1-деңгей Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы


Оқытудың инновациялық технологиясы



бет35/90
Дата18.12.2023
өлшемі281,06 Kb.
#140417
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   90
Байланысты:
дид ответы акмарал

29. Оқытудың инновациялық технологиясы
Қазіргі таңда, яғни ХХІ ғасырда жан-жақты, зерделі, талантты, адамгершілігі мол жеке тұлғаны қалыптастыру маңызды саналады. Қазақстандағы әрбір ұрпақтың келешекте дүниенің төрт түкпірінде бәсекеге қабілетті, құзіреттілігі жоғары маман болуы шарт екендігін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде қадап айтып келеді. Өркениетке бет бұрған жастар - болашақтың тірегі. Осыған орай білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. білім мен ғылымның мемлекет дамуына оңтайлы әсер етуі үшін дүниежүзілік кеңістікке ену, білім беруді демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай жаңартып отыр, оны бір-бірімен үйлестіре алу да басты мақсат. Осы тұрғыда, Елбасымыз Қазақстан халқына Жолдауында 10 бағыт бойынша іске асырылуы тиіс міндеттерді, оның ішінде адам капиталының сапалы өсуі ретінде білім берудің тиімді жүйесін құру, яғни оқу процесінде оқытудың заманауи тәсілдері мен технологияларын енгізу қажеттігін айтады. Сәйкесінше, білімге, білім беру жүйесіне, оны жүзеге асыратын педагог мамандарға қойылатын талаптарда тереңдейді. Жүсіпбек Аймаутов: "Сабақ беру - үйреншікті жай ғана нәрсе емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер", - деген екен. Сол себепті, мұғалім білім берудің тиімді жолдарын қарастыра білуге, оны дұрыс таңдай білуге міндетті.
Жоғарыда аталған мақсат-міндеттерді орындау үшін, білім, білік, дағдысы қалыптасқан мамандарды дайындау барысында атқарылатын барлық жұмыстар өзгереді. Атап айтсақ, білім беру мазмұны, тенденциялар,білім беру мадельдері барлығы өзгеріске түсіп, жаңаша бағытта өрбиді. Ал бұл өзгерістер педагогикада жаңа инновациялық технологиялардың пайда болуымен сабақтасады.
Оқытудың дәстүрлі "білім-тексеру-бағалау" түрлері біртіндеп білім берудің инновациялық технологияларына ауысуда.
"Инновация" ұғымын қарастырсақ, оған әртүрлі анықтамалар беріледі. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: "Инновация - нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея".
Инновация дегеніміз - жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз - тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни инновациялық үрдісті мазмұнды дамыту, жаңаны ұйымдастыру, қалыптастыруды анықтайды, ал "жаңаша" деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсіл мен технологияларын қамтитын құбылысты айтады.
Жалпы, педагогикалық инновация дегеніміз - бұл білім беру жүйесін жақсарту негізінде білім беру ортасында тұрақты элементтерді ендіретін, мақсатты өзгеріске бағытталған педагогикалық жаңалықты енгізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет