1. Биохимия пәні және міндеттері. Биохимия және медицина. Биохимия



бет1/27
Дата01.05.2023
өлшемі1,99 Mb.
#88722
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

1.Биохимия пәні және міндеттері. Биохимия және медицина.
Биохимия(грек вios – тіршілік)-организмдердің химиялық құрамын және организмнің тіршілік әрекеті барысында бұл құрамның химиялық өзгеріске ұшырау процестерін зерттейді.Осыған орай биохимияның өзі бірнеше салаларға бөлінеді:адам биохимиясы, медициналық биохимия, өсімдіктер, микроорганизмдер, техникалық, космостық және клиникалық, эволюциялық, радиациялық т.б.Ұлы ғалым Леонардо да Винчи 1452- 1519 барлық тіршілік процестерінің оттегінің қатысуымен өтетіндігін дәлелдеді. Биохимия бөлінеді: 1. Тірі заттың химиялық құрамын зерттейтін статикалық;2. Динамикалық, организмдегі метаболикалық процестерді зерттейтін;3. Функционалды, өмірдің белгілі бір көріністерінің негізінде жатқан процестерді зерттейді.Биологиялық химияның негізгі мақсаты – ағзаның негізгі заттарының заңдылықтары мен химиялық құрылымы және денсаулық пен ауру кезіндегі организмнің тіршілік әрекетінің негізінде жатқан биохимиялық процестердің молекулалық негіздері туралы жүйелі білімдерді қалыптастыру.Биохимияның негізгі міндеті - жасушалардың тіршілік әрекетімен байланысты химиялық процестердің табиғаты туралы молекулалық деңгейде толық түсінуге қол жеткізу.Оны шешу үшін жасушалардан көптеген қосылыстарды бөліп алып, олардың құрылымын анықтап, қызметтерін белгілеу қажет.
2.Ақуыздардың құрылымдық ұйымдастырылуы: ақуыздың нативтік конформациясының түзілу с.
Нәруыздардағы амин қышқылдарының түзу тізбек бойында орналасуы, олардың кеңістіктегі үш өлшемдік құрылымы туралы мәлімет береді. Нәруыздардың кеңістік құрылымының 4 деңгейі бар:
Біріншілік құрылым:Нәруыздардың пептидтік тізбегінде амин қышқылдары кездейсоқ емес, белгілі бір қатаң тәртіппен орналасады. Полипептидтік тізбектегі амин қышқылдарының түзу тізбекті орналасуы «нәруыздардың біріншілік құрылысы» деп аталады.Әрбір нәруыздар біріншілік құрылысы ДНҚ-ның ген деп аталатын бөлімінде жұмбақталған (кодталған). Нәруыз синтезі кезінде гендегі ақпарат,алдымен мРНҚ жазылып, әрі қарай мРНҚ рибосомада нәруыздар біріншілік құрылысының матрицасы (арқауы) ретінде қолданады. Адам организмінің 50 000 нәруызының әрқайсысының өзіне тән ерекше біріншілік құрылысы бар. Әрбір жеке нәруыздың молекуласындағы амин қышқылдарының орны тек қана осы нәруызға тән, сондықтан әрбір нәруыз бірінен-бірі осы полипептидтік тізбектегі амин қышқылдарының орнымен ерекше болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет