3.Қазақстан Ресейдің саясаты жағдайында: әкімшілік реформа. Өлкедегі XIX ғ. 60-90 жж Ресей империясы үкіметі1867—1868 жылдары Қазақстан аумағында әкімшілікреформа жүргізді. Оның негізгі мақсаты сұлтандар тобын өкімет бөлігінен біржолата ығыстырып, жалпы империялық басқару тәртібін енгізу еді. Жаңадан енгізілген шаралар өлкені шаруашылық жағынан отарлауға ықпал етуге және оған Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударатын шаруаларды одан сайын қаптатуды қамтамасыз етуге тиіс болды.
№ 3 билет 1.Көшпелілер тарихын кезеңдеу.Көшпелі шаруашылық түрлері және атқа міну мәдениеті. Көшпелі шаруашылығының үш түрі бар
1.Таза көшпелі тұрмыс қалыптасқан аймақтар
Батыс және Орталық Қазақстан
2.Жартылай көшпелі мал шаруашылығы дамыған аймақтар
Алтай, Жетісу таулы аймақтарында
3.Отырықшылық шаруашылық дамыған өңірлер
Сырдария, Шу, Келес өзендері аңғарлары
Баланы атқа мінгізу - ата-аналардың баласының алғаш атқа міну қуанышына жасайтын тойы. Қозы жаю сияқты т.б. ұсақ шаруашылыққа қолқабыс ете бастауын айқындайтын тіршілік цикліне байланысты атқарылатын ғұрыптардың бірі. Ата-ана үшін жеткіншегінің жетілуі, әр кезеңі жаңаша қуаныш, келер күннің жақсы үміті. Баланы атқа мінгізетін күні ауыл адамдары түгел жиналады. Атқа мінгізу жоралғысы бала 5-6 жасқа келгенде жасалады.
2.Қазақ хандығының құрылуы. Алғашқы қазақ хандары 1457 жылдың күзінде Әбілқайыр ханСығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін салады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің«Тарихи Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері - Шу бойы мен Қозыбасы деп айтылады. 1458 жылдың көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі XV ғасырдың алпысыншы жылдары Қазақ хандары қарсыластарын тықсыра отырып, Батыс Жетісуға табан тіреді. XVI-XVII ғасырларда Қазақ хандығы нығайып, этникалық аумағының негізгі бөлігін қамтитын шекаралары кеңейе түсті.
Алғашқы қазақ хандары
1465-1473 жж. – Керей хан. Керей – Болат сұлтанның баласы.
1473-1480 жж. – Жәнібек хан – Барақ ханның баласы.
1480-1511 жж. – Бұрындық хан қазақтарды басқарды. Керей ханның баласы.
1511-1518 жж. – Қасым хан билігі. Әз Жәнібектің ұлы