1-деңгей Органикалық синтезі пәнінің мазмұны мен мақсаты


Кеңейтілген төсенішпен жүретін адсорбцияылық хроматографиялық бөліну



бет46/72
Дата23.09.2023
өлшемі5,06 Mb.
#110001
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   72
Байланысты:
1-äå?ãåé Îðãàíèêàëû? ñèíòåç³ ï?í³í³? ìàçì?íû ìåí ìà?ñàòû

Кеңейтілген төсенішпен жүретін адсорбцияылық хроматографиялық бөліну
Кеңейтілген төсенішпен жүретін хроматографилық адсорбция (EBA) бағаны көбіне биохимиялық бөлу процесстерінде қолданылады. Ол кеңейтілген төсеніштің төменгі жағындағы кеуекті бұғаттаушы тор астыдағы өзін-өзі тазарту функциясы бар қысымды теңестіруші сұйық таратушыдан, кеңейтілген төсеніштің жоғарғы бөлігіндегі кері шаю арқылы тазаланатын шүмек механизмінен тұрады.
Кеңейтілген төсенішпен жүретін адсорбцияылық хроматографиялық бөліну - тазартылмаған, лас үлгіден нәруыздарды тікелей бөліп алудың ыңғайлы және тиімді әдісі. EBA хроматографиясында алдымен нығыздалған төсеніш теңестіруші буфердің жоғары қарай ағынымен кеңейтіледі. Содан кейін еритін нәруыздардың, ластаушы заттардың, жасушалар мен жасуша қалдықтарының қоспасы кеңейтілген төсеніш арқылы жоғары қарай өтеді. Бізге қажет нәруыздар адсорбентке жабысады, ал ластаушылар ары қарай өтеді. Жоғары қарай ағынға элюция буферін жіберген кезде қажетті нәруыздар кеңейтілген төсеніштен десорбциялана бастайды, немесе, егер ағынды кері айдаса, бөлшектер тез төменге нығыздалады, кейін оларға адсорбцияланған нәруыздарды элюция буферінің көмегімен элюциялап алуға болады. Элюция үшін қолданылатын режим (кеңейтілген режим не нығыздалған режим) үлгінің сипаттамасына байланысты таңдалады. Элюциядан кейін адсорбент белгілі бір еріткішпен тазаланып, келесі қолдануға не сақтауға дайындалады.
Жылжымалы фазаның күйіне байланысты әдістердің жіктелуі
Газ хроматографиясы
Газ хроматографиясы (GC), кейде газ-сұйық хроматографиясы деп те атайды (GLC) - жылжымалы фаза газ болып табылатын бөлу әдісі. Газды хроматографиялық бөлу әрқашан бағанда жүзеге асырылады, олар әдетте «толтырылған» немесе «капиллярлы» деп жіктеледі. Толтырылған бағандар - бұл газды хроматографияның қарапайым түрі, олар арзан әрі пайдалану оңай және көбінесе жеткілікті өнімділік береді. Капиллярлы бағандар әдетте әлдеқайда жоғары ажыратымдылық береді және қымбатқа түседі, әсіресе күрделі қоспалар үшін кеңінен қолданылады. Бағандардың екі түрі де адсорбент емес әрі химиялық инертті материалдардан жасалған. Тот баспайтын болат пен әйнек толтырылған бағандар жасауға, ал квартц пен балқытылған кремнезем капиллрлы бағандар жасауға қолданылады.
Газ хроматографиясы қатты немесе тұтқыр сұйық стационарлы фаза (көбінесе сұйық, кремний негізіндегі материал) мен жылжымалы газ (көбінесе гелий) арасындағы аналиттің таралу тепе-теңдігіне негізделген. Стационарлы фаза кіші диаметрлі (әдетте диаметрі 0,53 - 0,18 мм) әйнектен немесе ерітілген кремнийден жасалған түтікке (капиллярлық бағанның) немесе үлкен металл түтіктің (толтырылған бағанның) ішіндегі қатты матрицаға жабыстырылады. Ол аналитикалық химияда кеңінен қолданылады; GC-да қолданылатын жоғары температура биохимияда жиі кездесетін жоғары молекулалық массалы биополимерлер мен нәруыздарды зерттеуге жарамсыз етеді (себебі, жоғары температура оларды денатурациялайды), ол мұнай өнімдерін зерттеуде, экологиялық мониторинг және экологияны қалпына келтіруөнеркәсіптік химия салаларында қолдануға қолайлы. Ол зерттеуші химия салаларында да кең қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет