2. Конфуций: адамгершіліктің алтын қағидасы Конфуций (лат. Confucius, қыт. 孔子, немесе қыт. 孔夫子, "Коң әулие"; бзд.551-бзд.479) — көне қытай ойшылы болып, оның ілімі мен философиясы көне Қытай мәдениетіне, сондай-ақ Корея, Вьетнам және Жапония мәдениеттеріне үлкен ықпал еткен.
Конфуций өз ілімін адамқұндылығына бағыттаған. Ол – алғаш рет адамның кісілік тұлғасы туралы ой қозғаған философ.
– Адам тумысынан жаман болып тумайды, оны жаман да, жақсы да ететін өскен ортасы, – дейді ол.
Ендеше, оның пәлсапалық ойларына бір сәт назар аударып көрелік.
«Егер патша өзінің ақ пейілін адамгершілік істерімен дәлелдемесе, онда халық оған сенім білдірмейді, ал халықтың сенімін ақтамаған патшаға адамдар бағынбайды.
Данышпан патшалық құрған кезде барлық жерде бейбітшілік болады.Данышпандық адамдарға қатысты өз парызын шынайы адалдықпен орындаудан тұрады.
Білімшыңына үш жол апарады: ойлау жолы – бұл игі әрі қайырымдылық жол, Ұқсауға тырысу мен еліктеу бұл – жеңіл жол, Тәжірибе жинау жолы – ең құдіретті әрі абыройлы биік жол.
Егер біреудің тірі жүргенін көре алмасаң – онда сенің жеңілгенің.
Егер елде тазалық пен әділеттілік болса, онда, іс-қимылың мен әрекетің еркін болады. Ал әділетсіздік тамыр жайған елде еркін жүргеніңмен, аузыңа ие болғаның дұрыс.
Біреуден кек алғың келсе, оған және өзіңе ор қаз.
Ақиқатында өмір сүру жеңіл, бірақ біз оны күрделендіріп жібереміз.
Ұстамсыздық – ұлы істі құрбандыққа шалады.
Қайырымды адам өзіне талап қояды, ал мәдениеті төмен адам өзгеге талап қойғыш келеді.
Үш нәрсені қайта оралту мүмкін емес: Уақыт, Сөз және Мүмкіндік. Сондықтан уақытты жоғалтпай, сөзіңді әркез сайлап ап, мүмкіндігіңді жіберме.
Миға ақыл-кеңес біртіндеп жиналады. Бірақ оны өз қажетімізге жаратпай, шөміштеп шашамыз.
Аздап болса да, мейірімді бола түссеңіз, өмірде ақымақтықты да көп жасамайсыз.
Адамдар бұрын өзін жетілдіру үшін ілім алатын, ал қазіргілер жұртты таңқалдыру үшін білім алады.
Үнсіздік – ұлы дос, ол саған ешқашан да опасыздық жасамайды.
Біз өз көзімізге сенеміз – бірақ оған сенуге болмайды; біз өз жүрегімізге де сенеміз – бірақ оған да сенуге болмайды. Есте сақтаңдар, ақиқатында адамды тану оңай емес!
Билеуші – билеуші, ал бағынышты – бағынышты, әке – әке, ал ұлдың– ұл болғаны дұрыс.
30.«Адамдар үшін адал қызмет алдым ба? Мінез- құлқымжұртқа жайлы ма? Достарыммен қарым-қатынаста адалмын ба? Маған үйреткенді қайталап айтып, өнеге алып отырамын ба?», – деп мен өзімнен күніне үш рет сұраймын.