Тест сұрақтары
1. «Биотехнология» терминін ғылымға бірінші рет кім жəне қашан енгізді?
A) В. И. Вернадский, 1915 ж.
B) К. Эрике, 1917 ж.
C) Э. Геккель, 1935 ж.
D) А.С. Мончадский, 1932 ж.
E) Ч. Дарвин, 1885 ж.
2. Қазіргі биотехнологияны ғылым ретінде кім жəне нешінші жылдардан бастап мойындатты?
A) Ч. Дарвин, 1885 ж.
B) К. Эрике, 1917 ж.
C) Карл Геран Хэден, 1961 ж.
D) А.С. Мончадский, 1932 ж.
E) Э. Геккель, 1885 ж.
3. Кім жəне қашан алғаш рет рДНК алуға қол жеткізді.
А) Пол Берг, 1972 ж.
B) Г Корана, 1969 ж.
C) Ж. Барский, 1960 ж.
D) Алексис Каррель, 1913 ж.
E) С. Блондо, 1847 ж.
4. Кім жəне қашан алғаш рет адамның рекомбинантты ақуызы – инсулинді алған?
А) С. Блондо, 1847 ж.
B) Эли Лили, 1982 ж.
C) Ж. Барский, 1960 ж.
D) Алексис Каррель, 1913 ж.
E) Пол Берг, 1972 ж.
5. Жекелеп бөлініп алынған өсімдік ұлпаларын жасанды ортада өсіріп-көбейту жөнінде алғашқы ойды кім жəне қашан айтқан?
А) Ж. Барский, 1960 ж.
B) Г Корана, 1969 ж.
C) Г. Габерланд, 1902 ж.
D) Алексис Каррель, 1913 ж.
E) Эли Лили, 1982 ж.
6. 1950-шы жылдары биотехнологияда қандай маңызды бағыт туындады?
A) морфологиялық;
B) генетикалық;
C) физиология;
D) жасуша инженериясы;
E) селекциялық.
7. Өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген жасушалары мен ұлпаларын өсірудің əдістерін ойлап тапқан ғалымдар?
А) Г. Корана жəне Пол Берг;
B) Филипп Уайт жəне Роже Готре;
C) Ж. Барский жəне Эли Лили;
D) Алексис Каррель жəне Л. Пастер;
E) С. Блондо мен А. Михайлов.
8. Кім жəне қашан өсімдік жасушасының қабықтарын микротециум саңырауқұлақтарының қоректік ортада бөлетін ферментті заты арқылы бұзуды ұсынады?
А) Эдвард Кокинг,1960 ж.
B) Г Корана, 1847 ж.
C) Ж. Барский, 1960 ж
D) Алексис Каррель, 1913 ж.
E) Пол Берг, 1972 ж.
9. Ғылымға кім жəне қашан алғаш рет «клон» деген терминді қолдануды ұсынады?
А) Ж. Барский, 1960 ж.
B) Г. Корана, 1847 ж.
C) Уэббер, 1903 ж.
D) Алексис Каррель, 1913 ж.
E) Г. Габерланд, 1902 ж
10. Биотехнологияның ғылым ретінде уақыт белгі бойынша қандай екі бағыты бар?
A) тікелей жəне жаңа;
B) жанама жəне тікелей;
C) жанама жəне дəстүрлі;
D) жаңа жəне дəстүрлі;
E) құрама жəне жанама.
11. Қалыпты D- формалы аптамерлердің дəл өзіне ұқсас, бірақ кішкетай L- формалы көшірмесін қалай атайды?
А) бөлшектер; В) аптамерлер; С) шпигельмерлер; Д) шаперондар; Е) моноциттер.
12. Метаболизм деп қандай үдерісті атайды?
A) зат алмасу; B) гомеостаз; C) тепе-теңдік; D) өзгеруі; E) селбесу;
13. Тірі ағзадағы оның тіршілік əрекетін қамтамасыз ететін барлық химиялық өзгерістердің жиынтығын не деп атайды?
A) гомеостаз; B) зат алмасу; C) климакс; D) сукцессия; E) эрозия;
14. Ақуыз құрамына кіретін амин қышқылдары қандай негізгі екі түрге бөлінеді?
A) суға жəне майға еритін;
B) жеңіл жəне ауыр;
C) алмастырылатын жəне алмастырылмайтын;
D) жеңіл жəне алмастырылатын;
E) ауыр жəне алмастырылмайтын.
15. Ағзаға қажетті амин қышқылдарының қажетті мөлшері бар ақуыздарды қалай атайды?
A) толымсыз; B) толымды; C) жеңіл; D) ауыр; E) алмастырылмайтын.
16. Жеткіліксіз мөлшерде қандай да бір алмастырылмайтын амин қышқылдары бар немесе жоқ ақуыздар қалай аталады?
A) толымсыз; B) толымды; C) жеңіл; D) суыр; E) алмастырылмайтын.
17. Ақуздардың тəуліктік қажеттілігі неге байланысты болады?
A) морфологиялық өзгерістерге;
B) биологиялық үдеріске;
C) генетикалық информацияға;
D) химиялық қосылыстардың алмасуына;
E) физикалық күш түсудің қарқындылығына.
18. Генді бөтен жасушаға апарып салу қалай аталады?
A) гомеостаз; B) трансплантация; C) имплантант; D) иммобильдеу; E) трансгеноз.
19. Ақуыз ыдырауының соңғы өнімдерін көрсетіңіз:
A) СО2, NO, SO4, несепнəр;
B) калий, кальций, мыс;
C) СО2, Н2О, несепнəр, несеп қышқылы;
D) NO, SO4, кальций, калий;
E) NO, SO4, кальций, несеп қышқылы;
20. Ақуыздардың алмасуын реттеуде аса маңызды рольді қандай заттар атқарады?
A) көмірсутектер, биокатализаторлар мен амин қышқылдары;
B) қалқанша бездің жəне бүйрек үсті бездерінің гормондары;
C) адреналин жəне көмірсутектер;
D) көмірсутектер мен майлар;
E) биокатализаторлар мен амин қышқылдары.
Достарыңызбен бөлісу: |