31. тифлопедагогика шығу тарихы Тифлопедагогика (гр. typhlos – соқыр және педагогика) – педагогика ғылымының көру қабілеті бұзылған балаларды оқыту және тәрбиелеу жөніндегі саласы.
Тифлопедагогиканың және соқырларды оқытудың негізін салған француз педагогы, белгілі ойшыл Д. Дидроның әріптесі әрі ісін жалғастырушы B. Гаюи (1745-1822) болып есептеледі. Гаюи Франция мен Ресейдегі соқыр- ларға арналған алғашқы мекемелердің негізін қалаушы. Соқырларды жүйелі түрде оқыту ғана емес, оларға деген қоғам көзқарасының гуманистік өзгеруі де осы В.Гаюи еңбегінің нәтижесі.
Луи Брайль (1809-1852) - үш жасында көруден қалған Париждегі ұлттық соқырлар институтының түлегі. Ол өсе келе тифлопедагогикамен айналысып, соқырларды оқыту жүйесін түбірімен өзгерткен жаңалық ашты. Оның б- нүктелік комбинацияларға негізделген рельефті жазу жүйесі әріптік, математикалық және басқа да соқырлардың еркін оқып жазуына мүмкіндік беретін символдардан тұрады. Брайль жүйесі бойынша кітаптар басып шығару 1852 жылы Францияда басталды. Ресейдегі Брайль жүйесі бойынша орындалған алғашқы кітап 1885 жылы жарық көрді.
Ресейдегі соқырлар оқитын алғашқы мекеме 1807 жылы Санкт-Петер- бургте ұйымдастырылды. Бұл оқу орнында балаларды құдай заңдарын білуге, ән айтуға, қол өнеріне үйрететін.
1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін соқыр балаларға арналған мектеп- тер халыққа білім беру жүйесінің құрамына енгізілді. 1928 жылы соқырларға арналған алғашқы кеңестік мектеп бағдарламалары пайда болды. 30 жылдардың аяғында Мәскеу, Ленинград қалаларында нашар көретіндер үшін алғашқы мектептер ашыла бастады. Тифлопедагогиканың бұл жаңа бағыты- ның негізін салушы Ю.Д. Жаринцева еді.
Жалпы білім беретін пәндердің тифлопедагогикалық әдістемесін жасап, соқырларды оқыту ісіне үлкен үлес қосқан ленинградтық профессор Б.И.Коваленко болды.
Көру қабілеті бұзылуының себептері мен салдарлары және олардың орнын толтыру мумкындыктеры
Тифлопедагогика (гр. typhlos – соқыр және педагогика) – педагогика ғылымының көру қабілеті бұзылған балаларды оқыту және тәрбиелеу жөніндегі саласы.
Көрудің бұзылуы туа біткен және жүре біткен себептерден болуы мүмкін.