«Дулат –жыраулық мектептен шығып,ақындық мектепті күшейткен ақын.»
«Дулат-қазақтың ұлы ақыны,ұлылықтың бастауы.» (Р.Сыздықова)
Туған жері : Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы Аягөз ауданы.
Шығармашылығы: «Бірінші сөз», «Бараққа», «Ақтанға», «Сүлейменге», «Айтқызбасымды айтқыздың», «Алладан сұрап
иманды», «атаны бала алдады», «тегімді менің сұрасаң», «Ата қоныс арқадан», «Ақжайлау мен Сандықтас», «Сауыр жерден
айрылып»(Аягөз қайда барасың?), «О,Сарыарқа , Сарыарқа»,т,б
өлеңдері , «Еспембет» поэмасы .
Дулат Бабатайұлы –қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті өткір сынаған реалистік бағыттағы ақын. Өлеңдері ,негізінен, саяси
әлеуметтік лирикаға жатады.
Өлеңдерінде ақыл-нақылдық сарын
көптеп кездеседі, шыншылдық,сыншылдық , өткір сатира астасып жатады.
Д.Бабатайұлы қазақ әдебиеті тарихында алғаш мысал жазған ақын: «Бір патшаның бір кезде», «Шымшық пен бөдене»,
«Сары шымшық », «Қара қарға » т.б.
Д.Бабатайұлы өлеңдері «Өсиетнама » деген атпен Қазанда 1880 ж басылыпшыққан. Дулаттың бүгінге жеткен жыр мұрасы
шамамен 1500 жолдай делінеді.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет өкілі, ұлттық тәуелсіздікті жырлаған ақын:
(Дулат)
Абай өзіне дейінгі қазақ ақындарының ең таланттысы кім деп көрсеткен?
Достарыңызбен бөлісу: