М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» шығармасындағы аққуды атқан ананың ұшыраған жағдайы:
(Ана қайғыдан
жынданып кетеді)
Ана мен жылқышының диалогі кездесетін М.Мақатаевтың шығармасы:
(«Аққулар ұйықтағанда»)
«Білмеймін сор аттың ба, бақ аттың ба?
Аққуға кезенерде ырым жасап,
Тым құрыса саусағыңды қанаттың ба?»- деген өлең жолдарын айтқан кейіпкер:
(Жылқышы қарт)
Орнында екен Жетімкөл, жоғалмапты.....
Қасиетті аққулар оралмапты..... Туынды авторы:
(М.Мақатаев)
М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы:
«.....Сол кеткеннен мол кеттім, оралмадым
Жерді аңсаймын.....
Жалғыз- ақ сол- арманым,»- деген жолдар жазылған поэманың бөлімі:
(М.Мақатаев)'>(Эпилог, шығарманың соңы)
«Мөлдіреген Жетімкөл көкке қарап,
Мөлтілдеген көз жасын тыя алмай тұр.»
(М.Мақатаев) Троптың түрі:
(Кейіптеу)
«Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін,
Алынбаған ақым бар сенде менің.
Бұйрат құмдар- бұйығып шөлдегенім,
Бура бұлттар- бусанып терлегенім.» Үзінді қай ақынның өлеңінен:
(М.Мақатаевтың өлеңінен, бунақ саны- 3)
«Ақынның өмірді зерттегені- алдымен өзін зерттегені. Ақын құдіреті- өмірден өзін, өзінен өмір жасай білуінде,»- деген
түйінді айтқан адам:
(М.Мақатаев)
«Мұқағали біздің заманымыздың ғажайып ақындарының бірі еді,»- деген сөздің авторы:
(Ә.Тәжібаев)
Достарыңызбен бөлісу: