40.Қарасан ауруының диагнозы және дифференциалдық диагнозы. Қарасан (Gangrena emphysematosa, эмфизематозный карбункул) – жіті өтетін, жұғымтал емес, бұлшық еттердің басып көргенде сықырлайтын қабынуы арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру. Қарасан – ірі қараның бұлшық еттерін зақымдап, дененін әр жерінен газды ісіктер пайда болғызатын жұқпалы ауру. Көбіне бұл індетке 4 жасқа дейінгі ірі қара шалдығады, қой малы сирек ауырады.
Балау қою үшін клиникалық-індеттанулық деректерді пайдаланып, патологоанатомиялық, бактериологиялық, биологиялық зерттеулердің нәтижелерін негізге алады. Зертханаға экссудат сұйығын, зақымданған бұлшық ет, бауыр, көкбауыр кесінділерін, жүректегі қанды жібереді. Материалды мал өлген соң 2-3 сағ. кешіктірмей алу керек. Қажет болған жағдайда 30-40% глицеринмен консервілейді.
Зертханада микроскопия жасап, бактериологиялық зерттеулер жүргізеді. Зақымданған ағзалардың суспензиясын немесе бір күндік өсіндіні теңіз тышқандарына жұқтырады. Материалда қарасанның қоздырушысы болса теңіз тышқаны 18-48 сағ. өледі. Өлексені сойып көргенде ағзаларында ауруға тән өзгерістер байқалады, ал ағзалардан және бауырдан сүйкеп алынған жағындыларда жеке және қосарланып жатқан түйіршікті немесе біртұтас боялған ірі таяқшаларды көруге болады. Осы арқылы жағындыда тізбек түзіп жататын басқа ауасыбағасыз микробтардан ажыратуға болады.
Қарасанды ең алдымен топалаңның карбункулезді түрінен және қатерлі домбығудан ажырату керек.
Достарыңызбен бөлісу: |