3. 2000 жылдардағы Қазақстан экономикасының жандануы. * 2000 жылы атқарылған іс шын мәнінде тәуелсіз елдің мәдениет саласындағы түбегейлі жаңа сапаға көтеруге, сол арқылы отандық мәдениеттің тың тынысын ашуға септігін тигізгені айқын. Соның арқасында елдегі мәдениет мекемелерінің жүйесі кеңіп, мәдени шаралардың дәстүрі де артты. Сөйтіп, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы экономикалық қиындықтар еңсеріле бастағанда қазақ жұрты руханияттылыққа назар аударып, өзінің осы жолдағы кем-кетігін түзеумен болды.2000 жыл: - 25 қаңтар - ҚР Президенті Н. Назарбаев ТМД Мемлекет басшыларының саммитіне қатысты*
11-билет Алакөл мәдениеті.
* Алакөл мәдениеті, Алакөл мәдениетінің Атасу нұсқасы – орта қола кезеңінің мәдениеті (б.з.б. 16 – 13 ғасылар).Ескерткіштері Қазақстанның далалы, орманды-далалы алқаптарында, Оңтүстік Орал сыртында, сондай-ақ Батыс Сібірдің бірқатар өлкелерінде тараған. Ресейдің Қорған облысындағы Алакөл зиратын зерттеу нәтижесінде К.Ф. Сальников Андрон мәдениетінің алакөл сатысы туралы пікірді ұсынды. Қазір Алакөл мәдениеті андрон тарихи - мәдени қауымдастығына кіретін жеке мәдениет ретінде қарастырылады (бұл қауымдастыққа кіретін екінші бір мәдениет – федоров мәдениеті). Көптеген ғалымдардың пікірінше, ол Қазақстанның солтүстік өлкелері мен Оңтүстік Оралда кеңінен тараған Петров мәдениетінің негізінде қалыптасқан. Орталық Қазақстан аумағындағы ескерткіштері өзіне тән жергілікті ерекшеліктеріне сәйкес мәдениеттің атасу нұсқасы ретінде сипатталады. Ескерткіштері өзен - көл алқаптарында, суға біршама жақын орналасқан. Жерлеу ескерткіштерінің негізгі түрін құрайтын қоршаулар дөңгелек, сопақ, төртбұрыш пішіндес болып, тігінен орнатылған ірі қақпақтастардан тұрғызылған. Онша биік емес топырақ үйіндісі бар оба - қоршаулар да кездеседі. Қоршаудың ортасында орналасқан тас жәшіктерде мүрделер басымен күнбатысқа қаратылып, аяқтары бүгіліп бір бүйіріне жатқызылған. Жартылай жертөле түріндегі үйлерінің қабырғалары ағашпен өріледі, оларға, әдетте, 1 – 3 ошақ тән.Маңызды деректердің ішінде көптеп табылатын қыш ыдыстар және бір жарым орамды шекеліктер, мойын алқалары, шеттері шиыршық бұралған білезіктер, пышақтар, садақ, найза жебелері сияқты қола бұйымдар, тас, сүйектен жасалған құралдар бар. Мойыннан иыққа өтетін тұста шағын кертпіштің болуы, үш жерінде (мойын, дене түпке жақын) орналасқан онша күрделі емес оюлар алакөл қышының аса маңызды ерекше белгілеріне жатады. Зерттеу нәтижелері бойынша, патриархалды - рулық тұрмыс қалпында өмір сүрген алакөл тайпаларының экономикасы негізін үй маңындағы мал шаруашылығы жақсы дамыған металлургия, қосалқы бағыттағы егіншілік құраған*