1-деңгей Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы



бет32/90
Дата18.12.2023
өлшемі281,06 Kb.
#140417
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   90
Байланысты:
дид ответы акмарал

2. Қосалқы сабақтарға: оқу саяхаты, бригадалық – лабораториялық сабақ, консультация, конференция, жеке бағдарлама бойынша жұмыс істеу жатады. Ал, еңбек сабақтарында: тәжірибе алмасу, кеңесу, тәжірибені қорытындылау жатады. Шығармашылық – практикалық қызметте: симпозиум, көрме жұмысты қорғау кіреді. 
3. Көмекші сабақтарға: үлгермейтін оқушылармен жұмыс істеу, жеке және топтық қосымша сабақ, артта қалған балаларды репетитор арқылы қатарға қосу жатады. 
Сонымен, жоғарыда қарастырылған мәселелер оқыту жұмысын тек сабақ арқылы ұйымдастыру мүмкін еместігін көрсетеді. Сыныптық - сабақ жүйесінің негізгі кемшілігі – оқушылардың дара ерекшеліктерін дамытуға жеткілікті мүмкіндіктерінің болмауы – оқытуды ұйымдастырудың басқа жолдарын іздестіруге себеп болады. Сондықтан, оқушылардың сыныптық сабақтағы танымдық әрекетін дамыту, толықтыру және оқушылардың өзіндік шығармашылық белсенділіктерін, қабілеттерін арттыру мақсатында оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша түрлері қолданылады. Олардың қатарына семинар, экскурсия, факультативтік, қосымша, конференция сабақтары, өндірістік оқу, үйдегі оқу жұмысы, тәжірибелік-зертханалық (практикум) және пәндік үйірме жұмыстары, олимпиада, сынақ және емтихан, өзіндік жұмыс түрлерін жатқызуға болады. 
Семинар сабақтары көбінесе оқылған лекция тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейді. Тақырып сұрақтарына сай пікір алмасу, өз көзқарастарын дәлелдеу, мұғалімдерге оқушылардың оқу материалын қаншалықты меңгергенін, соған орай сенімдері мен түсініктерінің қалыптасқандығын бақылап, тексеріп, бағалап және бағыт – бағдар беріп отыруға мүмкіндік туғызады. 
Саяхат жұмысының мақсаты – оқушылардың сабақта алған теориялық оқу материалдарын практикамен жалғастыру және бекіту болып табылады. Сондықтан, оқыту процесінде оның мазмұны зор. Ол барлық оқу пәндерінде, әсіресе, дүниетану, табиғаттану және еңбек сабақтарында кеңінен қолданылады. Бұл оқушыларды оқу процесін бақылай білуге жаттықтырады және оқу материалын өмірмен байланыстыра алуға үйретеді. 
Саяхат сабағын өткізу орнына: мектептің алаңына, табиғат аясына, ауыл шаруашылығына, өндіріске, көрмелерге, музейге бару т.б. нысаналар жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет