Туған жері: қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыс
тауының етегі.
Арғы атасы Ырғызбай (1744 ж.ш.-1785), атасы Өскенбай (1778-1850) – өз заманының атақты билері болған. Әжесі Зере (1785-187)).
Әкесі Құнанбай (1804-1896) -кезінде болыс, аға сұлтандық қызметтер атқарған.
шешен, терең ойлы, әділ ел басқарып, жұртына жақсылық жасаған. Меккеге қажылыққа барған, онда қазақтарға арнап үй
салдырған; Анасы Ұлжан(1810-1887).
Құнанбай мен Күңкеден (Әйбөбек, өмір сүрген жылдары белгісіз) - Құдайберді(1829-1866);
Құнанбай мен Ұлжанның - Тәңірберді (Тәкежан, 1834-1906), Ысқақ (1841-1901).
Ибраһим (Абай, 1845-1904), Оспан (1852-1891);
Құнанбай мен Айғыздан (өмір сүрген жылдары белгісіз) - Қалиолла (1849-1870).
Ысмагул (1852-1931) деген жеті бала туған.
Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғаным нан (т. ж. б. - 1911) ұрпақ жоқ.
Абай мен Ділдадан (1843-1924) - Ақылбай (1861-1904), Күлбадан (1862-1932),
Әкімбай (1866-1873), Әбдірахман (1869-1895), Магауия (1870-1904). Райхан (1871-1896);
Абай мен Әйгерімнің (шын есімі - Шүкіман, 1856-1919) - Тұрағұл (1876-1934),Мекайыл (1884-1931), Ізкәйіл (1895-1929), Кенже (1901-1932).
Әмеңгерлік жолымен келіндей алған әйелі Еркежан нан (1858-1927) ұрпақ жоқ.("Абай" энциклопедия, 1995 ж.)
Өлеңдері: 176 өлең.
Поэмалары: "Масғұт", "Ескендір", "Әзім әңгімесі" (аяқталмаған).
Аудармалары: А. С. Пушкин "Евгений Онегин" романынан 8 өлең (188)
М. Ю. Лермонтовтан - 27 олең, И. А. Крыловтың мысалдары.
Қарасаздері - 45 және "Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны турат
Әндері - 27 әнінің 36 нұсқасы нотаға түсірілген.
Күйлері -"Желдірме", "Май түні", "Торжорға".