Байланысты: 1 Б лім. Психологияда ы лтты сананы алыптастыру контекстіндег
Г. И. Челпанов (1862-1936) Психология институтының негізін қалаған. Оның ең негізгі қызметі Россиядағы институтты жарыққа шығарды. 1885ж. В.М. Бехтерев (русский физиолог, психолог, психиатр, невропатолог) Россиядағы эксперименталды лабораторияны ұйымдастырды (ашқан) психиканың іс-әрекет рефлекторлы концепциясын ашқан. Эксперименталды бағыттағы психологияның обьективті әдісінің зерттеуін дамытты. И.П.Павлов (1849-1936) шартты рефлекторлық организмдегі іс-әрекетпен байланысты. Оның жұмыстары психикалық іс-әрекеттегі физиологияны түсінуге көмектесті.
Психикаға деген материалистік көзқарастың дамуы ағылшын сенсуалистері: Т.Гоббс (1588-1679), Д. Гартли (1705-1757), Д. Пристли (1733-1804), және француз энциклопедистері: Д. Дидро (1713-1784), П. Гольбах (1723-1789), К. Гельвици (1715-1771) еңбектерінде айқын аңғарылады.
Психология-мінез-құлық туралы ғылым. Бихевиоризм (ағылшынша-«мінез-құлық») бағытының негізін салушы американ психологы Дж Уотсон (1873-1958). 1913 жылы Уотсонның психологияны мінез-құлық жөніндегі ғылым деп қарастырған кітабы жарық көрді. Оған психика да емес, сана да емес, сырттан бақыланбайтын, адамның қозғаушы жауап қайтаруларының жиынтығы ретінде түсіндірілетін мінез-құлық енді. Субьективтік әдістің (интроспекцияның) орнына – обьективті әдісті пайдалануды қажет деп жариялады. Қоршаған ортаға бейімделуші тіршілік иесінің мінез-құлқын зерттеуді психология міндеті деп білді. Бір онжылдың ішінде ғана бихевиоризм бүкіл әлемге таралды және психология ғылымының ең басты ықпал етуші бағыттарының біріне айналды. Расында да, мінез-құлықты бақылай отырып, біз шындығында обьективті фактілерді зерттейміз, бірақ мұндай обьективтік алдамшы немесе біздің әрбір қылығымыздың, мінез-құлық актілеріміздің артында біздің ойымыз, сезіміміз, тілектеріміз тұрады. Ойды, сезімді, ниетті білмей тұрып, мінез-құлықты білу мүмкін емес. Зерттеу пәні өзгерді (сананың орнына мінез-құлық алынды), сөйтіп жаңа ғылыми тіл пайда болды. «Сана», «түйсік», «қабылдау», «ерік» деген және басқа терминдер ғылыми мазмұны жоқ сөздер ретінде жоққа шығарылды. «Стимул» (сыртқы орта қоздырғышы), «реакция» (организмнің қозуға қайтаратын жауабы) және стимул мен реакция арасындағы «байланыс» (ассоциация, коннексия) негізгі психологиялық ұғымдарға айналды. Сондықтан да бихевиоризмді көбінесе стимул-реактивті теория немесе С-Р ассоцианизмі деп атайды, адам мінез-құлқында туа біткен ештеңе жоқ және оның кез келген көрінісі – сырттан ынталандырудың өнімі деп айтты. Ол мінез-құлық ұғымына бір жақты ғана мағына берді, яғни ғылымды «психикасыз психологияға» айналдырды.