1-деңгей Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы


Оқытудың белсенді әдістері



бет18/90
Дата18.12.2023
өлшемі281,06 Kb.
#140417
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   90
Байланысты:
дид ответы акмарал

Оқытудың белсенді әдістері – оқу материалын игеру үдерісінде оқушыларды белсенді ойлау және практикалық әрекетке итермелейтін әдістер. Белсенді оқыту мұғалімнің дайын білімдерді баяндауына, оларды есте сақтауы мен қайта жаңғыртуына емес, оқушылардың белсенді ойлау және практикалық әрекет үдерісінде өз бетінше білімдер мен біліктерді меңгеруіне бағытталған әдістер жүйесін пайдалануды білдіреді.
Белсенді оқыту әдістерінің ерекшеліктері олардың негізінде практикалық және ойлау әрекетіне ояту жатыр. Онсыз білімдерді игеруде алға жылжушылық болмайды. Оқытудың белсенді әдістерінің пайда болуы және дамуы оқытудың алдына оқушыларға білім ғана беріп қоймай, танымдық қызығушылықтар мен қабілеттердің, шығармашылық ойлаудың, өз бетінше ақыл-ой еңбегінің қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз ету т.б. жаңа міндеттер қойылуымен байланысты.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру – мамандардың басты мақсаты, талабы деп айтсақ болады.
Ол өзін — өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Сондықтан интербелсенді оқыту технологиясының бірі ретінде кейінгі кезде қолданысқа ене бастаған, жобалап оқыту технологиясына кеңінен тоқталсам:
Бағыттау. Ойынға қатысушылар мен эксперттерді дайындау кезеңі болып табылады. Оқытушы жұмыс тәртібін ұсынады, білім алушылармен бірге сабақтың басты мақсаты мен тапсырмаларын жасайды, оқу проблемасын құрастырады.
Ойын-сабақты өткізуге дайындық. Бұл ситуация, нұсқаулар, қойылымдар мен басқа да материалдарды оқыту кезеңі. Білім алушы сценарий жасайды, ойын тапсырмаларына, ережесіне, ролдерге, ойын бөлімдеріне, ұпай санау тәртібіне (ойын таблосы құрылады) тоқталады. Білім алушылар қосымша ақпарат жинайды, оқытушы ақылдасады, ойын барысы және мазмұны туралы өзара талқылайды.
Ойынды өткізу. Бұл кезеңде ойын процесінің өзі жүзеге асады. Ойын басталғаннан кейін ешкімнің оған араласуға және бағытын өзгертуге қақысы жоқ. Тек жүргізуші ғана қатысушының әрекетін бағыттап отырады, егер ол бастапқы мақсаттан ауытқып бара жатса. Оқытушы ойынды бастағаннан кейін, аса қажет болмаса оған қатынаспауы керек. Бұл жерде оқытушының міндеті; ойын әрекеттерін, нәтижелерін, ұпай санауды бақылау және түсініспеушілік болған жағдайда түсіндіру, білім алушылардың сұрағына жауап беру немесе өтініш бойынша оның жұмысына көмектесу.
Ойынды талқылау. Ойын нәтижесін талдау, талқылау және бағалау кезеңі. Оқытушы талқылау жүргізеді, оның барысында эксперттер сөйлейді, қатысушылар өз пікірлерін айтады, өз позицияларын және шешімдерін қорғайды, қорытынды жасайды, таңғалыстарын айтады, ойын барысында туындаған қиындықтары, идеясы туралы әңгімелейді.
Бұл технологияны пайдалану әр білім алушының іс-әрекетін сабақтастыруға, оның оқу әрекетін және тұлғалар арасындағы танымдық қатынастарын байланыстыруға мүмкіндік беретіні хақ.
Интербелсенді оқыту технологиясы бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру болып табылады



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет