Дилогия – бір-бірімен жалғастырылып,бір идеялық ой-тұжырымдар негізінде жазылған, басты кейіпкерлері
ортақ,композициялық тұрғыдан дербес екі шығармадан құралған көркем туынды, ал трилогия- үш кітаптан туратын
шығарма.
2.Лирика – ақынның сезіімн, көңіл күйін ,қуанышы мен сүйінішін, арман-аңсарын, өмірге деегн көзқарасын.ішкі
толғанысын,дүниетанымын сыр қып шертетін өлең.
Түрлері: саяси лирика,махаббат лирикасы,философиялық лирика, табиғат лирикасы,азаматтық лирика.
Арнау,ода,романс,пастораль, сонет,элегия,эпиталама, эпитафия,эпиграмма,идиллия да т.б. лирикалық шығармалар тобын
құрайды.
Баллада(би әні) – орта ғасырларда роман елдерінің поэзиясында туып,қалыптасқан лириканың ерекше бір түрі,лироэпостық
сипаттағы шағын сюжетті өлең.Мұнда ақын өзінің көңіл-күйін ,иқиғаға айналдыра суреттеп көрсетеді.Мазмұны көбінесе
тарихи шындық,оқшау фантастикалық хал,ерлік әрекет болып келеді.Қазақ әдебиетінде баллада жазу дәстүрін С.Ерубаев
бастаған.
Достарыңызбен бөлісу: