1 Цикл уроков: Әйелдер жайлы қырық хадис


Оныншы хадис: Күйеулеріңе шүкірлік танытыңдар!



Pdf көрінісі
бет22/37
Дата27.09.2023
өлшемі243,74 Kb.
#110892
түріУрок
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37
Байланысты:
✨Әйелдер жайлы 40 хадис

21
Оныншы хадис: Күйеулеріңе шүкірлік танытыңдар!
ﻢﻠﺳو ﻪﻴﻠﻋ ﻪﻟا ﻠﺻ ‐ ﻪﻟا لﻮﺳر لﺎﻗ :لﺎﻗ ‐ ﺎﻤﻬﻨﻋ ﻪﻟا ﺿر ‐ سﺎﺒﻋ ﻦﺑا ﻦﻋ ‐:
«ﺮﻴﺸﻌﻟا نﺮﻔﻳ :لﺎﻗ ؟ﻪﻟﺎﺑ نﺮﻔﻳأ :ﻞﻴﻗ نﺮﻔﻳ ءﺎﺴﻨﻟا ﺎﻬﻠﻫأ ﺮﺜﻛأ اذﺈﻓ ،رﺎﻨﻟا ﺖﻳرأ,
ﻚﻨﻣ تأر ﻢﺛ ﺮﻫﺪﻟا ﻦﻫاﺪﺣإ ﻟإ ﺖﻨﺴﺣأ ﻮﻟ ،نﺎﺴﺣﻹا نﺮﻔﻳو ،ﺮﻴﺸﻌﻟا نﺮﻔﻳو
ﻂﻗ اﺮﻴﺧ ﻚﻨﻣ ﺖﻳأر ﺎﻣ :ﺖﻟﺎﻗ ﺎﺌﻴﺷ»
ﻪﻴﻠﻋ ﻖﻔﺘﻣ.
Ибн Аббастан (Алла оған разы болсын) риуаят етілген: «Алла Елшісі (оған Алланың
игілігі мен сәлемі болсын) былай деді:«Мен Тозақты мекендеушілердің
көпшілігінің әйелдер екенін көрдім. Өйткені, олар күпірлік танытты». Сонда
сахабалар одан: «Аллаға күпірлік пе?» - деп сұраған. Ол былай жауап берген:
«Күйеуіне деген күпірлік, күйеуіне деген күпірлік, өзіне деген жомарттыққа
күпірлік. Егер сен оған өмір бойы жақсы қарым-қатынас көрсетіп келсең, содан соң
бір күні ол [өзіне ұнамайтын] бірдеңе көрсе: «Мен сенен ешқандай жақсылық
көрмедім», - дейді»» (Әл-Бұхари мен Муслим).
Ибн Хәджәр «Әл-Фәтхта» осы хадисті түсіндіре келіп, мәлики мазһабының ұлы ғұламасы Ибн
әл-Араби әл-Мәликидің түсіндірмесін баяндайды:
ﺎﻤﻛ تﺎﻋﺎﻄﻟا نأ ﻦﻴﺒﻳ نأ ﻒﻨﺼﻤﻟا داﺮﻣ : ﻪﺣﺮﺷ ﻓ ﺑﺮﻌﻟا ﻦﺑ ﺮﺑ ﻮﺑأ ﺿﺎﻘﻟا لﺎﻗ
داﺮﻳ ﻻ ﺮﻔﻟا ﺎﻬﻴﻠﻋ ﻖﻠﻄﻳ ﺚﻴﺣ ﻦﻟ ، اﺮﻔﻛ ﻤﺴﺗ ﺻﺎﻌﻤﻟا ﻚﻟﺬﻛ ﺎﻧﺎﻤﻳإ ﻤﺴﺗ
ﺔﻘﻴﻗﺪﻟ بﻮﻧﺬﻟا عاﻮﻧأ ﻦﻴﺑ ﻦﻣ ﺮﻴﺸﻌﻟا ناﺮﻔﻛ ﺺﺧو : لﺎﻗ . ﺔﻠﻤﻟا ﻦﻣ جﺮﺨﻤﻟا ﺮﻔﻟا
تﺮﻣﻷ ﺪﺣﻷ ﺪﺠﺴﻳ نأ اﺪﺣأ تﺮﻣأ ﻮﻟ ‐ ﻢﻠﺳو ﻪﻴﻠﻋ ﻪﻟا ﻠﺻ ‐ ﻪﻟﻮﻗ ﻫو ﺔﻌﻳﺪﺑ
ةأﺮﻤﻟا تﺮﻔﻛ اذﺈﻓ ، ﻪﻟا ﻖﺤﺑ ﺔﺟوﺰﻟا ﻠﻋ جوﺰﻟا ﻖﺣ نﺮﻘﻓ ﺎﻬﺟوﺰﻟ ﺪﺠﺴﺗ نأ ةأﺮﻤﻟا
ﺎﻬﻧوﺎﻬﺗ ﻠﻋ ﻼﻴﻟد ﻚﻟذ نﺎﻛ ‐ ﺔﻳﺎﻐﻟا هﺬﻫ ﺎﻬﻴﻠﻋ ﻪﻘﺣ ﻦﻣ ﻎﻠﺑ ﺪﻗو ‐ ﺎﻬﺟوز ﻖﺣ
ﺔﻠﻤﻟا ﻦﻋ جﺮﺨﻳ ﻻ ﺮﻔﻛ ﻪﻨﻟ ﺮﻔﻟا ﺎﻬﻴﻠﻋ ﻖﻠﻄﻳ ﻚﻟﺬﻠﻓ ، ﻪﻟا ﻖﺤﺑ
«Әл-Қады Әбу Бәкір ибн әл-Араби өзінің шархында былай деген:«Автор құлшылықтың
имандылық деп аталғандығы сияқты, күнәлардың да күпірлік деп аталуы мүмкін екенін
түсіндірген. Бірақ, күнәлардың күпірлік деп аталуы Исламнан шығаратын күпірлік емес.
Кейбіреулер күйеуіңе деген шүкірсіздікті өзге күнәлардың арасынан бөліп алуда үлкен
даналық жатқандығын айтқан. Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):
«Егерде мен Алладан басқа біреуге сәжде жасауға рұқсат етер болсам, әйелдің еріне сәжде
етуін әмір етер едім», - деген сөзі соны меңзейді. Бұл айтылған сөздерде күйеудің құқығы
Алланың құқығымен байланыстырылған: егер әйел күйеуінің алдындағы маңыздылығы аса
жоғары міндеттеріне күпірлік жасаса, бұл оның Алланың алдындағы міндеттеріне
немқұрайлылық танытқандығын көрсетеді. Сол себепті де ондай күнә күпірлік деп аталған,
бірақ, ол адамды Исламнан шығармайды»».
Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл сөзінде бөлек қарастыруды және
зерделеуді талап ететін көптеген негізгі жайттар тұжырымдалған. Біздің тек бір айтарымыз,
бұл хадисте қолданылған «күпірлік» сөзі күнәнің ауырлығын білдіреді, бірақ, Исламнан
шығармайды.
Ендеше, неліктен әйелдің еріне деген рахметсіздігі күпірлік деп аталады? Қады Әбу Бәкір
Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл сөзінде Алла Тағалаға бағынудың


22
күйеуге бағынумен және Аллаға шүкіршіліктің еріңе деген шүкіршілікпен
байланыстырылғандығын айтып кеткен.
Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осы бірнеше сөзі – әйел психологиясы
мен жанұялық қарым-қатынастың терең қырларынан хабар беретін даналық пен білімнің көзі.
Сондай-ақ, бұл хадисте ерлерге ғибрат бар!
Егер сіздің өміріңіз «екінші жартыңыздың» БАРЛЫҚ қалауларын орындаудың таусылмайтын
талпыныстарына айналып бара жатса, мұның арты жақсылыққа апара қоймас: егер осыдан бір
жерде шалыс басып, жарыңыздың ойынан шықпай қалсаңыз, оның: «Сен мен үшін ештеңе
істеп жатқан жоқсың», - дегенін естуге мәжбүр боласыз.
Біздің ұстазымыз мүфтиИбраһим Десаи, оның берекесі сарқылмасын, осы хадисті баяндай
отырып, тағы бір шектен шығушылыққа жол беруге болмайтындығын айтқан, яғни, әйелді
ешқандай құқығы жоқ күң деп санамау керек. Шариғат әйел мен күңнің үкімдерін ажыратып
берген. Демек, олар бірдей емес. Сондықтан, отбасындағы жарасым екі шектің арасында
жатыр. Олар: жұбайының барлық наздарын орындап, қашан көрсең, әбігерде жүретін ер мен
күң сияқты күн кешетін әйел. Жанұя дегеніміз – ерлі-зайыптылардың бір-біріне қызмет етуі
(хидмат).
Бірақ, Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдер хақында олай айтқан
(хадисті қараңыз) себебі – әйелдер көп жағдайда күйеулерінің солар үшін тырысып-
тырымысып жасап жатқан дүниелерін «өзі солай болуы керек» дегендей, қалыпты жағдай
сияқты қабылдап, бағалай білмейді. Ал, шындығында, Шариғат бекіткен міндеттердің
шеңберінен шығатын қамтамасыз етудің барлық түрлері – еркектің әйеліне берген садақасы,
оған қоса, ердің сүйген жарымен өткізетін уақыты да – әйелге берілген садақа. Себебі, егер
біреудің бір әйелі бар болса, Шариғат бойынша, ол еркек онымен бір үйде тұруға міндетті
емес.
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Адамдарға рахметі жоқ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет