Адамның психикалық күйін бағалау. Қорқыныш, қуаныш, алаңдаушылық, кернеулік (напряженность), былқылдақтық (расслабленность), ыза, абдырау (растерянность) күйлері кәсіби заңгерге көп информация береді.
Психикалық белгілерінің сыртқы белгілерін бақылау: дауыстың ырғағы, дауыс темпінін өзгеруі, көз қозғалысы және көру бағыты; жест пен поза, қолдың қозғалысы.
Визуалды психодиагностика – адамның сырт келбетін бақылай отырып, оның психологияның ерекшеліктерін анықтай алу қабілеті. Осы жүйенің негізгі принципі- адамның психикасын, оның денесінің ерекшеліктеріне назар аудара отырып аңықтауға болады. Адамның денесіне қарап, оның параметрлерін аңықтай отырып адамның психикалық күйін аңықтай аламыз (глобалды және локальды күйі).
Э. Кречмер мен У. Шелдон бойынша конституционалдық типтері. Э. Кречмер типологиясының негізгі идеясы-адамның дене бітіміне қарап оның психикалық ерекшеліктерін аңықтауға болады. Осыған байланысты автор дене бітіміне қаратай келесі дене типтерін ұсынады: астеникалық, пикникалық және атлетикалық типтері.
Н. Н. Обозов психологі мінез-құлықтың 3-компонентті құрылымын ұсынды. Бұл компоненттер арқылы адамның психикасы көрінеді. Бұл құрылым келесі компоненттерден тұрады: когнитивті (тынымдық, ойлаушы), аффективті (сезімтал, эмоционалды) және праксикалық (сенсорлы). Адымның мінез құлқында барлық 3 компоненттер көрінеді, бірақ олардың біреуі қалған екеуіне қарағанда басым болып табылады. Мысалы танымдық компоненттің басымдылығы «ойлаушы» типін құрайды, аффективті немесе эмоционалды-коммуникативті - «әнгімелесуші» типін көрсетеді, ал практикалық) - «практик» типін құрайды.
Тақырып 7 Заң тәжірибесінде психологиялық кеңес беру әдісін қолдану
Психологиялық кеңес беру - бұл психологтың кәсіби іс-әрекетінің бір
түрі. Психологиялық кеңес беру практикалық психологияда жалпы негізгі аймақ болып
табылады.
Психологиялық кеңес берудің негізгі әрекеті тек клиентпен жұмыс жасау: Ол ең
біріншіден, оның яғни клиенттің сенімінен шыға білу. Ал, екіншіден оны түсінуі керек.
Оның қиын проблемаларынын көңілді әрі оңай түрде шығуына көмектесіп, кеңестер,
бағыттар беріп отыруы керек. Кеңес беру психологиясы клиентпен жұмыс кезінде
клиенттің проблемаларының күрделілігіне қарай бірнеше сеанстарға созылуы мүмкін. Ең
алғашқы сеанс аясында психолог пен клиент арасында өзара әңгіме жүреді. Яғни, клиент
өзі жайлы баяндап, не алаңдататынын және қандай проблема мазалайтынын айтып береді.
Бұл 10 минуттан 30 минутқа немесе бір сағаттан екі сағатқа созылуы мүмкін. Ал,
психолог өз кезегінде клиентін ұқыпты тыңдап, проблемаларын талқылай бастайды. Сеанс
кезінде клиенттің проблемаларын практикалық түрде шешу және клиенттің жекелілігі
(тұлғалылығы) бағаланады. Кеңестер немесе ұсыныс кезінде клиентке қойылатын
талап: психолог- консультантқа сеніп, толықтай проблемаларын шешіп беретіндігіне сенуі
керек. Кеңес беру кезінде психолог әр-түрлі әдістерді де қолдануға болады.
Психологиялық кеңес беру практик- психологтың кәсіби іс-әреккетіндегі негізгі
бағыт: адамға танымдық деңгейі жоғары, өзіндік таңдалған өмірлік стратегиясын жүзеге
асыра алатын, өзз өміріне жауапты тұлға ретінде қалыптастыру. Психологиялық кеңес
беру психотерапиядан шартты түрде бөлініп шыққан ғылым саласы. Себебі, кеңес беру
кезінде психотерапиялық әдіс тәсілдер жиі қолданылады.