(«Мылтық пен мергеншілік»)
«Оқудан соңғы өнер – мылтық деген,
Халайық, құлақ қойсаң тілге налып,»-деген үзінді алынған өлең авторы: (Ақан сері)
Ақан серіге Құлагерді сатқан адам: (Шөкетай)
Ақан серінің атын алысқа естіртіп, даңқын әуелеткен сәйгүлігі: (Құлагер)
Ақанның жүйрік аты Құлагерден айырылып қалған жылы: (1876)
Атақты Құлагер мерт болған Сағынайдың асын өткізген: (Паң Нұрмағамбет)
Батырыш, Қотыраштардың Ақан серіге жасаған қастандығы: (Құлагерді мерт қылады)
Ақан серінің өзін-өзі жұбату ретінде Құлагердің артын басар тұлпар аты: (Көкбесті)
«Жыланды» деген жер аты кездесетін Ақан серінің туындысы: («Құлагер»)
Ақан серінің лирикалық-психологиялық жоқтау әні: («Құлагер»)
Төмендегі шумақта сипатталатын ат:
Ор болып қалушы еді шапқан жерің,
Шаттанып тұрушы еді қосқан елің.
Атығай, Қарауылға олжа салған,
Бота тірсек, қыз сағақ, сандал керім.: (Құлагер)
Ақан серінің өлеңі: («Маңмаңгер»)
Ақан серінің махаббат лирикасына жататын өліңдері:
(«Ақ көйлек», «Жайықтың ақ түлкісі»)
Ақанның лирикалық кейіпкерді «ақ жамбыға», «қоңыр қазға», аққу құсқа» теңейтін өлеңі: («Ақ көйлек»)
Ақан серінің Ақтоқтыға арнаған «Ақ көйлек» өлеңіндегі сұлу бейнесі:
(қоңыр қаз, ақжамбы), (және аққу құсқа теңейді)
«Етегін ақ көйлектің алтындаған,
Ажарың ақ жамбыдай жарқылдаған..» - деген үзінді алынған Ақан серінің өлеңі: («Ақ көйлек»)
« Ертістің құба талы секілденіп,
Алдымнан майысып бұрал – дағы..» - деген үзінді алынған Ақан серінің өлеңі: («Жайықтың ақ түлкісі»)
Ақан серінің сұлулықты сүйсіне жырлаған өлеңі: («Жайықтың ақ түлкісі»)
«Ақтоқты», «Ақсаусақ», «Мақпал» өлеңдерінің авторы: (Ақан сері)
Ақан серінің әйелдердің бас бостандығын аңсаудан туған өлеңі: («Сырымбет») (Соңғы музыкалық шығармасы)
Ақан серінің соңғы музыкалық шығармасы: («Сырымбет»)
Ақан серінің Жамал қызға арнаған өлеңдері: («Қалқа бала»; «Сырымбет») (Соңғы музыкалық шығармасы)
Ақан серінің «Сырымбет», «Үш тоты», «Балқадиша» тағы басқа ән өлеңдерінің тақырыбы: (Әйел бостандығы)
Ауылы Сырымбет саласыны қонған әнші – сазгер: (Ақан сері)
Ақан сері Қорамсаұлының ғашықтық, сүйіспеншілікке арнаған өлеңі: («Балқадиша»)
Ақан серінің ылғи қаратпа сөз арқылы жасалған өлеңі: («Балқадиша»)
Ақан серінің өмірінің соңғы кезеңіне сәйкес келетін жауап: (Қоскөл бойында жалғыз өмір сүрді)
Ақан сері қартайған шағында ата қоныс мекені Қоскөл, Сарыкөлден айырылу себебі: (Патша үкіметі тартып алып, орыстарды қоныстандырды)
Ақанның әніне жатпайтын қатар: («Айтпай»Біржан салдікі)
«Ақан сері-жігіт көркі, сөздің бұлбұлы еді. Ақан серінің Құлагері өлген соң серілік бақыты бастан тайды, шын сорлы болып қалды ғой»,-деп айтқан замандасы: (Мәшһүр Жүсіп Көпеев)
«Әдебиет және искусства» атты журналда жарияланған «Ақан сері» деген сақаланың авторы: (Е.Исмайылов. 1941ж. №2 санында)
Ақан сері өмірінің трагедиялық сипатын суреттеген поэма жазған қаламгер:
Достарыңызбен бөлісу: |