1-деңгей Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы


Білім беру саласындағы нормативтік құжаттар



бет29/90
Дата18.12.2023
өлшемі281,06 Kb.
#140417
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   90
Байланысты:
дид ответы акмарал

24. Білім беру саласындағы нормативтік құжаттар
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы.
Білім беруді ұйымдастыру жүйесі.
1999 жылы 7 маусымда Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы қабылданды. Заң білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың төмендегідей негізгі қағидаларын орнатты:
ҚР азаматтары білім алуға тең құқылы.
Әрбір азамат үшін интеллектуальдық дамуы мен психофизиологиялық және жеке бастарының қажеттілігіне сәйкес, білімнің барлық саласының қолжетерлік болуы.
Білімнің зайырлылығы.
Жеке тұлғаның білімнің және дарынының дамуына жағдай жасау.
Оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі, білім алу жүйесінің үздіксіздігі.
Білім беру ұйымдарының меншік түріне, оқыту мен тәрбиелеу түріне, бағыттарына байланысты әртүрлі болуы.
Білім беру ұйымдарының өкілеттілігі және оны басқарудың демократиялық бағытта болуы.
Білім беру ізгілікті, әрі дамыту бағытын ұстануы керек.
Білімнің ғылыммен, өңдіріспен байланысы.
Оқушыларды кәсіптік бағытқа бейімдеу.
Білім беру саласының информатикаландырылуы.
Заң орта және бастауыш кәсіптік, сондай-ақ конкурстық негізде орта кәсіптік ақысыз білім алуға кепілдік береді, егер азамат осы деңгейлердің әрқайсысынын бірінші рет білім алса. Білім бағдарламалары үздіксіз және сабақтастық қағидалар негізінде білім берудің төрт деңгейін: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту 1-6 жас аралығында мектепке дейінгі оқыту орындарында немесе отбасында жүзеге асады. Мектепке дейінгі ұйымдарда, мектепте немесе отбасында 5-6 жасар балалар міндетті түрде мектепке дайындау жүргізілуі тиіс. Орта білім – жалпы орта (бастауыш, негізгі, орта) немесе кәсіптік (бастауыш, орта) білімді қамтиды.
Білім берудің мемлекеттік стандарттары.
Оқу орындарындағы ең маңызды нормативті құжаттардың бірі – білім берудің мемлекеттік стандарттары болып табылады, солардың негізінде жалпы және кәсіптік білім беру бағдарламалары жасалады. Стандарттар білім беру мекемелерінің барлық түріне міндетті болып саналатын және білім беру ісінің әрбір деңгейінің мазмұнына қойылатын талаптарды, оқушылар мен тәрбиеленушілердің оқыту жүктемелерінің көлемін, білім сапасын тексеретін мемлекеттік бақылау орындарының ережелерін, оқу бағдарламаларының орындалғанын дәлелдейтін құжаттарды анықтайды.
Білім берудің мемлекеттік стандарттарының негізгі қызметтері – азаматтардың толық білім алуы мен оның сапасын жоғарлатуы, Республикадағы оқыту кеңістігі бірлігі қызметтерін сақтау, білімнің гумандық қызметтері және оны басқару болып табылады. Білім берудің мемлекеттік стандарттары төмендегідей талаптарға жауап береді:

білім алушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін, жалпы мәдени ортаның жағдайын ескеру;


нәтижесін дұрыс мөлшерлеу;
білім беру салаларының және сатыларының сабақтастық стандарттарының ережелерін бұзбау;
жеке тұлғаны дамыту міндеттеріне сәйкес әрбір мектеп сатыларының ерекшеліктерін ескере отырып, білім мазмұнымен қамтамасыз ету;
білім мазмұнының оңтайлы түрін көрсету;
оқушы жастардың қызығушылығы мен бейімділігіне сәйкес мемлекеттің, аймақтық, мектептердің білім мазмұнын көрсету;
мектеп оқушыларының оқу жүктемесін мөлшерлеуге көмектесу;
тексеру жағдайында жылдам қызмет көрсету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет