1. Біздің заманымызға дейінгі жазу- сызулар мен аңыз- жырлар


Ыбырай Алтынсарин /1841-1889/



бет53/177
Дата28.09.2024
өлшемі0,55 Mb.
#146048
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   177
Байланысты:
К К КІТАП ДЕБИЕТ (3)

Ыбырай Алтынсарин /1841-1889/
Ыбырай Алтынсарин тұңғыш аудармашы, жазушы, ақын, ағартушы-ұстаз, тұңғыш оқулық авторы, тұңғыш мектеп ашушы, балалар әдебиетінің негізін салушы.
Туған жері: Қазіргі Қостанай облысы, Алтынсарин ауданы
Еңбектері: Көптеген өлеңдері мен әңгімелері , аудармалары;
Қазақ хрестоматиясы /1879, Орынбор/, Мұсылмандық тұтқасы/қазан 1883/ Қазақ хрестоматиясы 1889,1896,1899ж. Махтуба деген атпен біраз қысқартылып, араб әрпімен басылды.

  • Ыбырайдың өмір сүрген жылдары /1841-1889/

  • Ыбырайға тән сипат: / Қазақтың тұңғыш педагогы, ақын, жазушы/

  • Ы. Алтынсарин деректер бойынша : /Тұңғыш аудармашы, Ағартушы-демократ, Балалар әдебиетінің атасы/

  • Әкесі Алтынсары өлген соң Ыбырай тәрбиесінде болады: / Атасы Балғожа бидің/

  • Атасы Балғожа бидің Ыбырайға арнап жазған өлеңі / Үміт еткен көзімнің нұры, балам/

  • Шырағым, мұнда жүрсең не етер едің? Қолыңа құрық алып кетер едің. Тентіреп екі ауылдың арасында Жүргенмен не мақсатқа жетер едің?- деп жазған хаттың иесі кім және кімге арналып жазылған? / Балғожа бидің Ыбырайға арнап жазған хаты/

  • Үміт еткен көзімнің нұры, балам Жаныңажәрдем берсін Хақ тағалам. Атаң мұнда анаңмен есен-аман , Сүйіп сәлем жолдайды бүгін саған, - деп , Ыбырайға хат жолдаған адам: / Атасы Балғожа би/

  • Ыбырайды атасы Балғожа бидің оқуға берген мектебі: / Орынбордағы орыс-қазақ мектебі/

  • Ыбырай Алтынсарин оқыған Орынбордағы орыс-қазақ мектебінің ашылған жылы: / 1850ж/

  • Ы. Алтынсарин атасының көмегі арқылы танысқан ғалым, шығыс зерттеушісі: / В.В. Григорьев/

  • Ы. Алтынсарин орыс жазушыларының шығармаларын, еңбектерін оқып және ұлы адамдардың өмірі жайлы кітаптармен танысқан: /В.В. Григорьевтің көмегімен/

  • Мектепті бітіргеннен кейін Ы. Алтынсарин өз елінде қандай қызмет атқарған? / Тілмаштық/

  • Ы. Алтынсарин Орынбордағы шекаралық комиссияда тілмаш болып ауысқан жыл /1859/

  • Мектеп ашу мақсатымен Ы.Алтынсарин 1860 жылы ауысты /Торғайға/

  • Халық ағарту ісіне дұрыс бағыт беруді сұрап, Торғай облысының соғыс губернаторынабаяндама жолдаған ағартушы: / Ы. Алтынсарин/

  • Ы. Алтынсариннің өзі сұранып, рұқсат алып мұғалім болуға барған мектебі қай қалада болған? / Торғайда/

  • Ыбырайдың ұйымдастырған тұғыш мектебі ашылған қаласы мен ашылған жылы :/ 1864 жылы Торғайда/

  • Ы. Алтынсарин арман еткен, 1864 жылы ашылған Торғай мектебіне оқуға келді: /14 бала/

  • ... Мен балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай өте қызу кірістім, - деп жазған қазақ педагогі: Ы. Алтынсарин , Н. И. Ильминскийге 1864 ж жазған хатында

  • Ы. Алтынсарин Қазақтар мені құшағын жая қарсы алды. Мектепке балаларын беруге ынталы адамдар толып жатыр,- деп орыс досына хат жазған? / Н.И Ильминскийге/

  • Қазақтардың білімге қол жеткізетін ең басты құралы – мектеп . Бірақ даладағы мектептер шашылыңқы,сондықтан әлі пайдалы бола алмай отыр,әйтсе де олардың үміт күтері – мектеп,- деп Ы.Алтынсарин ... хат жазды:/Н.Илъминскийге/

  • Халық мектептері үшін ең керектісі – оқытушы,-деп жазған ағартушы:/Ыбырай/

  • Мектеп – қазақтарға білім берудің басты құралы,- деген сөздердің авторы:/Ы.Алтынсарин/

  • Тамаша жақсы педагогика құралдары да.ең жақсы үкімет бұйрықтары да,әбден мұқият түрде жүргізілген инспектор бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды,деген пікірді айтқан:/Ы.Алтынсарин/

  • 1879 жылы Ы.Алтынсарин Торғай уезінде ашылған мектептер: /Торғай,Ырғыз,Троицк,Ақтөбе/

  • Ыбырай ашқан тұңғыш оқытушылар мектебі орналасқан қала: /Орск қаласында,1881жыл/

  • Ыбырайдың қыздар мектебін ұйымдастырған жері: /1887жылы,Ырғызда/

  • Ы.Алтынсариннің 1876жылы Петербург,Қазан қалаларына бару мақсаты: /Орыс ағартушыларының оқулықтарын зерттеуге/

  • Қазақтан шыққан тұңғыш кемеңгер дегн атқа ие болған ғұлама: /Ы.Алтынсарин/

  • Ы.Алтынсарин әңгімелерінің тақырып жағынан топқа бөлінуі: /1.Еңбек пен өнерге баулитын шығармалар/

  • Ы.Алтынсарин әңгімелерінің негізгі тақырыбы: /Еңбекті сүю және қадірлеу/

  • Ыбырайдың еңбекті сүюге шақырған шығармасы: /Әке мен Бала/

  • Аз жұмысты қиынсынсаң,көп жұмысқа тап боларсың деген түйін айтылған шығарма / Әке мен Бала/

  • Ы.Алтынсариннің тәрбие,адамгершілік тақырыбындағы әңгімелері: /Әке мен бала,Бақша ағаштары/

  • Бай баласы мен жарлы баласы әңгімесінің авторы: /Ы.Алтынсарин/

  • Ы.Алтынсариннің өмір үшін күресудің жолын білмейтін, шыдамсыз, еңбекке икемі жоқ жанның болатынын көрсеткен әңгімесі: /Бай баласы мен жарлы баласы/

  • Біраз жүрген соң-ақ күн кеш болады және біраздан соң,ымырт жабылып,жол көрінбеді.Түн болған соң,балалар екеуі де қорқайын деді,-деген үзінді Ы.Алтынсариннің қай шығармасынан алынған? /Бай баласы мен жарлы баласы/

  • Ы.Алтынсариннің Бай баласы мен жарлы баласы әңгімесінің кейіпкерлері /Асан мен Үсен/

  • Пышақтың сыртымен қатты ұрып еді,от шығып, мақта тұтанды. Бұл эпизод алынған Ы.Алтынсариннің әңгімесі: /Бай баласы мен жарлы баласы/

  • Ыбырай Алтынсариннің прозалық шығармасы: /Бақша ағаштары/

  • Бағып-қағуда көп мағына бар деп,ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлу қажеттігін көрсеткен Ы.Алтынсариннің әңгімесі: /Бақша ағаштары/

  • Ы.Алтынсариннің Салақтық деген әңгімесіндегі Кәрім неліктен ауырып қалды? /тазалыққа мән бермегендіктен/

  • Ы.Алтынсариннің Қыпшақ Сейітқұл әңгімесінің негізгі түйіні:/Елді отырықшылыққа,егіншелікке үгіттеу/

  • Ы.Алтынсариннің Қыпшақ Сейітқұл әңгімесіндегі оқиға орны: /Торғайдағы Қабырға өзені/

  • Ы.Алтынсариннің ұрлық,барымтаның түбі қорлық екенін дәлелдеген туындысы: /Қыпшақ Сейітқұл/

  • Асыл шөп, Қыпшақ Сейітқұл, Бақша ағаштары, Бір уыс мақта әңгімелерінің авторы: /Ы.Алтынсарин/

  • Ы.Алтынсариннің Асыл шөп әңгімесінің кейіпкерлері /Зылиха мен Бәтима/

  • Зылиха мен Бәтима деген екі қыз бала төбесіне бір-бір жәшік жеміс көтеріп,қалаға қарай келе жатыпты-мыс.Зылиха аһлап-уһлеп,Бәтима күліп,әзілдесіп келе жатады...Үзінді Ы.Алтынсаринннің қай шығармасынан? /Асыл шөп/

  • Ыбырайдың еңбекті сүюге.оқуға,өнерге шақырған шығармасы: /Талаптың пайдасы/

  • Петр патша туралы айтылатын Ы.Алтынсариннің әңгімесі: /Талаптың пайдасы/

  • Ы.Алтынсарин әңгімесі бойынша талаптың пайдасын көрген адам:/суретші бала/

  • Еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі өзгеше болады,-дейтін Ыбырай әңгімелерінің кейіпкері: /Атымтай Жомарт/

  • Ы.Алтынсариннің халық аңызына жаңаша мазмұн берген әңгімесі: /Атымтай Жомарт /

  • Ыбырайдың үш адамның диалогына құрылған әңгімесі:/Таза бұлақ/

  • Ы.Алтынсариннің Таза бұлақ әңгімесінде:Бұлай болса,адамға да әбірет сол: Біреуге жақсылық етсең,ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе дегені болса керек,-деген сөздер бар.Осындағы әбірет сөзінің мәні/ Ғибрат,үлгі-өнеге/

  • Ыбыйрайдың әңгімелері : /Әке мен бала, Асыл шөп, Мейірімді бала, Қыпшақ Сейітқұл,бақша ағаштары,Силинчи ханым/

  • Ы.Алтынсариннің әңгімелері: /Қыпшақ Сейітқұл,Аурудан аяған күштіек,Таза бұлақ./

Ы.Алтынсариннің еңбек тақырыбындағы әңгімелері: /Атымтай жомарт,Қыпшақ Сейітқұл,Әке мен бала//***
Ыбырайдың еңбекті сүюге шақырған шығармалары: (4)Өрмекші,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   177




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет