтығы –қан айналымы жоқ жағдайда толық өттегі жетіспеушілігінде бас миы жасушаларының қабілеттілігімен анықталады. Жүрек тоқтаған соң 5-6 минут аралығында бұл жасушылар өледіде, кенеттен есінен айырылады.
Клиникалық өлімінің белгілері: - есі болмайды;
- тыныс алуы тоқтайды;
- терісі бозарады, сұрланады және көгереді;
- ірі артерияларда ұйқы және сан артерияларында тамыр соғуы болмайды;
- көздің қарашығы ең үлкен кеңейді, жарыққа реакциясы болмайды;
- рефлекстері толық болмайды.