1. Білім сапасы туралы түсінік беріңіз


Тоқсандық жиынтық бағалаудың үдерісін сипаттаңыз



бет8/38
Дата24.03.2023
өлшемі91,5 Kb.
#75979
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38
Байланысты:
Бағалау сессия 2021 био (копия)

11. Тоқсандық жиынтық бағалаудың үдерісін сипаттаңыз
Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан аяғында өткізіліп, балл және баға қою арқылы оқушының білімі, дағдысы, түсінуі туралы дәлелдемелерін көрсетеді. Тоқсандық жиынтық бағалау түрлі бақылау және тексеру жұмыстарын ұйымдастыру арқылы өткізіледі. Тоқсандық жиынтық жұмысты құрастыруда оның білу мен түсінуді, қолдану дағдыларымен ғана шектелмей, оқушының жоғарғы деңгейдегі ойлау қабілетін: анализ, синтез және баға беруін анықтауға мүмкіндік беретін тапсырмаларды қамтуы маңызды екендігін ескерген жөн. Тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар үлгілері әдістемелік нұсқаулықтарда беріледі. Дегенмен әр мектеп жиынтық бағалау тапсырмаларын өз еркімен дайындай алады. Оқу жылының басында мектептегі әдістемелік бірлестікте оқу жылына арналып жасалған бағалау жоспары әзірленеді. Тоқсандық жиынтық жұмыстар әр түрлі болуы мүмкін (тест, сынақтар, бақылау жұмысы және т.б.).
1-Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу кестесі мектеп директорының бұйрығымен бекітіліп, тоқсан басында ата-аналар мен оқушылардың назарына жеткізіледі.
2-Тоқсандық жиынтық жұмыс бір параллель үшін бірдей жағдайда өткізіледі.
3-Тоқсандық жиынтық бағалауды қайтадан орындауға (көшіруге) болмайды.
4-Егер оқушы тоқсандық жиынтық бағалауға белгілі бір себептермен қатыса алмаған жағдайда (ауырып қалуы, конференцияға, олимпиадаға және басқа да ғылыми жарыстарға қатысқан жағдайда), пән бойынша орындай алмаған тоқсандық жиынтық жұмысын мектепке келгеннен кейінгі екі апта ішінде орындауы тиіс; бұл жағдайда тоқсандық жиынтық бағалау жұмысының қосымша нұсқасы қолданылады.

12. Тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін талдауды түсіндіріңіз
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары балл қою кестесімен сәйкестендіріле жасалады. Жиынтық бағалау өткізілген соң мұғалім балл қю кестесін қолданып балл қояды.Мұғалім барлық жауап үшін балл қойылып, нәтижелердің дұрыс жазылғанына көз жеткізеді. Мұғаліммен бірге оқушы да бағалау нәтижелерін оқу барысындағы оқу жетістіктеріне жетуде қаншалықты алға ілгерілегендігін анықтау үшін қолдана алады. Оқу нәтижелері мен кері байланыс әрекетінің оқушыны үнемі оқуға ынталандырып, алға жетелеп отыруы маңызды, сондықтан ол оқушыға түсінікті тілде, оның дұрыс қорытынды шығаруына мүмкіндік беретіндей болуы қажет. Тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін мұғалім оқушылардың оқу бағдарламасының мазмұнын қаншалықты тиімді игергендігін және қандай дағдылардың қалыптасқанын анықтау үшін қолдана алады. Қалыптастырушы бағалаудағы сияқты мұғалім бұл ақпаратты оқыту үдерісін ары қарай жоспарлауында қолдана алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет